Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Iшкi iстер басқармасы" мемлекеттік мекемесi оның құрамынан "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттік мекемесiн бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер Министрі