Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға қосылуы туралы"
Қазақстан Республикасы 1980 жылғы 3 наурызда Вена қаласында қол қойылған Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға қосылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Ядролық материалды физикалық
қорғау туралы конвенция
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,
барлық мемлекеттердiң атом энергиясын бейбiт мақсаттарда дамыту және қолдану құқығын және олардың атом энергиясын бейбiт мақсаттарда қолдану нәтижесiнде ықтимал пайда алуға заңды мүдделілiгiн мойындай отырып,
атом энергиясын бейбiт мақсаттарда қолдану саласында халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ету қажеттігiне қол жеткізе отырып,
ядролық материалды заңсыз басып алу және пайдалану нәтижесiндегi ықтимал қауiптi болдырмауды тiлей отырып,
ядролық материалға қатысты құқық бұзушылықтың елеулi алаңдаушылықтың нысанасы болып табылатындығына және осындай құқық бұзушылықтарды болдырмау мен анықтауды және ол үшін жазалауды көздейтін тиiстi және тиiмдi шаралар қабылдаудың өткір қажеттiгi бар екендігіне көз жеткізе отырып,
әрбiр қатысушы мемлекеттiң ұлттық заңдарына және осы Конвенцияға сәйкес ядролық материалды физикалық қорғау жөнiнде тиiмдi шаралар әзiрлеу мақсатында халықаралық ынтымақтастық қажеттігін сезіне отырып,
осы Конвенцияның ядролық материалды қауіпсiз орын ауыстыруға ықпал етуге тиiстігіне көз жеткізе отырып,
ядролық материалды физикалық қорғаудың оны елдiң өз iшiнде пайдалану, сақтау және тасымалдау кезiнде де маңызды екендігін атап көрсете отырып,
әскери мақсаттар үшін пайдаланылатын ядролық материалды тиiмдi физикалық қорғаудың маңыздылығын мойындай отырып, және ондай материал қатаң түрде физикалық қорғауда тұрғанын және сол күйiнде қала беретінін түсiне отырып,
төмендегiлер туралы келiсті:
1-бап
Осы Конвенцияның мақсаты үшін:
а) "ядролық материал" дегенімiз плутоний-238 бойынша 80%-тен асатын изотоптар шоғырланған плутонийдi қоспағанда, плутонийді, уран-235-тiң немесе уран-233-тiң изотоптарымен байытылған уран-233-тi, құрамына табиғатта рудадан немесе руда қалдықтарынан айырмашылығы бар нысанда кездесетiн изотоптар араласқан уранды және құрамында жоғарыда аталған элементтердiң бiрi немесе көпшiлiгі бар кез келген материалды бiлдiредi;
b) "уран-235-тің немесе уран-233-тің изотоптарымен байытылған уран" дегенімiз құрамында уран-235-тiң немесе уран-233-тің изотоптары бар уранды немесе осы изотоптардың жиынтық артық процентi уран-238-дiң изотоптарымен салыстырғанда уpaн-235 изотопының процентіне табиғатта кездесетiн уран-238 изотопының процентiмен салыстырғанда жоғары мөлшерде болатын екі изотопты білдiредi;
с) "ядролық материалды халықаралық тасымалдау" дегенімiз оны осы мемлекеттегі жөнелтушінің белгiлеуiмен жөнелтуден бастап, түпкiлiктi баратын мемлекеттегі алушы белгiлеген жерге келумен аяқталатын, жүк шығарылатын мемлекеттiң аумағынан тыс жiберiлетiн ядролық материал партиясын кез келген көлiк құралдарымен тасымалдауды бiлдiредi.
b) "уран-235 немесе уран-233 изотоптарымен байытылған уран",
с) "ядролық материалдарды халықаралық тасымалдау",
2-бап
1. Осы Конвенция бейбiт мақсаттарда пайдаланылатын және халықаралық тасымалдау процесiндегі ядролық материалға қолданылады.
2. 3 және 4-баптарды және 5-баптың 3-тармағын қоспағанда, осы Конвенция мемлекеттің өз iшiнде пайдалану, сақтау және тасымалдау кезiнде бейбiт мақсаттарға пайдаланылатын ядролық материалға да қолданылады.
3. Мемлекеттiң өз ішінде пайдалану, сақтау және тасымалдау кезiнде бейбiт мақсаттарда пайдаланылатын ядролық материалға қатысты 2-тармақпен қамтылған баптардағы қатысушы мемлекеттер өздерiне қабылдайтын арнайы мiндеттемелерден басқа, осы Конвенцияда ешнәрсе осындай ядролық материалды мемлекеттің өз iшiнде пайдалануға, тасымалдауға және сақтауға қатысты мемлекеттiң егемендi құқығын қозғаушы ретiнде түсiндiрiлмейдi.
3-бап
Әрбiр қатысушы мемлекет өзiнің ұлттық заңдарының шеңберiнде және халықаралық құқыққа сәйкес өз аумағының шегінде немесе өзiнiң құқықтық құзырымен әрекет ететiн кеменің немесе ұшақтың бортында ядролық материалды халықаралық тасымалдау кезiнде, егер сондай кеме немесе ұшақ осы мемлекетке немесе сол мемлекеттен тасымалдауға қатысатын болса, мүмкiндiгiне қарай, I қосымшада сипатталған деңгейде қорғалуды қамтамасыз ету үшін тиiсті шаралар қолданады.
4-бап
1. Әрбiр қатысушы мемлекет, егер осы қатысушы мемлекет осындай материалды халықаралық тасымалдау кезiнде оның I қосымшада сипатталған деңгейде қорғалатындығына кепілдiк алмаса, ядролық материалды экспорттамайды немесе экспорттауға рұқсат етпейдi.
2. Әрбiр қатысушы мемлекет, егер қатысушы мемлекет ядролық материалды халықаралық тасымалдау кезінде осындай материалдың I қосымшада сипатталған деңгейде қорғалатындығына кепілдiк алмаса, ядролық материалды импорттамайды немесе оны осы Конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын қайсыбiр мемлекеттен импорттауға рұқсат етпейдi.
3. Қатысушы мемлекет, егер осы қатысушы мемлекет халықаралық тасымалдау кезiнде осындай материалдың I қосымшада сипатталған деңгейде қорғалатындығына мүмкіндiк шегінде кепілдiк алмаса, осы Конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттер арасындағы құрлық бойынша немесе iшкi су жолдары бойынша немесе өздерiнiң әуежайлары немесе теңiз порттары арқылы ядролық материалды өз аумақтары бойынша транзиттiк тасымалдауға рұқсат етпейдi.
4. Әрбiр қатысушы мемлекет тасымалдануы осы мемлекеттiң бiр бөлiгiнен сол мемлекеттiң екіншi бөлігіне халықаралық су бойынша немесе әуе кеңiстiгi бойынша жүзеге асырылатын ядролық материалға I қосымшада сипатталған физикалық қорғау деңгейлерiн өзiнің ұлттық заңдары шеңберiнде қолданады.
5. Ядролық материал I қосымшада сипатталған деңгейлерде қорғалатындығына кепiлдiк алуға жауапты қатысушы мемлекет жоғарыда 1-3-тармақтарда жазылғандарға сәйкес, ядролық материалды солардың аумағы арқылы құрлық бойынша немесе ішкі су жолдары бойынша транзиттік тасымалдау көзделген немесе әуежайларына немесе теңiз порттарына ядролық материалмен кiру көзделген мемлекеттердi айқындайды және оларды уақтылы хабардар етедi.
6. 1-тармақта айтылатын кепілдiк алғаны үшін жауаптылық өзара келiсiм бойынша импорттаушы мемлекет ретінде тасымал жасайтын қатысушы мемлекетке берiлуi мүмкiн.
7. Осы бапта ешнәрсе әуe кеңiстігі мен теңiз аумағындағы егемендiгi мен құқықтық құзыретін қоса алғанда, мемлекеттің аумақтық егемендiгi мен құқықтық құзырын қайсыбiр дәрежеде қозғау ретiнде түсiндiрiлмейдi.
5-бап
1. Қатысушы мемлекеттер өзiнiң ядролық материалды физикалық қорғау мен қайтуы бойынша келiсiлген шараларға және ядролық материалды кез келген заңсыз орын ауыстыру, пайдалану немесе өзгерту жағдайындағы немесе осындай әрекеттердің нақты қаупi жағдайындағы жауап әрекеттерге жауапты орталық органы мен байланыс пунктiн айқындайды және бұл туралы бiр-бiріне тiкелей немесе Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің көмегiмен хабарлайды.
2. Ядролық материалды ұрлау, тонау жолымен басып алу немесе қандай да бiр басқа заңсыз басып алу немесе осындай әрекеттердiң нақты қаупi жағдайында қатысушы мемлекеттер өзiнiң ұлттық заңдарына сәйкес ынтымақтастықты барынша қамтамасыз етедi және осындай өтiнiш жасаған кез келген мемлекетке сондай материалды қайтаруда және қорғауда көмек көрсетедi. Атап айтқанда:
а) қатысушы мемлекет өзiнiң пiкiрi бойынша ядролық материалды кез келген ұрлауға, тонау жолымен басып алуға немесе қандай да бiр басқа заңсыз басып алуға немесе осындай әрекеттердiң нақты қаупіне ұшырады деп ойлаған басқа мемлекетке мүмкіндігінше тез хабарлау үшін, сондай-ақ қажет болса, халықаралық ұйымдарға хабарлау үшін тиiстi шаралар қолданады;
b) қажет болса, мүдделi қатысушы мемлекеттер қауiп төнген ядролық материалды қорғауды қамтамасыз ету, көлiк контейнерінің бүтіндiгiн тексеру немесе заңсыз басып алынған ядролық материалды қайтару мақсатында бiр-бiрiмен немесе халықаралық ұйымдармен ақпарат алмасады және:
i) өзiнiң күш-жігерiн дипломатиялық және басқа келiсiлген арналар бойынша үйлестiредi;
іі) егер ол сұралған болса, көмек көрсетедi;
ііі) жоғарыда аталған оқиғалар нәтижесiнде ұрланған немесе жоғалған ядролық материалдың қайтарылуын қамтамасыз етедi.
Осындай ынтымақтастықты жүзеге асырудың тәсiлдерiн мүдделі қатысушы мемлекеттер айқындайды.
3. Қатысушы мемлекеттер халықаралық тасымалдау процесінде ядролық материалды физикалық қорғаудың жүйесін ұйымдастыруға, пайдалануға және жақсартуға қатысты ұсыныстар алу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей немесе халықаралық ұйымның көмегiмен тиiстi дәрежеде ынтымақтасады және консультациялар жүргізедi.
6-бап
1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның ережелерiне орай немесе осы Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында жүргiзiлетін қызметке қатысу нәтижесiнде басқа қатысушы мемлекеттен өздерi алатын кез келген құпия ақпараттың құпиялылығын сақтау үшін өзiнiң ұлттық заңдарымен сыйысатын тиiсті шаралар қолданады. Егер қатысушы мемлекет халықаралық ұйымдарға ақпаратты құпия берсе, онда осындай ақпараттың құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету үшін шаралар қолданылады.
2. Осы Конвенцияның талаптары бойынша қатысушы мемлекеттерден олардың құқықтық заңдарына сәйкес таратуға құқығы жоқ немесе мүдделi мемлекеттердiң қауiпсiздiгiне немесе ядролық материалдың физикалық қорғалуына қауіп төндiретiн қайсыбiр ақпаратты беру талап етілмейдi.
7-бап
1. Әдейi жасау:
а) құзыретті органдардың рұқсатынсыз жасалатын, кез келген адамның өлiмiне әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн немесе оны елеулi жарақаттайтын немесе меншiгiне едәуір залал келтiретiн ядролық материалды алу, иелену, пайдалану, беру, түрiн өзгерту, жою немесе тозаңдату тәрiздi әрекеттер;
b) ядролық материалды ұрлау немесе оны тонау жолымен басып алу;
с) ядролық материалды алдау жолымен иеленiп кету немесе алу;
d) күш көрсетімiн деп қорқыту немесе күш қолдану жолымен немесе ядролық материалды бер деп қорқытудың қайсыбiр басқа нысандарының көмегiмен талап етудi білдіретiн әрекеттер;
e) қатер төндiру:
і) ядролық материалды кез келген адамды өлiмге әкеп соқтыру немесе оны елеулі жарақаттау немесе меншігiне едәуiр залал келтiру мақсатында пайдалану, немесе
ii) жеке немесе заңды тұлғаны, халықаралық ұйымды немесе мемлекетті қайсыбiр әрекет жасауға немесе одан қалыс қалуға мәжбүрлеу мақсатыңда "b" тармақшасында көрсетiлген құқық бұзушылықтарды жасау;
f) "а", "b" немесе "c" тармақшаларында көрсетiлген қайсыбiр құқық бұзушылықтарды жасауға әрекеттену;
g) "а" - "f" тармақшаларында көрсетiлген қайсыбiр құқық бұзушылықтарға қатысу тәрiздi әрекеттер,
әрбiр қатысушы мемлекеттiң өз ұлттық заңдары шеңберiнде жазалайтын құқық бұзушылықтар болып табылады.
2. Әрбiр қатысушы мемлекет осы бапта тізбеленген жасалған құқық бұзушылықтар үшін, осы құқық бұзушылықтардың елеулілiк дәрежесiн ескере отырып, жазалаудың тиiсті шараларын қолданады.
8-бап
1. Әрбiр қатысушы мемлекет 7-бапта көрсетiлген құқық бұзушылықтарға қатысты өзінің құқықтық құзырын белгілеу үшiн қажетті шараларды мынадай жағдайларда:
а) құқық бұзушылық осы мемлекеттiң аумағында немесе осы мемлекетте тiркелген кеменiң немесе ұшақтың бортында жасалғанда;
b) болжамданған құқық бұзушы осы мемлекеттің азаматы болып табылғанда қолданады.
2. Әрбiр қатысушы мемлекет осы құқық бұзушылықтарға өзiнiң құқықтық құзыры таратылуы үшін қажет болатын, болжамданған құқық бұзушы соның аумағында болған және ол оны 11-бапқа сәйкес 1-тармақта аталған бiрде бiр мемлекетке бермеген жағдайларда, осындай шаралар да қолданады.
3. Осы Конвенция ұлттық заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын кез келген қылмыстық құқықтық құзырды жоққа шығармайды.
4. 1 және 2-тармақтарда аталған қатысушы мемлекеттерден бacқа, әрбiр қатысушы мемлекет халықаралық құқыққа сәйкес 7-бапта жазылған құқық бұзушылықтарға қатысты экспорттаушы және импорттаушы мемлекет ретiнде ядролық материалды тасымалдаушы болып көрiнетiн өзiнiң құқықтық құзырын белгілей алады.
9-бап
Болжамданған құқық бұзушы соның аумағында болған қатысушы мемлекет, бұған жеткілікті негiз бар екендігіне көз жеткізгеннен кейiн оның сотқа келуiн қамтамасыз ету үшін немесе берiлуiн қамтамасыз ету үшiн қамауға алуды қоса алғанда, тиісті шаралар қолданады. 8-бапқа сәйкес құқықтық құзыр белгiлеу талап етілетін мемлекетке және қажет болған жағдайда, барлық басқа мүдделi мемлекеттерге осы бапқа сәйкес қолданылған шаралар туралы хабарланады.
10-бап
Болжамданған құқық бұзушы аумағында болған қатысушы мемлекет, егер ол оны бермесе, iстi осы мемлекеттiң заңдарына сәйкес сот талқылауы жолымен қылмыстық қуғындау мақсатында қандай да бір артықшылықтарсыз және кідіртулердi ақтауларсыз өздерінің құзыретті органдарына бередi.
11-бап
1. 7-бапта тiзбеленген құқық бұзушылықтар, қатысушы мемлекеттер арасында бар беру туралы кез келген келiсiмге енгiзiлген құқық бұзушыларды беруге байланысты құқық бұзушылықтар ретінде қарастырылады. Қатысушы мемлекеттер бұл құқық бұзушылықтарды өздерiнiң арасында жасалатын беру туралы барлық кейінгі келiсiмдерде бepугe байланысты құқық бұзушылықтар ретінде енгiзуге міндеттенедi.
2. Егер құқық бұзушыларды берудi осындай келiсiмнiң бар екендігімен негіздейтін мемлекет, өзi онымен беру туралы келiсiммен байланысты емес басқа қатысушы мемлекеттен беру туралы талап алса, ол осындай бұзушылықтарға байланысты беру үшiн ниеттенген жағдайда заңдық негіз ретінде осы Конвенцияны қарастыра алады. Беруге талап алған мемлекеттiң заңдарында көзделетін басқа ереже қолданылады.
3. Құқық бұзушыларды берудi келiсiмнiң барлығымен негiздемейтін қатысушы мемлекет, аталған құқық бұзушылықтарды, талап алған мемлекеттің заңдарында көзделетін ережелерге бағынатын беруге байланысты құқық бұзушылықтар ретінде өзара мойындайды.
4. Әрбiр құқық бұзушылық орын алған жерiнде ғана емес, сонымен бiрге 8-баптың 1-тармағына сәйкес олардан өзiнiң құқықтық құзырын қолдану талап етiлетін қатысушы мемлекеттердің аумағында да жасалған құқық бұзушылық ретiнде қатысушы мемлекеттер арасында жүзеге асырылатын беру мақсаттарында қарастырылады.
12-бап
7-бапта аталған кез келген құқық бұзушылықтарға байланысты өзiне қатысты сот талқылауы жүргізiлген кез келген тұлғаға сот талқылауының барлық кезеңiнде әдiл қарауға кепілдiк берiледi.
13-бап
1. Қатысушы мемлекеттер 7-бапта аталған құқық бұзушылықтарға қатысты қылмыстық сот талқылауына байланысты, өздерiнiң билігіндегi осындай сот талқылауы үшін қажет дәлелдемелердi беруді қоса алғанда, бiр-бiрiне барынша жәрдем көрсетедi. Барлық жағдайларда жәрдемдесу туралы өтiнiш алған мемлекеттiң заңдары қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесi қылмыстық iстер бойынша өзара көмекті толық немесе iшiнара реттейтін немесе реттей алатын екi жақты немесе көп жақты кез келген басқа шарт бойынша міндеттемелердi қозғамайды.
14-бап
1. Әрбiр қатысушы мемлекет өздерiнiң осы Конвенцияны өмiрге енгізуге қатысты заңдары мен қаулылары туралы депозитарийге хабарлайды. Депозитарий осы Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттерге осындай ақпаратты оқтын-оқтын жіберіп отырады.
2. Болжамдалған құқық бұзушыға қарсы қылмыстық қуғындау басталған қатысушы мемлекет, тiкелей мүдделі мемлекетке сот талқылауының түпкілікті нәтижесi туралы, мүмкiндiгiне қарай, бiрiншi кезекте хабарлайды. Қатысушы мемлекет сондай-ақ депозитарийге түпкілікті шешім туралы хабарлайды, ол барлық қатысушы мемлекеттерге хабар береді.
3. Егер құқық бұзушылық ядролық материалды мемлекеттің өз ішінде пайдалану, сақтау немесе тасымалдау кезiнде пайдалануға қатысты болса, ал болжамдалған құқық бұзушы және ядролық материал өзiне қатысты құқық бұзушылық жасалған қатысушы мемлекеттің аумағында қалса, осы Конвенцияда ешнәрсе қатысушы мемлекеттен осындай құқық бұзушылық туындайтын қылмыстық сот талқылауына қатысты ақпарат берудi талап ету ретінде түсіндiрiлмейдi.
15-бап
Қосымша осы Конвенцияның ажырамас бөлiгі болып табылады.
16-бап
1. Осы Конвенция күшіне енген күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн депозитарий осы Конвенцияның орындалуы туралы және оның кiрiспесiнiң, барлық жедел бөлiктерi мен Қосымшаларының осы сәттегi бар жағдайлардың талаптарына сәйкестігі туралы мәселенi қарау бойынша қатысушы мемлекеттердiң конференциясын шақырады.
2. Одан әрi Конвенцияға қатысушы мемлекеттердiң көпшiлiгi бес жылда бiр реттен асырмай, тиісті ұсыныспен депозитарийге жүгiне отырып, осындай мақсатпен келесi конференцияларды шақыра алады.
17-бап
1. Екi немесе бiрнеше қатысушы мемлекеттердің арасында осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты дау туындаған жағдайда, ондай қатысушы мемлекеттер дауласушы барлық тараптар үшін қолдануға болатын келiссөздер немесе дауларды реттеудiң кез келген басқа да бейбiт тәсiлдерi жолымен дауларды реттеу мақсатында бiрлескен консультациялар жүргізедi.
2. 1-тармақта көрсетiлген тәсілдермен реттеу мүмкiн болмаған осындай сипаттағы кез келген дау, осы дауға қатысушы кез келген тараптың өтінiшi бойынша шешім қабылдау үшiн төрелiкке берiледi немесе Халықаралық Сотқа жіберiледi. Дау төрелiкке берiлген жағдайда, егер өтінiш келiп түскен сәттен бастап тараптар дауға төрелiк талқылау ұйымдастыруға қатысты келiсiмге келе алмаса, тараптардың бiрi Халықаралық Соттың Төрағасынан Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысынан бiр немесе бiрнеше төрешi тағайындауды сұрайды. Дауға қатысушы тараптардың өтінiштерінің қарама-қайшылығы жағдайында Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жүгіну басымдыққа ие болады.
3. Кез келген қатысушы мемлекет осы Конвенцияға қол қою, бекiту, қабылдау немесе мақұлдау немесе оған қосылу кезiнде өзiн 2-тармақта көзделген дауды реттеудiң не бiр, не екi рәсiмдерiмен де байланыстымын деп есептемейтіні туралы мәлiмдей алады. Басқа қатысушы мемлекеттер осы рәсiмге қатысты ескерту жасаған қатысушы мемлекетке қатысты, 2-тармақта көзделген дауды реттеудiң қайсыбiр рәсiмiмен байланысты болмайды.
4. 3-тармаққа сәйкес ескерту жасаған кез келген қатысушы мемлекет осы ескертудi депозитарийге бұл туралы хабарлау жолымен кез келген уақытта алып тастай алады.
18-бап
1. Осы Конвенция барлық мемлекеттердiң қол қоюы үшiн Венадағы Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктiң Орталық мекемелерiнде және Нью-Йорктағы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерiнде 1980 жылғы 3 наурыздан бастап, күшіне енгенге дейін ашық болады.
2. Осы Конвенция оған қол қойған мемлекеттердiң бекітуiне, қабылдауына немесе мақұлдауына жатады.
3. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейiн оған барлық мемлекеттердiң қосылуы үшін ашық болады.
4. а) Осы Конвенция интеграциялық немесе өзге сипаттағы халықаралық ұйымдар мен өңiрлiк ұйымдардың қол қоюы немесе оған осы ұйымдардың кез келген осындай ұйымдар егемендi мемлекеттерден тұру және осы Конвенция қамтитын мәселелер бойынша келiссөздер жүргізу, халықаралық келiсiмдер жасау және қолдану саласындағы құзыреттi иелену шартымен қосылуы үшін ашылады.
b) Өздерінің құзыретiне кіретiн мәселелерде бұл ұйымдар құқықты жеке өз атынан жүзеге асырады және қатысушы мемлекеттерге осы Конвенциямен берілетiн міндеттердi орындайды.
с) Осы Конвенцияның қатысушысы бола отырып, мұндай ұйым депозитарийге мәлiмдеме жолдайды, онда қандай мемлекеттер оның мүшелерi болып табылатыны және оған осы Конвенцияның қандай баптары қолданылатыны көрсетiледi.
d) Ондай ұйым қатысушы мемлекеттердiң дауысына қосымша қайсыбiр дауысқа ие бола алмайды.
5. Бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға өткізіледi.
19-бап
1. Осы Конвенция бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы жиырма бірінші құжатты депозитарийге сақтауға берген күннен кейiн отызыншы күнi күшiне енедi.
2. Осы Конвенцияны бекітетін, қабылдайтын, мақұлдайтын немесе бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы жиырма бiрiншi құжатты берген күннен кейiн оған қосылатын әрбiр мемлекет үшін, Конвенция осындай мемлекетке бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өзiнiң құжатын бергеннен кейiн отызыншы күні күшіне енедi.
20-бап
1. Қатысушы мемлекет 16-бап үшiн залалсыз түзетудi осы Конвенцияға ұсына алады. Ұсынылған түзету депозитарийге жiберiледi, ол оны барлық қатысушы мемлекеттерге дереу салып жiбередi. Егер қатысушы мемлекеттердiң көпшiлiгi депозитарийден ұсынылған түзетулердi қарау үшiн конференция шақыруды талап етсе, онда депозитарий барлық қатысушы мемлекеттердi шақырады, ол шақыру жiберiлгеннен кейін кем дегенде отыз күн өткен соң ашылады. Конференцияда қатысушы мемлекеттердiң үштен екiсiнің көпшiлiк дауысымен қабылданған кез келген түзетудi депозитарий барлық қатысушы мемлекеттерге дереу салып жiбередi.
2. Түзету түзетудi бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатты сақтауға беретiн әрбiр жеке мемлекет үшін қатысушы мемлекеттердiң үштен екiсi өздерінің бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттарын депозитарийге сақтауға берген күннен кейiнгi отызыншы күні күшіне енедi. Осыдан кейін түзету кез келген басқа қатысушы мемлекет үшін осы мемлекет өзiнiң бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатын сақтауға берген күні күшiне енедi.
21-бап
1. Кез келген қатысушы мемлекет депозитарийге жазбаша хабарлау арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады.
2. Депозитарий хабарламаны алған күннен кейін сексен күн өткен соң күшін жою күшiне енедi.
22-бап
Депозитарий барлық мемлекеттерге:
а) осы Конвенцияға әрбiр қол қою туралы;
b) бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатты сақтауға әрбiр өткiзу туралы;
с) 17-бапқа сәйкес кез келген ескерту немесе ондай ескертудi алып тастау туралы;
d) 18-баптың 4 "с" тармағына сәйкес кез келген ұйым жiберген кез келген мәлiмдеме туралы;
e) осы Конвенцияның күшіне енуi туралы;
f) осы Конвенцияға кез келген түзетудiң күшіне енуi туралы;
g) 21-бапқа сәйкес жарияланған кез келген күшін жою туралы дереу хабарлайды.
23-бап
Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерiндегі мәтіндерi тең түпнұсқалық болып табылатын осы Конвенцияның түпнұсқасы Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттіктiң Бас директорының сақтауына өткiзіледi, ол оның куәландырылған көшiрмесiн барлық мемлекеттерге жiбередi.
Осыны растап, тиiстi дәрежеде уәкілеттік берiлген төменде қол қоюшылар, Венада және Нью-Йоркта 1980 жылғы 3 наурызда қол қою үшін ашық осы Конвенцияға қол қойды.
I қосымша
II қосымшада сыныпталған ядролық материалды халықаралық тасымалдау кезiнде қолданылатын физикалық қорғау деңгейi
1. Ядролық материалды халықаралық тасымалдауға байланысты сақтау процесiнде ядролық материалды физикалық қорғау деңгейi:
а) III санаттағы материалдар үшiн - қол жетімділігі бақыланатын аймақ шегіндегі сақтауды;
b) II санаттағы материалдар үшін - күзетудiң немесе тиiсті бақылау кезiнде кiретiн саны шектеулі нүктелерi бар физикалық кедергiмен қоршалған электрондық аспаптардың тұрақты қадағалауында болатын аймақ шегіндегi немесе физикалық қорғаудың осындай деңгейi бар кез келген аймақ шегіндегі сақтауды;
с) I санаттағы материалдар үшiн - II санаттағы материалдар үшiн жоғарыда айқындалғандай, оған қол жетiмділікке, бұдан басқа, сенiмділiгi анықталған және ол қарсы жауаппен әрекет ететін тиiстi күштермен тұрақты түрде тығыз байланыста болатын адам ғана рұқсат ететiн қорғалатын аймақ шегіндегi сақтауды қамтиды. Осындай жағдайда қолданылатын нақты шаралардың мақсаты кез келген шабуылды, рұқсат етілмеген қол жетiмділiктi немесе материалды рұқсатсыз алуды анықтау және жолын кесу болып табылады.
2. Халықаралық тасымалдау кезiнде ядролық материалды физикалық қорғау деңгейі:
а) ІІ және ІІІ санаттағы материалдар үшiн - тасымалдау жөнелтушiнiң, алушының және тасымалдаушының арасындағы алдын ала уағдаластықты және тасымалдау кезiндегi жауапкершіліктi беру үшiн уақытты, орынды және рәсiмдi айқындайтын экспорттаушы және импорттаушы мемлекеттердiң құқықтық құзырындағы және солардың құқықтық актiлерін басшылыққа алатын жеке немесе заңды тұлғалардың арасындағы алдын ала келiсiмдi қоса алғанда, сақтықтың арнаулы шараларын сақтай отырып жүзеге асыруды;
b) I санаттағы материалдар үшін - тасымалдау II және ІІІ санаттағы материалдарды тасымалдау үшiн жоғарыда анықталғандай, сақтықтың арнаулы шараларын сақтай отырып және бұдан басқа, күзетудiң тұрақты бақылауымен және қарсы жауаппен әрекет ететiн тиiстi күштермен тығыз байланысты қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асыруды қамтиды;
с) руданың немесе руда қалдықтарының нысанынан айырмашылығы бар нысандағы табиғи уран үшiн 500 килограмнан асатын мөлшердi тасымалдауды қорғау тасымалдау туралы алдын ала хабарлауды қамтиды, онда көлiк түрi, келудің болжамды уақыты және жүктi алғаны туралы растау көрсетіледi.
II қосымша
Кесте: Ядролық материалды сыныптау
___________________________________________________________________
Материал | Нысан | Санат
____________|_____________|________________________________________
| I. | ІІ. | ІІІ.
__________________________|_________|______________|_______________
1. Плутоний Сәуле алмаған 2 кг. 2 кг.-дан аз, 500 гр. немесе
немесе бірақ 500 гр.- одан aз, бірақ
одан да дан көп 15 гр.-дан көп
көп
2. Уран-235 Сәуле алмаған 5 кг. 5 кг.-дан аз, 1 кг. немесе
- уран-235-тің немесе бірақ 1 кг.- одан аз, бірақ
изотопымен одан да дан көп. 15 гр.-дан көп.
20%-ке немесе көп 10 кг. 10 кг.-дан аз,
одан да жоғары Немесе одан бірақ 1 кг.-дан
байытылған уран да көп көп. 10 кг.
- уран-235-тiң Немесе одан
изотопымен 10%- да көп.
тен 20%-ке дейiн
байытылған уран
- табиғидан
жоғары байытыл.
ған, бірақ
құрамында уран-
235-тің изотопы
10%-тен аз уран
3. Уран-233 Сәуле алмаған 2 кг. 2 кг.-дан аз, 500 гр. немесе
немесе бірақ 500 гр. одан аз, бірақ
одан да -дан көп 15 гр.-дан көп
көп
4. Сәуле Байытылмаған
алған отын немесе табиғи
уран, торий
немесе аз
байытылған
отын (бөлінетiн
изотоптың
құрамы 10%-тен
аз)
___________________________________________________________________
а) Изотоптық шоғырлануы плутоний-238 бойынша 80%-тен аспайтын плутонийдi қоспағанда, бүкiл плутоний.
b) Реакторде сәуле алмаған материал немесе реакторде сәуле алған, бiрақ қорғаныссыз бiр метр қашықтықта 100 рад/сағатқа тең немесе одан аз сәуле алу деңгейiндегi материал.
с) III санатқа жатпайтын мөлшердi және табиғи уранды практикалық орындылығын бағамдай отырып қорғаған жөн.
d) Қорғаудың осы деңгейi ұсынылғанымен, мемлекет, нақты мән-жайды бағалауға қарай, физикалық қорғаудың басқа санатын белгiлей алады.
e) Сәуле алғанға дейiн кiретiн басқа отын, I немесе II санатқа бөлiнетiн материалдың бастапқы құрамына байланысты, егер отынның сәуле алу деңгейі қорғаныссыз бiр метр қашықтықта 100 рад/сағаттан асып кетсе, бiр санаттан аспайтын деңгей бойынша төмендетiлуi мүмкiн.
РҚАО-ның ескертуі: Әрі қарай ағылшын тілінде мәтіні бар