1970 жылғы 1 қыркүйектегі тез бүлiнетiн тамақ өнiмдерiн халықаралық тасымалдау туралы және осы тасымалдарға арналған арнайы көлiк құралдары туралы келiсiмге (СПС) (бұдан әрi - Келiсiм) қатысушы мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен практикалық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасында оның талаптарын қолдануды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Келiсiмнiң 4-бабының 2-тармағын қоспағанда Келiсiмдi қолдану әрi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың (келiсiм бойынша) тез бүлiнетiн тамақ өнiмдерiн халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегі iс-қимылын үйлестiру үшiн жауапты Қазақстан Республикасының құзыреттi органы болып Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі тағайындалсын.
2. Келiсiмнiң 4-бабының 2-тармағын қолдану үшiн жауапты Қазақстан Республикасының құзыреттi органы болып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тағайындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын қабылданған шешiм туралы хабардар етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі