"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 23 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2004 жылы мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына мақсатты инвестициялық трансферттердi пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
облыстық, Астана және Алматы қалаларының 2004 жылға арналған бюджеттерiнде тиiстi түсiмдердi, сондай-ақ мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына байланысты бағдарламалар бойынша шығыстарды көздейтiн тиiсті мәслихаттардың шешiмдерi қабылданғаннан кейiн 3 (үш) күнтізбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне мәслихаттардың көрсетiлген шешiмдерiн ұсынсын;
есептi айдан кейiнгi 8-күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне жұмыстардың барысы және мақсатты инвестициялық трансферттердiң пайдаланылуы туралы ай сайынғы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне (бағдарламаның әкiмшiсiне) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) бiр шаршы метр үшiн 350 (үш жүз елу) АҚШ долларынан аспайтын есеппен мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына Ережеде көзделген шарттар бойынша 2004 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттан 6 400 000 000 (алты миллиард төрт жүз миллион) теңге сомасында мақсатты инвестициялық трансферттер бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулының 3-тармағында көрсетiлген қаражатты жергiлiктi атқарушы органдарға оның iшiнде:
Ақмола облысына - 393 750 000 теңге;
Ақтөбе облысына - 393 750 000 теңге;
Алматы облысына - 393 750 000 теңге;
Атырау облысына - 393 750 000 теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 393 750 000 теңге;
Жамбыл облысына - 393 750 000 теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 393 750 000 теңге;
Қарағанды облысына - 393 750 000 теңге;
Қостанай облысына - 393 750 000 теңге;
Қызылорда облысына - 393 750 000 теңге;
Маңғыстау облысына - 393 750 000 теңге;
Павлодар облысына - 393 750 000 теңге;
Солтүстiк Қазақстан облысына - 493 750 000 теңге;
Оңтүстiк Қазақстан облысына - 393 750 000 теңге;
Астана қаласына - 393 750 000 теңге;
Алматы қаласына - 393 750 000 теңге бөлсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жергiлiктi атқарушы органдардың инвестициялық трансферттердi мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын бақылауды және үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 19 шілдедегi
N 769 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2004 жылы мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына мақсатты инвестициялық трансферттердi пайдалану
ережесi
1. Осы Ереже облыстар, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) 6 400 000 000 {алты миллиард төрт жүз миллион) теңге сомасында "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы
Заңында
көзделген 2004 жылы мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына мақсатты инвестициялық трансферттердi пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.
2. Мақсатты инвестициялық трансферттердi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне (бағдарламаның әкiмшiсiне) белгiленген тәртiппен бекiтілген 2004 жылға арналған республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөледi.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ұсынған ақы төлеу шотының негiзiнде және деректемелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мақсатты инвестициялық трансферттердiң бекiтiлген жалпы сомасын бөлуге сәйкес және белгіленген тәртiппен бекiтiлген "Мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үйiн салуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" республикалық бюджеттiк бағдарламасын қаржыландырудың жоспарына сәйкес сома аударылады.
4. Мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына тапсырысшы болып табылатын жергiлiктi мемлекеттiк мекемелер белгiленген тәртiппен мердiгер (бac мердiгер) ұйымдарға алдын ала ақы төлеудi жүргiзедi, ал кейiнгi есеп айырысуларды Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң аумақтық басқармалары растаған орындалған жұмыстар актiлерiнiң негiзiнде жүргiзедi.
5. Жергілiктi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға және бюджет заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
6. Мақсатты инвестициялық трансферттердi тиiсті жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруға уақтылы, мақсатты және тиiмдi пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жауапты болады.
7. Жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсті жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруға мақсатты инвестициялық трансферттердi игеру мониторингiн енгiзудi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi жүзеге асырады.