Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 маусымдағы N 688 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.
N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Жануарлар мен өсiмдiктердiң жекелеген түрлерiн, олардың бөлiктерiн немесе бөлшектерiн Қазақстан Республикасына әкелудi және одан тысқары жерлерге әкетудi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Құрып кету қатерi төнген жабайы өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның (Вашингтон қаласы, 1973 жылғы 3 наурыз)" күшi қолданылатын жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерiн, олардың бөлiктерiн немесе бөлшектерiн Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      1 бағанда "Жабайы жануарлар, жабайы өсiмдiктер" деген сөздерден кейiн "(Құрып кету қатерi төнген жабайы өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның күшi қолданылатындарынан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
      1 бағанда "Піл сүйегi, маралдың мүйiзi, тұяғы, жас маралдың мүйiзi, маржандар және осыған ұқсас материалдар" деген сөздерден кейiн "(Құрып кету қатерi төнген жабайы өсімдіктер мен жануарлар түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның күшi қолданылатындарынан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады