Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) арнайы мемлекеттік мұрағатын құру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің
(қаржы полициясы) арнайы мемлекеттік мұрағатын құру
туралы
"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына сәйкес және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) арнайы мемлекеттік мұрағаты құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті