Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
"1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздік
туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы
Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары
туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы хаттаманы бекіту туралы
2003 жылғы 19 қыркүйекте Ялта қаласында жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келісімге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк
туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы
Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгi
қағидаттары туралы келiсiмге өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы
Хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарты Ұйымына қатысушы мемлекеттер,
олардың қарулы күштерi ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштерi мен құралдары құрамына енетiнi және Шарттың 4-бабын iске асыру мақсатында әскерлердің коалициялық (өңірлік) топтарына енгізiлуiнiң мүмкiндiгi туралы Ұжымдық қауiпсiздiк тұжырымдамасының ережелерiн және 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа (бұдан әрi - Шарт) қатысушы мемлекеттердің коалициялық стратегиясының негiзгі ережелерiн басшылыққа ала отырып,
Шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісiм (бұдан әрі - Келісiм) шеңберiндегi өзара іс-қимылдың тиiмдiлігін арттыруға ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Келісiмнiң 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
Егер тиiсті халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, әскери мақсаттағы өнiмдердi жеңiлдiк шарттарымен жеткiзудi 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартты іс жүзінде iске асыру мақсатында олардың ұлттық қарулы күштерiнiң мүддесінде Тараптар жүзеге асырады.
Көрсетілген жеткізілімдер олардың әскери-техникалық ынтымақтастығының субъектiлерi арасында жасасылған жеке келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша Тараптардың нормативтік-құқықтық актілерiне сәйкес жүргізiледi.
2-бап
Келiсiмнiң 6-бабының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Тараптар әскери мақсаттағы өнiмдi жеткiзетiн Тараптың алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз шетел мемлекеттерiне, жеке және заңды тұлғаларға немесе халықаралық ұйымдарға осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша жеңiлдiк шарттарында жеткiзiлген әскери мақсаттағы өнiмді әскери мақсаттағы сатпайды немесе бермейдi.
3-бап
Тиiсiнше келесi баптардың нөмiрлерiн өзгерте отырып, Келiсiм мынадай редакциядағы 10-нөмiрлi жаңа баппен толықтырылсын:
Тараптар қысқа мерзiмде Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесі көрсетiлген Тарапқа қарсы агрессия актiсiн жасау қаупі ретiнде бағалаған жағдай туындаған ретте немесе қатысушы мемлекет БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес жеке немесе ұжымдық өзін-өзі қорғауға өз құқығын қолданғанда немесе қатысушы мемлекет террорлық актілердiң объектiсi болғанда немесе өз егемендiгi мен аумақтық тұтастығына басқа да қатер төнгенде кез келген Тарапқа әскери-техникалық көмек көрсетедi. Әскери-техникалық көмек көрсетудiң қаржы-экономикалық шарттары Тараптарда бар мүмкiндiктерге сүйене отырып әрбір нақты жағдайда айқындалатын болады.
Әскери мақсаттағы өнімді жеткізу түрiндегi әскери-техникалық көмек тиiстi келiсiм-шарттар (шарттар) негізiнде жүзеге асырылады.
4-бап
Осы Хаттама Келiсімнің ажырамас бөлiгі болып табылады.
5-бап
Осы Хаттама Келiсiмнiң 14-бабында (жаңа нөмірде) көзделген тәртіппен күшіне енеді, бірақ бұл мемлекеттер үшiн 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгі қағидаттары туралы келiсiм шеңберінде жеткiзілетiн әскери мақсаттағы өнiмдерді мақсатты пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы Хаттама күшіне енгеннен ерте емес.
Бiр түпнұсқа данада орыс тiлінде жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған мемлекеттердің әрқайсысына оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарты Ұйымының Хатшылығында сақталады.
Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшiн
Беларусь Республикасы үшiн Ресей Федерациясы үшiн
Қазақстан Республикасы үшiн Тәжікстан Республикасы үшiн