1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитетi құрылсын.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06.
N 310
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, тиiстi қажеттi материалдық-техникалық құралдардың және өзге де мүлiктiң Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитетiне берiлуiн қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
5. Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 16 маусымдағы
N 662 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитетi туралы
Ереже
Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 16 маусымдағы
N 662 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитетiнiң құрылымы
Ескерту. Құрылымның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310 қаулысымен.