Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы N 856 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің үш әскери бөлімін Приозерск қаласына көшіруге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қарағанды облысының әкіміне Приозерск қаласына көшірілген әскери қызметшілерге арналған тұрғын үйді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына берешекті өтеу үшін 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою мен өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 89000000 (сексен тоғыз миллион) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады