Қарағанды қаласын сумен жабдықтау объектiсi болып табылатын "Су арнасы" ашық акционерлiк қоғамын оңалту рәсiмi мақсатына қол жеткiзiлмеуiне, ауыр қаржы-экономикалық жағдайына байланысты және "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы 2-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Су арнасы" ашық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) оңалту рәсiмiн тоқтатуға және конкурстық іс жүргiзуiн қозғауға бастамашылық жасасын.
2. Сот Қоғамды банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарған жағдайда мыналарды:
1) өндiрiстiң бірыңғай технологиялық кезеңін қамтамасыз ететiн және оның үздiксiз жұмысын жүзеге асыру үшiн қажетті Қоғамның меншiк кешенiн бiрыңғай лотпен (бұдан әрi - лот) аукцион нысанындағы конкурстық саудада сатуды;
2) әкiмшiлiк шығыстардың сомасынан және бiрiншi әрi екiншi кезектердегi кредиторлар талаптарының сомасынан төмен емес лотты сатудың ең төменгi бағасын белгiлеудi;
3) өндірістің технологиялық кезеңiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ете отырып Қоғамның банкрот рәсiмiн өткiзу және меншiк құқығы бiрыңғай лотты сатып алушыға өту сәтiне дейiн тұтынушыларды сумен жабдықтауды үздiксiз қамтамасыз ету үшін конкурстық басқарушыға шарттар жасасу құқығын берудi көздейтiн Қоғамның конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.
3. Бiрыңғай лотты сатып алушыға (бұдан әрi - сатып алушы) мынадай:
1) сатып алушының қызметтiң бейiнiн сақтау, тұтынушылармен бұрын қабылданған шарттар талаптарын және ұсынылатын қызметтер көлемiн орындау жөнiнде мiндеттемелер қабылдауын;
2) сатып алушыға заңнамада белгiленген тәртiппен тарифтi бекiту сәтiне дейiн Қоғамның су шаруашылығы және (немесе) кәрiз желiлерi жүйесiнiң қызмет көрсетулерiне арналған уәкiлеттi орган бекiткен тариф бойынша сатып алушы қызметiн жүзеге асыру;
3) Қарағанды қаласын сумен жабдықтау жүйесiн дамыту бойынша Қарағанды облысының әкiмдiгiмен және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Қарағанды облысы бойынша департаментімен келiсiлген инвестициялық бағдарламасының болуы;
4) Қоғам қызметкерлерімен еңбек шарттарының үздiксiздiгiн қамтамасыз етуiн және осы шарттар бойынша мiндеттемелер қабылдауын көздейтiн қосымша талаптар белгiленсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы