Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң резервiнен Қостанай облысының әкiмiне Арқалық қаласын 2004-2005 жылдардағы жылыту маусымына дайындауға және Арқалық ЖЭО үшiн отын мазутын сатып алуға 100000000 (бiр жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі