Ақмола және Солтүстiк Қазақстан облыстарының борыштық мiндеттемелерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2004 жылғы 1 қазанға дейiн қабылдап алу-беру актiсiне қол қоя отырып, Еңбекшiлдер, Зерендi және Щучинск аудандарының және Көкшетау қаласының республикалық бюджет алдындағы 508158700 (бec жүз сегiз миллион жүз елу сегіз мың жетi жүз) теңге және 5954279 (бec миллион тоғыз жүз елу төрт мың екi жүз жетпiс тоғыз) АҚШ доллары сомасына борыштық мiндеттемелерiн Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi берсiн, ал Ақмола облысының әкiмi қабылдап алсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ақмола облысы жергілiкті атқарушы органының борыштық мiндеттемелерiнің көлемiне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген соманы қоссын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi