"Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуын бақылауды жүзеге асыруға арналған мемлекеттiк комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 834 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуын бақылауды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

  Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының iске асырылуын бақылауды жүзеге асыруға арналған мемлекеттiк комиссияны құру туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асырудың тұрақты мониторингін және тиімділігін бағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 28 маусымдағы N 715  қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының орындалу барысын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының iске асырылуын бақылауды жүзеге асыруға арналған мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттiк комиссия) мына құрамда құрылсын:

Ахметов                       - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы              Премьер-Министрi, төраға

Жақсыбеков                    - Қазақстан Республикасының
Әдiлбек Рыскелдiұлы             Индустрия және сауда министрi,
                                төрағаның орынбасары

Омаров                        - Қазақстан Республикасының
Қайсар Оспанұлы                 Индустрия және сауда министрлiгі
                                Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетінiң
                                төрағасы, хатшы

      Мемлекеттік комиссияның мүшелерi:

Келiмбетов                    - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы                 Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                                министрі

Дунаев                        - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы              Қаржы министрі
 

  Лукин                         - Қазақстан Республикасының
Андрей Иванович                 Индустрия және сауда вице-министрi

Шөкеев                        - Астана қаласының әкiмi
Өмiрзақ Естайұлы

      2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк комиссия туралы epeжe бекiтілсiн.

      3. Мемлекеттiк комиссияның шешiмдерi барлық құрылыс салушылардың, құрылысшы мердiгерлiк компаниялар мен фирмалардың назарына алынады деп белгiленсiн.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2004 жылғы "___" ________ 
N ___ Жарлығымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының iске асырылуын бақылауды жүзеге асыруға арналған мемлекеттiк комиссия туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуын бақылауды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 28 маусымдағы N 715  қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламаның iс-шаралар жоспарының орындалу барысын және жоспарланатын көрсеткiштерiне (индикаторларына) қол жеткiзiлуiн бақылау арқылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Мемлекеттік бағдарлама) iске асырудың тұрақты мониторингiн және тиiмдiлігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында құрылды.
      2. Мемлекеттiк бағдарламаны тиiмдi iске асыруға бағытталған ұсыныстарды әзiрлеу Мемлекеттiк комиссияның мiндетi болып табылады.
      3. Мемлекеттiк комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актілерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актілердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Мемлекеттік комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен тұрады.
      5. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

  2. Мемлекеттiк комиссияның функциялары мен өкiлеттiктерi

      6. Мемлекеттiк комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Мемлекеттік бағдарламаны iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу және Мемлекет басшысына енгiзу;
      2) Мемлекеттік бағдарламаны iске асыру тиiмдiлiгiнiң мониторингi мен бағалау;
      3) Мемлекеттік бағдарламаны iске асыру мәселелері бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілiктi атқарушы органдары комиссияларының есептерiн қарау.
      7. Мемлекеттік комиссия өз құзыретi шегiнде:
      1) Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыруға қажеттi шешiмдер қабылдауға;
      2) өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарынан сұратуға;
      3) өз отырыстарында Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары комиссияларының есептерiн тыңдауға;
      4) қажет болған жағдайда Мемлекет басшысына Мемлекеттiк бағдарламаны одан әрi iске асыру туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

  3. Мемлекеттiк комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      8. Мемлекеттiк комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi, Мемлекеттiк комиссия төрағасының шешiмi бойынша ол ашық немесе жабық болуы мүмкiн.
      9. Мемлекеттiк комиссияның отырыстары Мемлекеттiк комиссияның мүшелерi жалпы санының үштен екiсi болған кезде заңды болады. Мемлекеттiк комиссияның мүшелерi оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
      10. Мемлекеттiк комиссияның шешiмдерi отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
      11. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттiк комиссияның мүшелерi болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
      12. Мемлекеттiк комиссияның төрағасы:
      1) Мемлекеттiк комиссияның қызметіне басшылық жасайды және оның отырыстарында төрағалық етедi;
      2) Қазақстан Республикасының Президентiн Мемлекеттiк комиссияның iстеген жұмысы туралы жарты жылда кемiнде бiр рет хабардар етедi.
      13. Төраға болмаған кезде оның мiндеттерiн төрағаның орынбасары атқарады.
      14. Мемлекеттiк комиссияның хатшысы:
      1) Мемлекеттiк комиссияның мүшелерін Мемлекеттiк комиссия отырыстарының уақыты мен орны туралы хабардар етедi;
      2) Мемлекеттiк комиссияның отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
      3) Мемлекеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізедi;
      4) Мемлекеттік комиссия шешiмдерiнiң уақтылы және сапалы орындалуын бағалай отырып, Мемлекеттiк комиссияның төрағасына істелген жұмыс туралы есеп бередi;
      5) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      15. Орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары Мемлекеттік комиссияға өзiне жүктелген мiндеттердi орындауына жәрдем көрсетуге мiндеттi.
      16. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстері жөнiндегі комитетi Мемлекеттiк комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады