Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің арасындағы Сот төрелiгі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдi жасасу туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы N 602 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң арасындағы Сот төрелiгi саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді жасасу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдiгінің арасындағы Сот төрелігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісiмдi жасасу туралы

      Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігінiң арасындағы қазiргi достық қатынастарды қолдау және құқықтық қатынастар саласында өзара тиiмдi ынтымақтастықты орнату мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң арасындағы Сот төрелiгі саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Оңалсын Исламұлы Жұмабековке оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң арасындағы Сот төрелiгi саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
2004 жылғы "___" __________
N _____ Жарлығымен    
мақұлданған       

Жоба  

  Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдiгінiң арасындағы сот төрелiгi саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм

      Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдiгi (бұдан әрi Тараптар деп аталатын) олардың арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастарды қолдау және сот төрелiгi саласында өзара тиiмді ынтымақтастықты орнату мақсатында мына төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптардың әрқайсысының азаматтары басқа Тараптың аумағында өз құқықтары мен оларды қорғауды қамтамасыз етуi, басқа Тараптың азаматтары үшiн көзделген сол шарттарда талап арыз және апелляциялық шағымдар беруi, сондай қорғауды пайдалануды талап ете отырып осы басқа Тараптың сот төрелiгi органдарына жүгiну құқығын пайдаланады.

  2-бап

      Осы Келiсiмнiң 1-бабының ережелерi осы заңды тұлғаларды құру және олардың мақсаты Тараптардың әрқайсысының негізгi заңдарына (Қазақстан Республикасы үшiн белгiленген тәртіппен қабылданған нормативтiк құқықтық актілердiң жиынтығы - заңнамаға) қайшы келмеген жағдайда осы, Тараптың аумағында белгiленген тәртiппен құрылған заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

  3-бап

      Тараптардың әрқайсының азаматтары басқа Тараптың аумағында осы басқа Тараптың заңдарына cәйкec азаматтық, коммерциялық, қылмыстық және өзге де мәселелер бойынша сот көмегiн алу құқығын осы басқа Тараптың азаматтарымен тең дәрежеде пайдаланады.

  4-бап

      Сот көмегін көрсету туралы өтiнiштi жiбергенi және оны алғаны, сондай-ақ тапсырманы орындағаны үшiн қандай да болмасын материалдық өтемдер өндiрiлмейдi. Мұндай тапсырмаларды орындау шұғыл тәртіппен жүргізiлетiн болады.

  5-бап

      Тараптардың Әділет министрлiктерi осы Келiсiмнiң ережелерi бойынша тiкелей бip-бipiнe жәрдемдесу туралы сұрау салуларды жiбереді және әрбiр Әділет министрлiгi мына төмендегiлердi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдарын белгiлейді:
      1) егер тапсырманы берушi сұрау салынған Тараптың аумағында тұрмаса, сот көмегiн көрсету туралы тапсырмаларды қабылдайды және оларды қарайды;
      2) басқа Тараптың сот төрелiгі органдары немесе құзыретті органдары жiберген сот тапсырмаларын қабылдайды және орындайды;
      3) басқа Тараптың құзыреттi органдары жiберген сотқа шақыру қағаздарын қабылдайды және құжаттарды бepeді әрi олардың орындалуымен айналысады.

  6-бап

      Азаматтық, коммерциялық iстерге және азаматтық жағдайлар жөнiндегі iстерге қатысты талаптарды бepуді немесе сот және өзге де құжаттарды осы Тарапта белгiленген тәртіпке сәйкес бiр Тараптың құзыреттi органынан басқа Тараптың құзыреттi органына тiкелей бepуді жүзеге асырады немесе Тараптардың бiрiнiң аумағында тұратын тиiстi адамдарға жiберiледі.

  7-бап

      Хабарлама жасалуға немесе тапсырылуға жататын сот және өзге де құжаттарда мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
      1) сот немесе өзге де құжатты берушi органы;
      2) құжаттың түрі;
      3) сот және өзге де құжаттар тапсырылатын адамның аты, айналысатын қызметi, мекен-жайы, ұлты, тұратын жерi, заңды тұлғаның мекен-жайы, егер осындай болса оның заңды өкiлiнiң атауы мен мекен-жайы көрсетiлген толық деректер;
      4) тапсырманың сипаты мен негіздемесi; қылмыстық iске жасалған қылмыстың нақты жағдайлары мен қылмыстың осы түрi үшiн қолданылатын жауапкершiлiгi туралы мәлiметтер қоса берiледі.

  8-бап

      1) Сұрау салынған Тараптың құзыреттi органының құжаттарды бepу жөнiндегi мiндетi оларды шақыру қағазы табыс етiлетiн адамға берумен шектеледі, бұл peттe адам құжаттың көшiрмелерiне қолын қоюға және тапсырылған күндi көрсетуге; немесе сұрау салған Тараптың құзыреттi органына осы тапсырманы орындаудың тәсiлi мен құжаттар тапсырылған адамды, орындалған күнiн (немесе тапсырманың орындалмау себептерi) көрсете отырып хабарлауға тиiс. Хабарлау талап етiлген алушының қолы қойылған құжаттардың көшiрмесi немесе оның құжаттарды алғаны туралы қолхаты тікелей сұрау салған Тараптың құзыретті органына жiберiледі;
      2) сот және басқа да құжаттарды тапсырғаны үшiн сұрау салынған Тарап қандай да болмасын материалдық өтемдердi төлетуге құқығы жоқ.

  9-бап

      Тараптардың әрқайсысының сот төрелiгi органы басқа Тараптың сот органдарына қаралатын талапқа, атап айтқанда азаматтық, коммерциялық, қылмыстық iстер мен азаматтық жағдай туралы iстер бойынша куәлардан жауап алуға, сарапшылардан есеп алуға және оларды талқылауға қатысты сот iсiн жүргiзу туралы тапсырма жiбере алады.

  10-бап

      Сот iсiн жүргiзу туралы тапсырмада мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
      1) тапсырма беретiн органның атауы және тапсырма жiберiлетiн органның атауы;
      2) талап берушiнiң және жауапкердiң аты, олардың айналысатын қызметтерiнiң түрi мен мекен-жайы;
      3) талаптың мәнi мен талапта жазылған нақты мән-жайлар туралы мәлiметтер;
      4) анықтауға жататын мән-жайлар мен қабылдауды талап ететiн шаралардың жазылуы;
      5) куә ретiнде жауап алынуға тиiс адамдардың аты-жөнi мен мекен-жайы;
      6) сот талқылауы өткiзiлетiн күн;
      7) қолы мен елтаңбалы мөр.

  11-бап

      Тараптардың әрқайсысы сот iсiн жүргiзу туралы тапсырмаларды осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес орындауға мiндеттеме алады. Орындаудан бас тартуға тек мынадай екi жағдайда жол берiледi:
      1) егер арыз сұрау салған Тарапта мемлекеттiк қызмет мүдделерiне және мемлекеттiк басқаруға қарсы қылмыс болып табылатын қылмысқа қатысты болса;
      2) егер тапсырманы орындау сұрау салынған Тараптың егемендiгi немесе қоғамдық тәртiбi мәселелерiне қатысты болса.
      Сот iсiн жүргiзу туралы тапсырманы орындаудан бас тартқан немесе қиындық туындаған жағдайда сұрау салынған Тарап тез арада сұрау салған Тарапты хабардар етедi, бұл ретте орындаудан бас тартуға немесе осыған қиындық келтiруге негiз болған себептердi көрсете отырып, құжаттарды қайтарады.

  12-бап

      Куәлардан жауап алу сұрау салынған Тараптың заңнамасына сәйкес жүргiзiледі.

  13-бап

      Куә немесе сарапшы олардың мәртебесiне байланысты оларға қарсы қолданылуы мүмкiн кез келген iс-әрекеттерден қол сұқпаушылықты пайдаланады, бұл туралы құзыреттi орган оларды жазбаша нысанда хабардар етуге мiндеттi. Осындай қол сұқпаушылық, егер олардың кетуi үшiн оларға қатыссыз себептер бойынша кедергі туындамаса, елден шығару туралы шешiм шығарылған сәттен бастап 30 күн өткен соң күшiн жояды.

  14-бап

      Тараптардың әрқайсысы сұрау салған Тарап (қажет болғанда) өтейтiн сарапшылардың қызметтерiне ақы төлеу мен шақырылған куәлардың шығындарын қоспағанда, сот көмегін көрсету кезiнде туындайтын шығыстарды көтереді. Шығыстар туралы мәлiметтер тапсырмамен бiрге жiберiледі.

  15-бап

      Тараптардың әрқайсысы сұрау салынған Тараптың үкiметiне қарсы немесе өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне байланысты айналысқан iстер бойынша оның лауазымды адамдарының бiреуiне қарсы шығарылған шешiмдердi қоспағанда, азаматтық, коммерциялық, қылмыстық iстер бойынша және азаматтық жағдайлар туралы iстер бойынша басқа Тараптың сот төрелiгi органы шығарған түпкiлiктi нысандағы шешiмдердi орындайды.

  16-бап

      Сот шешiмiн орындаудан толық немесе iшінара бас тарту мынадай жағдайларда қабылдануы мүмкiн:
      1) егер шешiм ислам шариғатының ережелерiне (Сауд Арабиясы Корольдiгi үшiн) немесе сұрау салынған Тараптың заңнамасына (Қазақстан Республикасы үшiн) қайшы келсе;
      2) егер шешiм сырттай шығарылса және жауапкер талап және сот шешiмі туралы тиiстi дәрежеде хабардар етiлмесе;
      3) егер осы iс бойынша түпкiлiкті шешiм процесс тараптарының арасында қабылданса және сұрау салынған Тараптың сот төрелiгi органымен орындауға сұрау салынса, немесе eгep ocы сәтте бұл Тарапта осы iс бойынша сол процесс тараптарының арасында талап болса және ол бойынша талқылау басталса;
      4) егер сұрау салынған Тараптың белгiленген халықаралық құқықтық құзыретiнiң тиiстi ережелерiне сәйкес келетiн құзыреті жоқ сот төрелiгi органы шешiм шығарса немесе осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес құзыреттiлердің қатарына жатпаса;
      5) егер шешiм сұрау салынған Тарап қатысушысы болып табылатын халықаралық конвенцияларға және келiсiмдерге қайшы келсе.

  17-бап

      Осы Келiсiмнiң 18 және 19-баптарында қарастырылған мәселелердi қоспағанда, шешiм шығарған Тараптың сот төрелiгi органы:
      1) егер оған қарсы талап ұсынылған сәтте жауапкердiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi осы Тараптың аумағы болып табылса;
      2) егер жауапкердiң оны ұсынған сәтте осы Тараптың аумағында заңды тұлғасы немесе филиалы болса және сот талқылауы осы заңды тұлғаның немесе филиалының қызметiне қатысты болса;
      3) егер талқылау осы Тараптың аумағында жүргiзiлетiн болса, шарттан тыс мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк жағдайларында;
      4) егер жауапкер осы Тараптың сот төрелiгi органының құзыреттілiгін орынды таңдауды тағайындау жолымен де, келiсiм жолымен де таныса, егер осы Тараптың жүйесi осындай Келiсiмге тыйым салмаса;
      5) егер жауапкер талап мәнi бойынша дауды қарайтын сот органына сот төрелiгiн жүргiзу туралы өтiнiш бермей-ақ, өзiн қорғауды ұсынса, құзыреттi болып есептеледі.

  18-бап

      Талап беру сәтiнде берушi азаматы болып табылатын Тараптың сот төрелiк органы егер сот талқылауы осы адамның әрекетке қабiлеттiлiгiне немесе оның азаматтық жағдайына қатысты болса, әрекетке қабiлеттiлiгi және азаматтық жағдайлары туралы iстерде құзыреттi болып есептеледі.

  19-бап

      Аумағында жылжымайтын мүлiк орналасқан Тараптың сот төрелiгi органы жылжымайтын мүлiк құқығына қатысты шешiм шығаруға құзыретті болып есептеледi.

  20-бап

      Сот төрелiгi органының шешiмiн орындау туралы өтiнiш Тараптардың екеуiнiң заңдарына сәйкес сот төрелiгi органдарына шешу үшiн жiберiледi. Бұл ретте мыналар онымен қоса жүруi тиiс:
      1) орындалуы талап етілетін шешiмдi шығарған сот төрелігі органы куәландырған сот шешiмiнiң көшiрмесi;
      2) шешімнiң түпкiліктi болып табылатыны және орындалуға жататыны туралы сот төрелiгi органының анықтамасы;
      3) "түпнұсқамен сәйкес" деген белгісi бар шешiм шығарған сот төрелігі органы куәландырған шешімді жариялау туралы құжаттың көшiрмесi немесе шешiмнiң тиiстi үлгiде жариялануы туралы сот төрелiгi органының анықтамасы;
      4) егер орындалуын қажет ететін шешiм сырттай шығарылған жағдайда, талқыланатын тарапқа тиiстi үлгi сот төрелiгi органына келуі туралы шақыру қағазы жiберiлгенiн растайтын анықтама.

  21-бап

      Сұрау салынған сот төрелiгi органының мiндетi шешiм мәнiне тоқталмастан, шешiмнiң Келiсiм шарттарына толық жауап беретiнiне куәлiк етумен шектеледі. Осы орган шешiмге, егер ол осы Тараптың аумағында шығарылғандағыдай орындау күшін беру үшiн қажеттi шаралар қабылдау туралы кесiм шығарады. Шешiмдi, егер ол бөлiктер бойынша орындауға жататын болса, толық немесе iшiнара орындауға жол берiледi.

  22-бап

      Осы Келiсiмнің тармақтарын сақтай отырып, басқа Тараптың сот төрелiгi органы шығарған төрелiк шешiмi орындау талап етiлетiн Тараптың бiрiнiң сот төрелiгi органының оған қатысты орындалуға жататын шешiм шығарылған талап мәнiн қайта қарау құқығы жоқ және мынадай мән-жайларды қоспағанда, орындаудан бас тарта алмайды:
      1) егер сұрау салынған Тараптың заңнамасы төрелiк жолымен талқылауды шешуге жол бермесе;
      2) егер төрелiк шешім қажеттi шарттарды немесе төрелiк шартын сақтай отырып шығарылмаса;
      3) егер төрешiлер келiсiм-шартқа немесе төрелiк ережелерiне немесе оған сәйкес шешiм шығарылатын заңнамаға сәйкес құзыреттi болып табылмаса;
      4) егер талқылау тараптарына белгiленген тәртiппен келу туралы тиiсті түрде хабарланбаса;
      5) егер төрелiк шешiм сұрау салынған Тараптың заңнамасына (Қазақстан Республикасы үшiн) немесе ислам шариғатына (Сауд Арабиясы Корольдiгi үшiн) қайшы келсе;
      6) егер төрелiк шешiм оны шығарған Тараптың заңдары бойынша түпкiлiктi болып табылмаса.

  23-бап

      Барлық құжаттар оларды бepген құзыреттi орган мен сот төрелiгi органының қолы қойылып, елтаңбалы мөрмен расталуға тиiс. Құжаттардың көшiрмесi құзыреттi органмен немесе сот төрелiгi органымен "түпнұсқамен сәйкес" деген белгiмен расталуға тиiс.

  24-бап

      Осы Келiсiмде көзделген сот көмегiн көрсету туралы өтініштер сұрау салынған Тараптың тiлiне аударылған екi көшірмесiмен қоса сұрау салған Тараптың тiлiнде жiберiледi.

  25-бап

      Осы Келiсiм бекiтiлген құжаттарды алмасқаннан кейiн 30 күн өткен соң күшiне енеді.

  26-бап

      Осы Келiсiм, егер Тараптардың бiреуi мерзiм аяқталғанға дейiн кемiнде 3 ай қалғанда басқа Тарапты хабарландыру арқылы өзiнiң Келiсiм мерзiмiн жаңартуды қаламайтыны туралы ниет білдiрмесе, үш жыл бойы қолданылады, ол өткен соң автоматты түрде келесi мерзiмге ұзартылады, ол осы Келiсiмнiң шеңберiнде ұсынылған тапсырмалардың орындалуына әсер етпейді.

      Осы Келiсiм __________ қаласында ________ жылы қазақ, араб және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқалық данада жасалды, олардың әрқайсысының күші бiрдей. Келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

       Қазақстан Республикасы үшiн    Сауд Арабиясы Корольдiгi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады