Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. "Магистральдық темiр жол желiсiне кiретін темiр жолдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1211 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбында және 1-тармақта "кiретiн" деген сөзден кейiнгi "темiр" деген сөз "магистральдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Магистральдық темiр жол желiсiне кiретiн темiр жолдардың тiзбесiнде:
тақырыбында "кiретiн" деген сөзден кейiнгi "темiр" деген сөз "магистральдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"II. Станциялық жолдар" деген бөлiм алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі