Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.10.12. N 934 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 шiлдедегi N 667
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 28, 275-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесiнде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Авиациялық-химиялық жұмыстарды жүзеге асыру үшiн тұлғада қосымша санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы болуға тиiс.".