Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Иран Ислам Республикасының Үкiметі арасындағы 1999 жылғы 6 қазандағы Ұзақ мерзiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмге толықтыру мен өзгеріс енгiзу туралы хаттама жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1020 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иран Ислам Республикасының Үкiметi арасындағы 1999 жылғы 6 қазандағы Ұзақ мерзiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге толықтыру мен өзгерiс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Әдiлбек Рыскелдiұлы Жақсыбековке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы 1999 жылғы 6 қазандағы Ұзақ мерзiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісiмге толықтыру мен өзгерiс енгізу туралы хаттама жасасуға өкілеттік берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Иран Ислам Республикасының Үкiметі арасындағы 1999 жылғы 6 қазандағы Ұзақ мерзiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмге толықтыру мен өзгеріс енгiзу туралы
хаттама

      Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иран Ислам Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иран Ислам Республикасының Үкiметi арасындағы 1999 жылғы 6 қазандағы Ұзақ мерзiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) XIV бабына сәйкес,
      мына төмендегілер туралы келiстi:

      1. Келiсiмнiң I бабы мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жоғарыда көрсетілген ережелер:
      а) шекара маңындағы сауданы iлгерiлету мақсатындағы ынтымақтастық негiзiнде Тарап кез келген көршiлес мемлекетке ұсынған немесе ұсынатын артықшылықтарға, жеңiлдiктерге және кедендiк төлемдер мен салықтардан босатуға;
      b) кеден одағының және еркiн сауда аймағының шеңберiндегi ынтымақтастық негiзiнде Тарап үшiншi мемлекетке ұсынған немесе ұсынатын артықшылықтарға, жеңiлдiктерге және кедендiк төлемдер мен салықтардан босатуға;
      с) Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес мейлiнше дамуы төмен елдерге ұсынған немесе ұсынатын артықшылықтарға, жеңiлдiктерге және кедендiк төлемдер мен салықтардан босатуға қолданылмайды".

      2. Келiсiмнiң ІІІ бабы 1-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Уағдаласушы Тараптар Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес, екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағынан шығарылатын жарнамалық материалдың, тегін үлгiлердiң, coндай-ақ сатуға арналмаған, жәрмеңкелер мен көрмелерге арналған тауарлардың және жабдықтардың импортын кеден баждары мен салықтардан босатуға келiстi".

      Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылады және Уағдаласушы Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi барлық мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.

      Осы Хаттама 1383 _____ жылына сәйкес келетiн 2004 жылғы ______ Астана қаласында әрқайсысы қазақ, парсы, ағылшын және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Хаттаманың ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының        Иран Ислам Республикасының
      Үкiметi үшiн                     Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады