Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы N 606 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсін:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      реттiк нөмiрi 39-жолдың 3-бағанында:
      "ақпарат қорғаудың техникалық құралдарын, ақпарат өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын әзiрлеудi, дайындауды, монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және оларға сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын техникалық қорғау жөнiндегi қызметтің барлық түрi" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 47-жолмен толықтырылсын:
"47. Қазақстан         ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын,
Республикасы           ақпаратты өңдеудiң  қорғалған техникалық
Премьер-Министрiнің    құралдарын жасауды, дайындауды, монтаждауды,
Кеңсесi                реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi
                       және оларға сервистік қызмет көрсетудi қоса
                       алғанда, Қазақстан Республикасының
                       мемлекеттiк құпияларын техникалық қорғау
                       жөніндегі қызметтің барлық түрлері".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады