Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы Қазақстанда мемлекеттік бағдарламалардың тиiмділігiн нығайту жөнiндегi техникалық көмек туралы келiсiм-хаттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрi Қайрат Нематұлы Келiмбетовке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы Қазақстанда мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігiн нығайту жөнiндегi техникалық көмек туралы келiсiм-хатқа қол қоюға өкiлеттік берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Азия Даму Банкі
27 қазан 2003 жыл
N 132-3
Қаржы министрi
Досаев Ерболат мырзаға
(АДБ-нiң Қазақстандық
басқарушысына)
Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, 473000
Абай даңғылы, 52
Факс (7-3172) 717-762
Құрметтi Досаев мырза:
Қазақстанда мемлекеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн нығайту жөнiндегi техникалық көмектiң жобасы
(ТК N 4191-ҚАЗ)
Сiзге 2003 жылғы 6 қазанда Азия Даму Банкi (АДБ) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн нығайтуға 200.000 АҚШ долларынан аспайтын баламалы сомада техникалық көмек (TК) көрсетудi мақұлданғанын хабарлауға қуаныштымыз. Бұл техникалық көмек (i) 1995 жылғы 5 қазанда қол қойылған Үкiмет пен АДБ арасындағы техникалық көмек туралы Негiздемелiк келiсiмге (негiздемелiк келiсiм) және (іі) 15-18 параграфтар мен осы хатқа 1-қосымша түрiнде тiркелген ТК туралы есептiң 2 және 3-қосымшаларында сипатталған тетiктерге сәйкес қаржыландырылады және жүзеге асырылады. ТК туралы есепте көрсетiлгендей, бұл TК-тi iске асыру үшiн Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi (ЭБЖМ) атқарушы агенттiк болып табылады.
Бұл ТК Мемлекеттік басқару мәселелерi жөнiндегi ынтымақтастық қорының және АДБ-нің ТК-тi қаржыландыру бағдарламасының тарапынан бөлiнетiн грант қаражатынан толық қаржыландырылады.
Егер мұндай тектік Сіз үшін қабылдауға болса, онда Үкімет атынан осы хаттың екі данасына қол қоюыңызды сұраймыз. Бір көшірмесін өзіңізге қалдырып, қол қойылған бір түпнұсқаны АДБ-не қайтаруыңызды сұраймыз.
АБД-нiң төменде қол қойған өкілі осы ТК-тi iске асырумен байланысты туындайтын барлық мәселелерге жауапты. Тиiсiнше, барлық хат-хабар оған жiберiлуi тиiс.
Құрметпен,
Ной Сиакхачанх
Директор,
Шығыс және Орталық Азия департаментi
Мемлекеттiк басқару, қаржы және
сауда басқармасы
Растаймын:
Үкiмет атынан
__________________________________
Уәкiлеттi өкiл
(қолы және тегi баспа әрiптерiмен)
Қызметi:
Күнi:
Көшiрмелерi: Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi
Келiмбетов Қайрат мырзаға,
Факс(7-3172) 717712
Директор, Хигучи Казухико мырзаға,
АДБ-нiң Қазақстандағы тұрақты өкiлдiгі
Факс (7-3172) 328343
Азия Даму Банкі TAR: KAZ-36403-03
Қазақстанда мемлекеттiк бағдарламалардың
тиiмдiлiгiн нығайту
үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметіне
(Мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі ынтымақтастық қоры бірлесіп қаржыландыратын) техникалық көмек
2003 жылғы қазан
Валюталардың ара қатынасы
(2003 жылғы 2 қыркүйектегi жағдай бойынша)
Валюталардың өлшем бiрлiгi - Теңге (Т)
1.00 T = 0,007 $
$ 1,00 = 147,69 T
Мәтінде қолданылған қысқартулар
АБР - Азия Даму Банкi
МБЫҚ - Мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi ынтымақтастық қоры
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлiгi
БҒМ - Бiлiм және ғылым министрлiгi
МжБ - Мониторинг және бағалау
МИБ - Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасы
НМжБ - Нәтижелiлiктi мониторингтеу және бағалау
ТК - Техникалық көмек
Ескерту
Бұл құжатта "$" белгiсi АҚШ долларын бiлдiредi.
___________________________________________________________________
Бұл есептi С. Шреста дайындады, Шығыс және Орталық Азия
департаментi, Мемлекеттiк басқару жөнiндегi басқарма
___________________________________________________________________
I. Кіріспе
1. 2002 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкiметi Мемлекеттiк бағдарламалардың нәтижелiлiгiн мониторингтеу және бағалау (НМжБ) жүйесiн әзiрлеу үшiн техникалық көмек (ТК) беруге сұрау жiберген. Кейiннен Азия Даму Банкi (АДБ) бағдарламалық миссиялар мен мемлекеттiк басқару жүйесiн бағалаумен байланысты миссияларды жiбердi 1 . АДБ-нiң фактiлердi растау жөнiндегi 2003 жылғы 25 маусымнан бастап 10 шiлде аралығында болған миссиясы Үкiметпен бiрiншi кезеңдi iске асыру мақсаттарына, ауқымы мен тетiктерiне қатысты уағдаластыққа қол жеткiздi 2 . Бұл ТК-тiң негiзi 1-қосымшада көрсетiлген.
_____________________________
1 АДБ. 2001 ж. Қазақстан Республикасына мемлекеттiк басқару жүйесiн және әкімшілік реформаларды жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерді қалыптастыруды зерттеу жөніндегі техникалық көмек . Манила.
2 ТК туралы бiрiншi ескертпе 2003 жылғы наурызда АОВ Business Opportunities- те жарияланды.
II. Проблемалық мәселелер
2. Қазақстан Республикасының республикалық бюджетi шеңберiндегi даму бағдарламалары мемлекеттiк және салалық бағдарламалар болып бөлiнедi. Мемлекеттiк бағдарламалар ерекше түрде мемлекеттiк стратегиялық басымдықтарды және даму қажеттiктерiн қарауға бағытталған. Оларды Президент мақұлдауы тиiс және олар бiрнеше саланы қамтуы мүмкiн. Салалық бағдарламалар экономиканың нақты салаларын немесе кiшi салаларын дамытумен байланысты және оларды Yкiмет мақұлдауы тиiс. Қазiргi уақытта бюджет барлық салалық министрлiктер мен ведомстволардың қызметiн қамтитын 14 мемлекеттiк бағдарламадан және 43 салалық бағдарламадан тұрады.
3. Соңғы бiрнеше жылда бағдарламаларды әзiрлеу сапасын және бюджеттi қалыптастыру процесiн жақсарту мақсатында Үкiмет бiрқатар реформаларға бастамашы болды. 2000 жылы Қазақстан Республикасында бағдарламаларды әзiрлеу ережесi (Бағдарламаларды әзiрлеу ережесi) қабылданды. Бұл құжаттың негiзгi мақсаты бағдарламаларды ұтымды ету мен реттеу және оларды Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi даму стратегиясында және Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму cтратегиясында айқындалған орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi басымдықтарға сәйкес келтiру болып табылады. Кейiннен Үкiмет барлық бағдарламаларды елеулi қайта қарауды жүргiздi, нәтижесiнде кейбiр бағдарламалар неғұрлым iрi бағдарламаларға бiрiктiрiлдi, ал функцияларды жүктеудi көздейтiн немесе ұзақ мерзiмдi даму қажеттiктерiне сай келмейтiн кейбiр бағдарламалардың күшi жойылды. Бағдарламаларды салалар бойынша бөлуде де бiршама теңгерiмдiлiкке қол жеткiзiлдi.
4. 2002 жылғы қаңтарда Үкiмет Бағдарламаларды әзiрлеу ережесiне өзгерiстер енгiздi, оларға сәйкес бағдарламаларды мақұлдау жөнiндегi талаптар неғұрлым күшейтiлдi. Ендi ұсынылған бағдарламалардың барлығында бағдарламаның "паспорты" болуы тиiс, мұнда мақсаттары мен оның тиiмдiлiгiн бағалауға арналған көрсеткiштер сипатталуы қажет, сондай-ақ бағдарламаны iске асырудың барлық ұзақтығына арналған талап етiлетiн қаражат пен қаржыландыру көздерi (республикалық бюджет, қарыз қаражаты, шетелдiк және жергiлiктi инвестициялар, сыртқы гранттар және т.б.) егжей-тегжейлi көрсетiлуі қажет. Бұдан басқа, барлық бағдарламаларды ең алдымен Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдауы тиiс және Президент немесе Үкiмет тек осыдан кейiн ғана олармен келiседi.
5. Бұл бастамалар бағдарламаларды iске асыру сапасын жақсарту үшiн жақсы негiз жасайтынына қарамастан, әлi көп iс тындыру қажет. Салалық министрлiктер мен ведомстволар бағдарламаның "паспортында" және бағалау есептерiнде беретiн ақпараттың сапасын әлi күнге дейiн қанағаттанарлық деп айтуға келмейдi. Атап айтқанда, бағдарламаның нәтижелерiн өлшеу көрсеткiштерi не көрсетiлмейдi, не олар дұрыс емес, немесе салыстыру жүргiзу үшiн негiзгi кезеңдер көрсетiлмейдi. Бұл орталық басқару органдары тарапынан бағдарламаның iске асырылу сапасын тиiмдi мониторингтеуге және бағалауға қиындық туғызады.
6. Жақында Президент өз жарлығымен Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу және iске асыру ережесiн шығарып, (Мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу ережесi, Президенттiң N 1099 Жарлығы, 2003 жылғы маусым) бұдан кейiнгi реформалардың қажеттiгiн атап өттi. Бұл жарлықта орындалып жатқан бағдарламалардың мақсаттарын қайталайтын мемлекеттiк бағдарламалар келiсiлмейтiнi көзделедi және онда барлық бағдарламалар нақты айқындалған мақсаттар мен нәтижелiлiк көрсеткiштерiне негiзделуi тиiс және жүйелi түрде бақыланып отыруы тиiс деген талап бар. Онда, сондай-ақ бағдарламаларды бағалауға арналған негiзгi өлшемдер: (i) адам және қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану, (іі) көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу және (ііі) әлеуметтiк-экономикалық салдарлар көрсетiлген.
7. Бастапқыда бұл жарлық мемлекеттiк бағдарламаларға бағытталғандығына қарамастан, Үкiмет бұл Мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу ережесiн мемлекеттiк бағдарламаларға да, салалық бағдарламаларға да қолдануды жоспарлап отыр. Тиiсiнше Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi (ЭБЖМ) барлық бағдарламаларды мониторингтеу және бағалау (МжБ) стратегиясы мен әдiснамасын әзiрлеу жөнiндегi жауапкершiлiктi өз мойнына алды. ЭБЖМ-нiң мақсаты - екi негiзгi өзара байланысты проблеманы шешу. Бiрiншiден, өздерi әкiмшiлерi болып табылатын бағдарламаларды тиiмдi МжБ үшiн министрлiктер мен ведомстволардың тәжiрибесi мен ынтасы жоқ. Бағдарламаларды бағалау не барабар емес немесе сәйкес келмейтiн өлшемдер негiзiнде жүзеге асырылады, не мүлдем жүргiзiлмейдi. Оның үстiне орталық органдар бағдарламаларды жүйелi және үнемi МжБ тетiгiн және қаржыландыруды бөлу туралы шешiм қабылдау процесiнде нәтижелiлiктi бағалау өлшемдерiн қолдану әдiстерiн әзiрлеуi тиiс. Әдетте, бағдарламаларды бағалау тек iске асыру барысында қандай да бiр проблемалар анықталған жағдайда ғана немесе бөлiнген қаражат шегiнен асып кеткенде ғана жүргiзiледi. Нәтижесiнде нәтижелiлiгi мен басымдылығы төмен бағдарламаларды келiсу практикасы жалғасуда, ал әлеуетi неғұрлым тиiмдi бағдарламалар қаржыландырылмай қалуы мүмкiн.
8. Бюджет ресурстарын пайдалану тиiмдi болуы үшiн және көрсетiлетiн қоғамдық қызметтер сапасын жақсарту мақсатында үкiметтiк бағдарламалар үшiн НМжБ жүйесiн әзiрлеу үшiн Үкiмет АДБ-не көмек көрсетуге сұрау салды. Әлеуметтiк және өндiрiстiк сектордағы бiр-бiр бағдарламадан қарау үшiн жүйенi Бiлiм және ғылым министрлiгiнде (БҒМ) және Ауыл шаруашылығы министрлiгiнде (АШМ) сынақ үшiн қолдану жоспарланып отыр. Министрлiктердi таңдау ЭБЖМ-мен талқылау негiзiнде және мүмкiндiктердi бағалаудан кейiн жасалды. Бастапқы миссия барысында НМжБ жүйесiн қолдану үшiн нақты бағдарламалар айқындалатын болады. Бұл сынама жобадан алынатын сабақ Yкiметке үкiметтiк бағдарламаларда НМжБ жүйесiн неғұрлым кеңiнен әрi тиiмдi пайдалану стратегиясын әзiрлеуге мүмкiндiк бередi.
9. АДБ 2001 жылы АДБ-нiң мүшелерi - дамушы елдердегi бағалау мүмкiндiгiн нығайтуға бағытталған бiрқатар техникалық көмек жобалары бойынша техникалық көмектi iске асыру аудитi бойынша есеп (ТРА: ОТН 2001-07) дайындады. Бұл есепте жасалған негiзгi қорытындылар қатарында мыналар бар: (i) нәтижелiлiкке бағалау жүргiзуге бюджет қаражатын бөлу және қажеттi персонал түрiндегi күштi мүдделiлiк пен ынта, сондай-ақ ұйымдық иерархиядағы осы қызметтiң мәртебесi қажет; (іі) ынталандыру және сәйкестiк мәселелерiн дербес мүмкiндiктердi қалыптастырумен қатар тиiстi деңгейде қарау қажет және негiзгi бақылау мiндетi орталық органдарға жүктелген болса, бұл басқа органдардың нәтижелiлiк туралы ақпарат беруге деген ынтасын әлсiретуi мүмкiн және (ііі) НМжБ жүйесi тым қиын болмауы үшiн және оларды қолдану үшiн ауқымды ресурстарды талап eтпeуi үшiн бұл мәселеге ептiлiкпен келу қажет. Бұл ұсынымдар аталған TК-тi қалыптастыру және iске асыру кезiнде ескерiлетiн болады.
10. Бұл ТК-тiң мақсаты АДБ-нiң Қазақстанға көмегiнiң стратегиялық мақсаттарына сәйкес келедi және елдегi бұрын орындалған және ағымдағы жұмыстарды толықтыруға арналған. 2001-2002 жылдары АДБ Үкiметтiң мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын (МИБ) қалыптастыру және iске асыру жөнiндегi мүмкiндiктерiн нығайту мақсатында көмек көрсеттi (ТК 3595-KAZ) 3 . Бұл жұмыстың мақсаты мемлекеттiк басқарудың орталық органдары, салалық министрлiктерi және жергілiктi органдары арасында мықты байланыс жасау арқылы жоспарлау үшiн, сондай-ақ жобаларды табыс ету жөнiнде және жобалардың басымдылығын iрiктеу және айқындау процесін жетiлдiру жөнiнде нақты нұсқаулар әзiрлеу арқылы МИБ-ларды дайындау рәсiмiн нығайту үшiн тиiмдi негiз әзiрлеу болды. Бұдан кейiнгi кiшi техникалық көмек жобасы (ТК 4046-KAZ) 4 ақпаратқа қойылатын мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын әзiрлеудiң және мақұлдаудың өзгертiлген ережесiнде көзделген талаптарды қамтитын дерекқорды басқару жүйесiн дамытуға қолдау көрсетедi. Қазiргi уақытта орындалып жатқан ТК (ТК 3595-KAZ) 5 Үкiметке кедейшiлiктi азайту жөнiндегi маңызды мақсатты көрсеткiштердi және бұл көрсеткiштердi мемлекеттiк және жергiлiктi деңгейлерде мониторингтеу жүйесiн әзiрлеуде көмектесуге бағытталған. Бұл ТК Үкiметке Кедейшiлiктi азайтудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiндегi кедейшiлiкті азайту мақсаттарын iске асыруға көмектесуге бағытталған. АДБ жүргiзген мемлекеттiк басқару жүйесiн бағалау (1 ескертудi қараңыз) бағдарламаларды мониторингтеудi және бағалауды одан әрi жетiлдiру қажеттiгiн анықтады әрi осы бағытта АДБ-нiң қолдау көрсетуi жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды.
_____________________________
3 АДБ. 2000. Мемлекеттік инвестицияларды жоспарлаудағы мүмкіндіктерді қалыптастыру үшін Қазақстанға техникалық көмек. Манила
4 АДБ. 2002. Қазақстанға мемлекеттік инвестициялар бағдарламаларын жоспарлау үшін дерекқорды нығайту жөніндегі техникалық көмек. Манила
5 АДБ. 2000. Қазақстанға кедейшiлiктi азайту бағдарламасын iске асыру мақсатындағы орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мүмкіндіктерін нығайту жөніндегі техникалық көмек. Манила
III. Техникалық көмек
А. Мақсаты және күтiлетiн нәтижелер
11. Бұл ТК-тiң мақсаты - Қазақстандағы мемлекеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн күшейту. Бұл үшiн осы TК шеңберiнде БҒМ мен АШМ-де НМжБ жүйесi әзiрленедi және сыналады. Сынақтардан алынған сабақ Үкiметке НМжБ жүйесiн мемлекеттiк бағдарламаларда неғұрлым кеңiнен қолдану стратегиясын әзiрлеуге мүмкiндiк бередi. Жоспарланып отырған нәтижелер мыналарды: (i) iшкi және сыртқы бағалау әдiснамасы сипатталған НМжБ жүйесiн және (іі) НМжБ жүйесiн тиiмдi iске асыру үшiн мүмкiндiктердi қалыптастыруды қамтиды.
В. Жұмыс әдiснамасы және негiзгi бағыттары
12. Бұл TК шеңберiндегi жұмыстың негiзгi бағыттары мынаны қамтиды:
1. НМжБ жүйесiн әзiрлеу
13. Жұмыстың бұл бағыты мынаны көздейдi:
(i) Қазақстандағы бағдарламаларды МжБ үшiн қолданыстағы
рәсiмдердi үздiк әлемдiк әдiстермен салыстыра шолу,
мүмкiндiктер мен ресурстардың болуын бағалау, сондай-ақ
жетiлдiру үшiн бағыттарды анықтауы.
(іі) Қойылған мақсаттармен және мiндеттермен салыстырғандағы
бағдарламалардың сәттiлiгiн немесе сәтсiздiгiн анық
көрсететiн iшкi бағалау жүйесiн әзiрлеу. Бұл жұмыс
бағдарламаның iске асырылу нәтижелерi мен салдарларын
өлшейтiн, сондай-ақ iске асыру процесiн уақыт бойынша бақылап
отыратын маңызды сандық және сапалық көрсеткiштердi айқындауды
қамтитын болады. Iшкi бағалау жүйесi бағдарламалардың
өзiн-өзi бағалауы жөнiндегi нұсқауларды, сондай-ақ жыл
сайынғы есептер мен бағдарламаны iске асыру аяқталғаннан
кейiнгi есептердi қамтиды. Жүйе барлық деңгейлердегi
шолу функциялары мен тиiстi министрлiктердегi шешiм
қабылдаудың, жоспарлау мен басқарудың жалпы процесi
арасындағы когеренттi байланысты да көздейдi.
(ііі) Iрiктелген бағдарламалардың мақсатты бенефициарларын
шағын зерттеудi әзiрлеу.
(iv) Жүйелi әрi объективтi iшкi тексерiстердi және
бағдарламалардың әкiмшiлерiне үнемi ақпарат берудi жүргiзу
тетiгiн әзiрлеу.
2. НМжБ жүйесiн тиiмдi енгiзуге арналған мүмкiндiктердi нығайту
14. Жұмыстың бұл бағыты мынаны көздейдi:
(i) Бағдарламаларды МжБ үшiн қолданыстағы рәсiмдерге шолу
негiзiнде оқыту қажеттiктерiн айқындау және оқу материалын
дайындау.
(іі) Екi министрлiктегi және ЭБЖМ-дегi тиiстi персоналды
оқыту.
(iіі) Алынған сабақты талқылау және барлық үкiметтiк
бағдарламалар үшiн НМжБ жүйесiн неғұрлым кеңiнен пайдалану
стратегиясын әзiрлеу мақсатында Премьер-Министр Кеңсесi,
Президент Әкiмшiлiгi, ЭБЖМ, Мемлекеттiк қызмет
iстерi жөнiндегi агенттiк және басқа да басты министрлiктер
мен ведомстволар өкiлдерiнiң қатысуымен семинар өткiзу.
С. Құны және қаржыландыру
15. TК-тiң жалпы сметалық құнының баламасы $286.000, соның iшiнде шетелдiк валютада $157.000 және жергiлiктi валютадағы баламасы $129.000 құрайды. Үкiмет АДБ-нiң шетелдiк валютада $157.000 мөлшерiндегi толық шығындар мен жергiлiктi валютада шығындарға ақы төлеу үшiн $43.000 баламасын қоса алғанда, $200.000 мөлшерiнде қаржыландыру бөлуiн өтiндi. Бұл ТК Мемлекеттiк басқару саласындағы ынтымақтастық қорының (МБЫҚ) 6 ($150.000) және АДБ-нiң ТК қаржыландыру бағдарламасының ($50.000) қаражатынан грант негiзiнде қаржыландырылады. Үкiмет баламасы $50.000 қалған соманы қаржыландыратын болады. Шығындардың егжей-тегжейлi сметасы 2-қосымшада келтiрiлген.
_____________________________
6 Мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi ынтымақтастық қоры - бұл Канада мен Норвегия үкiметтерi бөлетiн және АДБ басқаратын қаражаттан тұратын бiрiктiрiлген қор.
D. Iске асыру тетiгi
16. Бұл ТК 2003 жылғы қарашадан бастап 1 жыл кезеңiнде iске асырылады. TК-тi iске асыру үшiн бiр халықаралық консультанттың 5 адам-ай жұмысы және үш жергiлiктi консультанттың 10 адам-ай жұмысы талап етiледi. Халықаралық консультанттың үкiметтiк бағдарламалар үшiн НМжБ жүйесiн әзiрлеуде мол тәжiрибесi және өтпелi экономикалы елдердегі жұмысының қажеттi тәжiрибесi болуы тиiс. Үш жергiлiктi консультант қатарында институционалдық даму жөнiндегi 2 сарапшы (8 адам-ай) және статистика/зерттеулер жөнiндегi сарапшы (1 адам-ай) болуы керек. АДБ-де жұмысқа консультанттар АДБ-нiң консультанттар тарту жөнiндегi басшылығына және жергiлiктi консультанттарды iрiктеу және жалдау үшiн АДБ-iн қанағаттандыратын басқа да тетiктерге сәйкес дербес iрiктеледi және жалданады. Консультанттар тобы осы ТК үшiн қажеттi тауарлар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асырады. Сатып алу АДБ-нiң сатып алу жөнiндегi басшылығына сәйкес жүзеге асырылады. Консультанттардың техникалық тапсырмасы 3-қосымшада келтiрiлген.
17. Халықаралық консультант консультанттардың жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады. Қызметтер көрсетiле бастағаннан кейiн 3 апта өткен соң Жұмыстың басталуы туралы есеп дайындалады. Бұдан басқа, тоқсан сайын консультанттар тобының жасалған жұмыс туралы есептерi берiлiп отырады. Консультанттар осы ТК-тiң барлық аспектiлерi бойынша түпкiлiктi есептiң жобасын осы TК аяқталғанға дейiн 2 апта iшiнде табыс етедi. Бұдан кейiн есептiң жобасы Үкiмет пен АДБ тарапынан болған ескертулер ескерiле отырып пысықталады.
18. ЭБЖМ атқарушы агенттiк болады, ал БҒМ мен АШМ iске асыруға жауапты ведомстволар болады. Бұл ведомстволар консультанттарға қажеттi қолдау, соның iшiнде деректер мен ақпарат, әрiптес персонал, офистiк үй-жай, жергіліктi көлiк пен әкiмшiлiк және ұйымдық қолдау ұсынады.
IV. Президенттік шешімі
19. Директорлар кеңесi берген өкiлеттiктер шеңберiнде Президент Техникалық көмектi баламасы $150.000-ден аспайтын, Мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi ынтымақтастық қоры грант негiзiнде берген сомада қаржыландыру бөлiгiн АДБ-нiң басқаруын (i) және (іі) үкiметтiк бағдарламалардың нәтижелiлiгiн күшейту үшiн АДБ-нiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне грант түрiнде баламасы $50.000-ден аспайтын сомада техникалық көмек бөлуiн мақұлдады және осы арқылы Директорлар кеңесiне бұл әрекет туралы мәлiмдейдi.
1-қосымша
Техникалық көмектің негізі
___________________________________________________________________
Қысқаша сипаты| Жұмыстың | Мониторинг | Алғышарттар мен
| көрсеткiштерi/ | тетiктерi | тәуекелдер
| мақсаты | |
______________|________________|________________|__________________
Мақсаты
___________________________________________________________________
Ұсынылатын Нәтижелілiктi Үкiметпен және Макроэкономикалық
мемлекеттiк мониторингтеу донор ұйымдармен және саяси
қызметтердiң және бағалау диалог тұрақтылық
сапасын (НМжБ) жүйесiн
бағдарламаны кеңiнен қолдану Бағдарламаны Орнықты саяси ерік
тиiмдi iске бағалау туралы және реформаларға
асыру арқылы Бағдарламаны есеп қарсы жүруге
жақсарту іске асырудың дайындық
нәтижелері мен Бағдарлама
салдарларын бенефициарларына
жақсарту шолу
___________________________________________________________________
Мiндеттерi
___________________________________________________________________
Үкiметтік 2004 жылғы ТК іске асыру Жаңа жүйені енгізу
бағдарлама. қарашаға дейін: жөніндегі бағалау пайдасына саяси
ларды iшкi миссиясы ерік
және сыртқы Iшкi және
мониторинг. сыртқы бағалау Консультанттардың Тиісті басқару
теудi және жүргiзу есептері органдарындағы
бағалауды әдiснамасын елеусіз ұйымдық
жүргiзу қоса алғанда, өзгерістер және
әдiснамасы НМжБ жүйесi кадрларды алмастыру
мен страте. әзiрлендi
гиясын
әзiрлеу НМжБ жүйесi
АШМ мен БҒМ-не,
сондай-ақ
ЭБЖМ-не
енгiзiлдi
НМжБ жүйесiн
неғұрлым кеңiнен
қолдану
стратегиясы
айқындалды
___________________________________________________________________
Нәтижелерi
___________________________________________________________________
НМжБ жүйесi Iрiктелген ТК-ті іске асыру Тиісті
бағдарламаларды жөніндегі бағалау министрліктердің
мониторингтеу миссиясы қажетті ақпарат
және бағалау беруі
үшiн егжей- Консультанттардың
тегжейлi есептері Оқытылған
көрсеткiштер персоналды сақтап
қалу
Жыл сайынғы
есептер және
бағдарламаны
iске асыру
аяқталғаннан
кейiнгi есептер
арқылы бағдар.
ламаның өзiн өзi
бағалауы
Бағдарламаларға
шолу жөнiндегi
жұмыс және
шешiмдер қабыл.
даудың,
жоспарлаудың
жалпы процесi
мен басқару
жүйелерi
арасындағы нақты
тәуелдiлiк
Бағдарламалардың
бенефициарларына
шағын шолу
Орталық органдар.
дың сыртқы
бағалау тетiгi
және бағдарлама.
лардың әкiмшiлерi
үшiн үнемi
ақпарат жинау
Оқу материалдары
ЭБЖМ, БҒМ НМжБ енгiзу, соның
және АШМ-нiң iшiнде дерекқорды
тиiстi басқару бойынша
персоналының оқыту
мүмкiндік.
терiн Жоғары деңгейдегi
қалыптастыру семинар
___________________________________________________________________
Қажеттi ресурстар
___________________________________________________________________
Консультант. Халықаралық
тардың консультанттың
қызметi 5 адам-айына
$111.000 және
жергiлiктi
консультанттар.
дың 9 адам-айына
$14.000
Деректердi
өңдеу үшін
компьютер
және
бағдарламалық
қамтамасыз
ету
Оқыту және $16.000
семинар
Әрiптес $35.000
персонал
АДБ $200.000
Yкiметтiң $86.000
бiрлесіп
қаржыландыруы
ТК сомасының $286.000
жиыны:
___________________________________________________________________
2-қосымша
Шығындар сметасы және қаржыландыру жоспары
(мың $)
___________________________________________________________________
Сипаты | Шетелдік|Жергiлiкті|Шығындар
| валюта |валюта |жиыны
_____________________________________|_________|__________|________
А. Азия Даму Банкiнiң қаржыландыруы а
1. Халықаралық консультант
а. Еңбекақы және тәулiктiктер 111 0 111
b. Сапарлар 15 0 15
2. Жергiлiктi консультанттар - 0 14 14
еңбекақы
3. Есептер, зерттеулер және өзге 3 9 12
шығыстар
4. Оқыту және семинар 0 12 12
5. Жабдық b 16 0 16
6. Көзделмеген шығындар 12 8 20
(А) бөлiмi бойынша жиыны 157 43 200
В. Yкiмет тарапынан қаржыландыру
1. Офистiк үй-жай/қолдау 0 35 35
2. Министрлiктер қызметкерлерінің 0 35 35
еңбекақысы
3. Оқыту мен семинар өткiзу және 0 16 16
жергiлiктi көлiк
( В) бөлiмi бойынша жиыны 0 86 86
Барлығы 157 129 286
___________________________________________________________________
а Қаржыландыруды Мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi ынтымақтастық қоры ($150.000) және АДБ-нiң ТК-тi қаржыландыру бағдарламасы (00.000) бөледі.
b Деректердi өңдеу үшiн компьютер және бағдарламалық қамтамасыз етудi қамтиды. Жабдық сатып алу бағаларды кемiнде үш көзден ала отырып тiкелей сатып алу рәсiмi бойынша АДБ-нiң сатып алу жөнiндегi басшылығына сәйкес жүзеге асырылады.
Көзi: Азия Даму Банкінiң есептерi
3-қосымша
А. НМжБ жүйесi бойынша халықаралық сарапшылар (5 адам-ай)
1. Халықаралық консультант Консультанттар тобының басшысы болып табылады және осы ТК шеңберiндегi барлық жұмысты үйлестiредi. Консультанттың нәтижелiлiктi мониторингтеу және бағалау жүйесiн әзiрлеу тәжiрибесi және өтпелi кезеңдегi экономикадағы тиiстi жұмыс тәжiрибесi болуы керек. Жетекшi консультанттың техникалық тапсырмасы мынадай қызметтердi қамтуы, алайда бұлармен шектелмеуi тиiс:
(i) Екi министрлiкпен және Экономика және бюджеттiк жоспарлау
министрлiгiмен (ЭБЖМ) тығыз үйлесу.
(іі) Бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асырудың қолданыстағы
ұйымдық құрылымымен және рәсiмдерiмен, сондай-ақ
бағдарламалардың жеткiлiксiз табыстылығының негiзгi
себептерiмен танысу.
(ііі) Iрiктелген бағдарламалардың барлық аспектілерiн, соның
iшiнде ауқымын, мақсаттарын, қаржыландыру көздерiн және iске
асыру тетiгiн нақтылау.
(iv) Негiзгi шарттар мен өлшемдердi көрсете отырып, үкiметтiк
бағдарламалар үшiн НМжБ жүйесiн пайдаланудың үздiк
халықаралық әдiстерiне талдау жүргiзу.
(v) НМжБ жүйесiн енгізумен байланысты ынталандыру және
салыстыру мәселелерiн қарау және орталық органдарға баламалы
және дәл ақпарат беру үшiн салалық министрлiктерде
ынталандыруды қалыптастыруға арналған неғұрлым қолайлы
ұйымдық/институционалдық тетiктердi айқындау.
(vi) Жергiлiктi консультанттармен тығыз ынтымақтастық жасау,
iрiктелген бағдарламалар үшiн жан-жақты НМжБ жүйесiн әзiрлеу.
Жүйе мониторингтеу және бағалау үшiн көрсеткiштер жинағын,
бағдарламалардың өзiн-өзi бағалауы жөнiндегi нұсқауларды және
тиiстi министрлiктердiң шешiмдер қабылдау, жоспарлау және
басқару процестерi бар барлық деңгейлерiндегi шолу қызметiнiң
конгеренттiк байланыстарын қамтуы тиiс.
(vii) Әзiрленген әдiснамалардың салыстырылуын және кеңiнен
қолданылуын қамтамасыз ету.
(viii) Жүйелi және үнемi сыртқы бағалау жүргiзу үшiн және
орталық органдардан бағдарламалардың әкiмшiлерiне пiкiр жинау
үшiн тетiк әзiрлеу.
(ix) Оқытудың қажеттілiгiн анықтау және Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң, Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Экономика
және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң тиiстi персоналын
оқыту.
(х) НМжБ жүйесiн сынаудан алынған сабақты талқылау үшiн және
үкiметтiк бағдарламаларды НМжБ жүйесiн неғұрлым кеңiнен
қолдану стратегиясын айқындау үшiн жоғары деңгейдегi семинар
өткiзу.
(хi) Аталған ТК-тiң барлық аспектiлерiн сипаттай отырып,
түпкiлiктi есеп дайындау.
В. Институционалдық даму жөнiндегi жергiлiктi сарапшы (2 адам - 8 адам-ай)
2. Институционалдық даму жөнiндегi бұл екi сарапшының оларға тапсырма берiлетін саладағы тиiстi жұмыс тәжiрибесi болуы керек (бipeуi бiлiм беру саласында, екіншiсi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде). Бұл консультанттардың жұмысы iрiктелетiн бағдарламаларға негiзделедi бiрақ, олар мұндай екi бағдарлама үшiн әзiрленетiн әдiснамалардың салыстырылуын қамтамасыз ету үшiн өздерiнiң жұмыстарын бiр-бiрiмен үнемi үйлестiруi тиiс. Консультанттың техникалық тапсырмасы мынадай жұмыр түрлерiн қамтуы, алайда бұлармен шектелмеуi тиiс:
(i) Iрiктелген бағдарламаларды мониторингтеудің және бағалаудың (МжБ) қолданыстағы әдiстерiне шолу және үздiк халықаралық әдiстермен салыстыру, сондай-ақ бағдарламаны табысты iске асыруға кедергі келтiретiн негiзгi тосқауылдарды айқындау.
(іі) НМжБ жүйесiнде қаралуы және ескерiлуi тиiс Қазақстанға барынша тән проблемаларды/ерекшелiктердi айқындау.
(iii) Халықаралық консультанттың басшылығымен көрсетiлген мақсаттар мен мiндеттер тұрғысынан бағдарламаларды iшкi МжБ үшін егжей-тегжейлi әдiснаманы әзiрлеу.
(iv) Халықаралық консультантқа оқыту және семинар өткiзуде көмектесу.
(v) Бенефициарларды шолуды әзiрлеу кезiнде және НМжБ-дың дерекқорын дайындау кезiнде статистика/зерттеулер жөнiндегi сарапшыға бастапқы деректердi беру және қолдау көрсету.
(vi) Осы ТК бойынша есептер дайындауға қатысу.
С. Статистика/зерттеулер жөнiндегi жергiлiктi сарапшы (1 адам-ай)
3. Статистика/зерттеулер жөнiндегi сарапшының тиiстi бiлiктiлiгi мен зерттеулердi әзiрлеудегi және дерекқорларды басқарудағы ауқымды тәжiрибесi болуы керек. Мүмкiндiгiнше бiлiм беру және ауыл шаруашылығы саласындағы тәжiрибесiнiң болуы қажет. Бұл консультанттың техникалық тапсырмасы мынадай жұмыс түрлерiн қамтуы, алайда бұлармен шектелмеуi тиiс:
(i) НМжБ жүйесiнде көзделген мақсаттарды және нәтижелiлiк көрсеткіштерiн ескере отырып, мақсатты бенефициарларды шағын зерттеудi әзiрлеу.
(iі) Зерттеудің сапалық және сандық нәтижелерін талдауға мүмкіндік беретін тетiктi әзiрлеу және оларды НМжБ жүйесіне қосу.
(iii) Дерекқорды басқару мәселелері бойынша тиісті министрлiктердiң персоналын оқытуды жүргізу.