Америка Құрама Штаттары Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Тәжiкстан Республикасының Yкiметi, Түркiменстан Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Сауда және инвестициялар саласындағы қатынастарды дамыту жөнiндегi негiздемелiк келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы N 609 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Америка Құрама Штаттары Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi, Тәжiкстан Республикасының Үкiметi, Түркiменстан Yкіметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда және инвестициялар саласындағы қатынастарды дамыту жөнiндегi негiздемелiк келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Америка Құрама Штаттары Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi, Тәжiкстан Республикасының Үкiметi, Түркiменстан Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда және инвестициялар саласындағы қатынастарды дамыту жөнiндегi негiздемелiк келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Америка Құрама Штаттарының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғызстан Республикасының Үкiметi, Тәжiкстан Республикасының Үкiметi, Түркiменстан Үкіметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда және инвестициялар саласындағы қатынастарды дамыту жөнiндегi негiзгi келiсiм

      Америка Құрама Штаттарының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Тәжiкстан Республикасының Yкiметi, Түркiменстан Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi (жеке тәртiппен "Тарап", ал жиынтығында "Тараптар"):
      1) елдер арасындағы достық байламдар мен ынтымақтастықтың pухын нығайтуға ниет бiлдiре отырып;
      2) елдер арасындағы сауда мен инвестициялардың қазiргi көлемiн одан әрi кеңейтуге ұмтыла отырып;
      3) халықаралық сауда мен инвестициялар үшiн ашық және болжанбалы ахуалды дамытуға жәрдемдесудiң маңыздылығын тани отырып;
      4) өңiрдегi сауда тосқауылдарын қысқарту өңiрмен және оның iшiндегi, сондай-ақ өңiр мен Ауғанстан арасындағы сауда қатынастарын ұлғайтатындығын және жақсартатындығын және тиiсiнше өңiрлiк тұрақтылыққа ықпал ететiндiгiн мойындай отырып;
      5) кейбiр Тараптардың Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына (ДСҰ) мүшелiгiн және басқа тараптардың ДСҰ-ға кiру ниетiн назарға ала отырып және осы Келiсiм ДСҰ-ны құру туралы Марракеш келiсiмiнiң ережелерiнен туындайтындар, сондай-ақ ДСҰ-ға қатысы бар немесе ДСҰ аясында жасалған өзара түсiнiстiк туралы келiсiмдер, меморандумдар және басқа да құжаттар қолданылатын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiне залал келтiрмейтiнiн атай отырып;
      6) әрбiр Тарап үшiн халықаралық сауда мен инвестицияларды ұлғайтудан туындайтын тиiмдiлiктi, сондай-ақ саудаға шек келтiретiн инвестициялық шаралар мен протекционистiк сауда кедергiлерi Тараптарды мұндай тиiмдiлiктен айыратынын мойындай отырып;
      7) iшкi, сол сияқты шетелдiк жеке инвестициялардың өсiмдi қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, сауданы кеңейту, технологияны жетiлдiру және экономикалық дамуды кеңейту iсiндегi басты рөлдi тани отырып;
      8) тiкелей шетелдiк инвестициялар әрбiр Тарапқа оң пайдасын әкелетiндiгiн тани отырып;
      9) Тараптар арасындағы жеке және iскер байланыстарды көтермелеуге және мұндайларға жәрдемдесуге ниет ете отырып;
      10) Екi жақты сауда қатынастары туралы келiсiмдi және 1992 жылғы 19 мамырда қол қойылған Америка Құрама Штаттарының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Күрделi қаржы салымын көтермелеу және өзара қорғау туралы шартты; 1992 жылғы 8 мамырдағы Екi жақты сауда қатынастары туралы келiсiмдi және 1993 жылғы 19 қаңтарда қол қойылған Америка Құрама Штаттарының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Күрделi қаржы салымын өзара көтермелеу және өзара қорғау туралы шартты; 1993 жылғы 1 шiлдеде қол қойылған Америка Құрама Штаттарының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Екi жақты сауда қатынастары туралы келiсiмдi; 1993 жылғы 23 наурызда қол қойылған Америка Құрама Штаттарының Үкiметi мен Түркiменстан Үкiметi арасындағы Екi жақты сауда қатынастары туралы келiсiмдi; 1993 жылғы 5 қарашада қол қойылған Америка Құрама Штаттарының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасында Екi жақты сауда қатынастары туралы келiсiмдi мойындай отырып;
      11) осы Келiсiм осы Кiрiспенiң 10-тармағында айтылған Келiсiмдердің талаптарынан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiне залал келтiрмейтiндiгiн атай отырып;
      12) Орталық-Азия елдерiнiң экономикасында және Тараптар арасындағы қатынастарда қызметтер рөлiнiң өскендiгiн тани отырып;
      13) Тараптар рыногына ауқымды қол жетiмдiлiкке Жәрдемдесу мақсатында тарифтiк емес кедергiлердi жою қажеттiгiн және осыдан туындайтын өзара тиiмдiлiктi назарға ала отырып;
      14) санаткерлiк меншiк құқықтарын баламалы және тиiмдi қорғауды ұсыну мен сақтауды қамтамасыз етудiң, сондай-ақ санаткерлiк меншiк құқықтары туралы конвенцияларға қатысудың және олардың ережелерiн сақтаудың маңыздылығын ғани отырып;
      15) әрбiр Тараптың еңбек заңнамасына сәйкес еңбекшiлердiң құқықтарын баламалы және тиiмдi қорғауды ұсыну мен сақтауды қамтамасыз етудiң және халықаралық ауқымда танылған негiзгi еңбек нормаларын сақтауды жақсартудың маңыздылығын мойындай отырып;
      16) тұрақты даму саясатын өмiрге енгiзу iсiнде сауда және қоршаған ортаны қорғау салаларында басшылық қағидаттар арасындағы өзара қолдау байланысын қамтамасыз етуге ниет бiлдiре отырып;
      17) осы Негiздемелiк келiсiм ДСҰ мүшелерiнiң Дохта қабылданған Даму бағдарламасын өмiрге табысты енгiзуге бағытталған күш-жiгерiн арттыру жолымен сауданың көп жақты жүйесiн нығайтуын тiлей отырып; және
      18) Тараптар арасында және Орталық-Азия Ынтымақтастығы Ұйымы арқылы сауда және инвестицияларды ырықтандыруды көтермелеу үшiн олардың арасында тетiк құру тиiстi Тараптардың мүшелерiнде болатындығын болжай отырып,
      осы мақсатпен Тараптар мыналар туралы келiседi:

  1-Бап

      Тараптар Осы Келiсiмнiң шарттарына сәйкес тартымды инвестициялық ахуал қалыптастыруға және сауданы тауарлармен және қызметтермен ұлғайтуға жәрдемдесетiн өздерiнiң ниетiн дәлелдейдi. Тараптар тауарлармен және қызметтермен алмасуды көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Тараптар арасында сауданы ұзақ мерзiмдi дамыту мен әртараптандыру үшiн қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету жөнiнде тиiстi шаралар қабылдайды.

  2-Бап

      Тараптар құрамына Тараптардың өкiлдерi кiретiн Американдық-Орталық Азия Сауда және инвестициялар жөнiндегi кеңес ("Кеңес") құрады. Орталық Азия республикаларының әрқайсысының тарапынан сауда және инвестициялар мәселелерiне жауапты Премьер-Министрдiң орынбасары немесе Министр төрағалық ететiн болады. Қазақстан Республикасы оның жауапты ведомствосы Индустрия және сауда министрлiгi болып табылатындығын көрсеттi. Америка тарапынан Сауда Өкiлiнiң Басқармасы ("AҚШ СӨБ") төрағалық етедi. Қажет болған жағдайда Тараптардың басқа да үкiметтiк ведомстволарының қызметкерлерi жұмысқа қатыса алады. Кеңес мәжiлiсi жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi және оларды өткiзу мерзiмдерi мен орындарын Тараптар келiсетiн болады.

  3-Бап

      Кеңестiң алдына мынадай мiндеттер қойылады:
      1) Сауда және инвестициялар саласындағы қатынастар мониторингiн жүргiзу, сауданы және инвестицияларды кеңейту жөнiндегi мүмкiндiктердi айқындау, сондай-ақ санаткерлiк меншiк, еңбек қатынастары мәселелерi сияқты саудаға немесе инвестицияларға байланысты мәселелер немесе қоршаған ортаны қорғау мәселелерi олар бойынша тиiстi форумда орынды болуы мүмкiн келiссөздер өткiзу.
      2) Тараптардың мүдделерiн қозғайтын күрделi қаржы салымы туралы тиiстi екiжақты шарттар шеңберiнен тыс туындайтын сауда және инвестициялар мәселелерi жөнiнде консультациялар өткiзу.
      3) Тараптар, сол сияқты Ауғанстан арасындағы сауда және инвестицияларды жүзеге асыру барысында кедергiлердi айқындау және оларды жою мақсатында жұмыс жүргiзу.
      4) Орынды жерде Кеңес қызметiне байланысты мәселелер бойынша тиiстi елдердегi жеке сектормен консультациялар өткiзу.

  4-Бап

      Кез келген Тарап Тараптар арасындағы күрделi қаржы салымдары туралы тиiстi екi жақты шарттың шеңберiнен тыс туындайтын кез келген сауда мәселесi бойынша немесе кез келген инвестициялар бойынша консультациялар өткiзу туралы мәселенi көтере алады. Консультациялар өткiзу туралы сұрау салуға талқыланатын мәселе жөнiнде жазбаша нысандағы түсiндiрме қоса берiледi, ал егер сұрау салатын Тарап неғұрлым кеш мерзiмге келiспеген болса, консультациялар сұрау салуды алған күннен кейiн 30 күн iшiнде өткiзiледi. Әрбiр Тарап басқа Тараптардың сауда немесе инвестициялық мүдделерiне терiс ықпал ететiн шаралар қабылданғанға дейiн консультациялар өткiзуге күш салады.

  5-Бап

      Осы Келiсiм Тараптардың iшкi заңнамасына немесе Тараптар қол қойған кез келген өзге де келiсiмдерден туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiне залал келтiрмейдi.

  6-Бап

      Осы Келiсiм оған Тараптар қол қойған күнi күшiне енедi.

  7-Бап

      Осы Келiсiм оның қолданылуын Тараптар бiрдей тоқтатқанға дейiн күшiнде қалады. Кез келген Тарап Келiсiмнен басқа Тараптарға бұл туралы жазбаша хабарлама бергеннен кейiн алты ай аяқталған соң шыға алады.
      Төменде қол қоюшылар, өздерiнiң тиiстi Үкiметтерi тиiстi түрде уәкiлеттiк бергендiгiн куәландыра отырып, осы Келiсiмге қол қойды.

      2004 жылғы _________ ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей.

       Америка Құрама Штаттарының        Қазақстан Республикасының
      Үкiметi үшiн:                     Үкiметi үшiн:

      Қырғыз Республикасының            Тәжiкстан Республикасының
      Yкiметi үшiн:                     Yкiметi үшiн:

      Түркiменстан Yкiметi үшiн:        Өзбекстан Республикасының
                                        Yкiметi үшiн:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады