"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 28 қарашадағы N 730 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 807 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 28  қарашадағы N 730  Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы
28 қарашадағы N 730 Жарлығына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы

      Қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 28 қарашадағы N 730  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 38, 488-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында:

      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлiмде:
      "Қаржыландыру көздерi" деген жолда:
      "254902,3", "1580,1" деген сандар тиiсiнше "233618,0", "1613,3" деген сандармен ауыстырылсын;

      көрсетiлген Мемлекеттік бағдарламаның 2-қосымшасында:
      8-кестеде:
      "Алты негiзгi бағыттар (8258 км)" деген 1-бөлімде:
      "Жолдар және жұмыс түрлерi" деген бағанның "қайта жаңарту" деген жолындағы "- автожол Астана - Петропавл" деген сөздер "- автожол Астана - Бурабай - Көкшетау - Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы (Қорғанға)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Көлемi" деген бағанда "2446", "538" деген сандар тиiсiнше "2 525", "617" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Шамамен алған шығындар (млн. теңге)" деген бағанда:
      "75 190" деген сандар "77 618" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Жиыны:" деген жолда "166241,3" деген сандар "168669,3" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Басқа да халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар (14753 км)" деген 2-бөлімде:
      "Қайта жаңарту" деген жол мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
___________________________________________________________________
  | - автожол Жақсы - Есiл - Бұзылық - Сұрған - | км | 339 |  9746
  |Әулиекөл - Қостанай                          |    |     |
  | - автожол Алматы - Өскемен                  | км | 1079| 50223
___________________________________________________________________

      "Көлемi" деген бағанда "371" деген сандар "1789" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Шамамен алған шығындар (млн. теңге)" деген бағанда "10666" деген сандар "70635" деген сандармен ауыстырылсын;

      "ЖИЫНЫ:" деген жолда "86 375" деген сандар "146344" деген сандармен ауыстырылсын;

      "БАРЛЫҒЫ" деген жолда "252 616,3" деген сандар "315013,3" деген сандармен ауыстырылсын;

      11-кестеде:
      "2001-2005 жылдары барлығы", "2004 жыл", "2005 жыл" деген бағандарда:
      "Республикалық бюджет, соның iшiнде:" деген жолда "254902,3", "1580145,3", "62094,0", "372713,0", "435394,9" деген сандар тиiсiнше "233618,0", "1613329,2", "40809,7", "295081,0", "546210,8" деген сандармен ауыстырылсын;

      "ағымдағы жөндеу және күтiп ұстау" деген жолда "12900,0", "80077,8", "3000,0", "18007,2", "21608,6" деген сандар тиiсiнше "13321,4", "92309,4", "3421,4", "24739,0", "27108,4" деген сандармен ауыстырылсын;

      "күрделі және орташа жөндеу" деген жолда "46214,0", "283771,7", "12000,0", "72028,8", "104735,9" деген сандар тиiсiнше "40614,0", "284676,3", "6400,0", "46276,2", "131393,1" деген сандармен ауыстырылсын;

      "салу және қайта жаңарту" деген жолда "105233,0", "644912,0", "27540,0", "165306,1", "261164,5" деген сандар тиiсiнше "91931,3", "649029,2", "14238,3", "102952,3", "327635,5" деген сандармен ауыстырылсын;

      "оңалту" деген жолда "88269,3", "556652,5", "19494,0", "117010,8", "47525,8" деген сандар тиiсiнше "84811,3", "567688,7", "16036,0", "115950,8", "59622,0" деген сандармен ауыстырылсын;

      "жол саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" деген жолда "286,0", "1794,7", "60,0", "360,1", "360,1" деген сандар тиiсiнше "340,0", "2350,6", "114,0", "824,3", "451,8" деген сандармен ауыстырылсын;

      "жол техникасын сатып алу" деген жолда:
      "2001-2005 жылдары барлығы" деген бағанда "2000,0", "12936,6" деген сандар тиiсiнше "2600,0", "17275,0" деген сандармен ауыстырылсын;

      "2004 жыл" деген баған тиiсiнше "600,0", "4338,4" деген сандармен толықтырылсын;

      "есеп бағамы доллар/теңге" деген жолда:
      "2004 жыл", "2005 жыл" деген бағандарда "166,6", "166,6" деген сандар тиісінше "138,3", "132,8" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады