"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 865 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы N 603 қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 865 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 865 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң медальдары туралы" 2002 жылғы 7 мамырдағы N 865  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 136-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн";
      5) "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн";
      2-тармақ "3" деген саннан кейiн "3-1, 3-2" деген сандармен толықтырылсын;
      3-тармақ "6" деген саннан кейiн ", 6-1, 6-2" деген сандармен толықтырылсын;
      осы Жарлыққа 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес 3-1, 3-2, 6-1, 6-2 қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2004 жылғы "__" ________ 
N Жарлығына      
1-Қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2002 жылғы 7 мамырдағы 
N 865 Жарлығына   
3-1-Қосымша     

  "Бітiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiнiң сипаттамасы

      "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалi жезден жасалады және диаметрi 34 мм шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағында жоғарғы жақта ортада жер шарының бейнесi, төменде - қанатын жайған "бейбiтшiлiк көгершiнi" орналасқан. Жиектiң жоғарғы iшкi жағында "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" деген жазу орналасқан.
      Медальдiң тыс жағының ортасында "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi" деген жазу, төменгі жағында - тегiс екi қырлы сәуле шашқан бес бұрышты жұлдыз, күн және қалықтаған қыран орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер, жазулар бедерлi, алтын түстес. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақшаның және шығыршықтың көмегiмен сол жақ жартысы жасыл түстi, оң жағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы түстес жiбек муар лентамен қапталған енi 34 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрыш нысанындағы қалыпқа жалғанады.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2004 жылғы "__" ________ 
N Жарлығына      
2-Қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2002 жылғы 7 мамырдағы 
N 865 Жарлығына   
3-2-Қосымша     

  "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалiнiң сипаттамасы

      "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалi жезден жасалады және диаметрi 34 мм шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында қылышпен, садақпен, жебелi қорамсақпен және аттың жалынан жасалған шашақпен безендiрiлген ұзын найзамен айқастырылған қалқанның бейнесi, төменгі жағында - "қол алысу" нышаны орналасқан. Жиектiң жоғарғы iшкi жағында "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" деген жазу орналасқан.
      Медальдiң тыс жағының ортасында "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi" деген жазу, төменгі жағында - тегiс екi қырлы сәуле шашқан бес бұрышты жұлдыз, күн және қалықтаған қыран орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер, жазулар бедерлi, алтын түстес. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақшаның және шығыршықтың көмегімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы түстес жiбек муар лентамен қапталған енi 34 мм және биiктiгі 50 мм бес бұрыш нысанындағы қалыпқа жалғанады. Оған солдан оңға қарай қараушы жағынан ортасында қалыңдығы 4 мм-ден ақ, сары және жасыл түстi үш жiңiшке жолақ жүргiзiледi. Жолақтардың ара қашықтығы - 2 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2004 жылғы "__" ________ 
N Жарлығына      
3-Қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
2002 жылғы 7 мамырдағы  
N 865 Жарлығына    
6-1-Қосымша      

  "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн"
медалiмен наградтау
Ережесі

      1. "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшін" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiмен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жүргізiлетiн бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ басқа да адамдар мен басқа мемлекеттердiң азаматтары наградталады.
      3. "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiмен наградтау туралы өтiнiштердi ұсыну және қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарының бiрiншi басшылары айқындайды.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан "Бiтiмгершілiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары, әскери бөлiмдердiң командирлерi, соның iшiнде командирлер мен бастықтар (әскери басқару органдарының, мекемелердiң, әскери оқу орындарының), жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары (әскери комиссарлар) жүргiзедi.
      5. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгілде тиiстi куәлiк берiледi.
      6. "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалi наградталған адамдарға бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқан бөлiмшелердiң командирлерi жасаған және бекiткен тiзiмдердiң негiзiнде тапсырылады.
      7. "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалi кеуденiң сол жақ өңірiне "Мiнсiз қызметі үшiн" медалiнен кейiн тағылады, аталған медальға лента "Мiнсiз қызметi үшін" медалiнiң лентасынан кейiн жалпы планкада орналасады.

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2004 жылғы "__" ________ 
N Жарлығына      
4-Қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
2002 жылғы 7 мамырдағы  
N 865 Жарлығына    
6-2-Қосымша      

  "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн"
медалiмен наградтау
Ережесі

      1. "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалiмен халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға және жауынгерлiк достастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ басқа да адамдар мен басқа мемлекеттердiң азаматтары наградталады.
      3. "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалiмен наградтау туралы өтiнiштердi ұсыну және қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары айқындайды. Медальмен қайтадан наградтау жүргізiлмейдi.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары, әскери бөлiмдердiң командирлерi, соның iшiнде командирлер мен бастықтар (әскери басқару органдарының, мекемелердiң, әскери оқу орындарының), жергiлiктi әскери басқару органдарының бастықтары (әскери комиссарлар) жүргiзедi.
      5. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгiлде тиiстi куәлiк берiледi.
      6. "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалi кеуденiң сол жақ өңiрiне "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiнен кейiн тағылады, аталған медальға лента "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiнiң лентасынан кейiн жалпы планкада орналасады.

       РҚАО-ның ескертуі: Медаль эскиздерінің суретін қағаз мәтінінен қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады