Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметi арасында Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы N 1035 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Әдiлбек Рыскелдiұлы Жақсыбековке Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Келiсiмнiң жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметi арасында Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба  

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия
Республикасының Үкiметi арасындағы Инвестицияларды
көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiм

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметi,
      бiр Тарап инвесторларының инвестицияларын екiншi Тарап аумағында кемсiтпеушiлiк негiзде қорғау қажеттілiгiн тани отырып;
      бiр Тараптың жеке және заңды тұлғаларының екiншi Тарап аумағында инвестициялар саласындағы экономикалық ынтымақтастығын ұлғайтуға жәрдемдесудi ниет ете отырып;
      мұндай инвестицияларға ұсынылатын режим туралы уағдаластық Тараптар мемлекеттерiнiң жеке капитал ағыны мен экономикалық дамуын ынталандыратынын тани отырып;
      инвестициялар үшiн тұрақты негіздiң экономикалық ресурстарды тиiмдi пайдалануды барынша ұлғайтуға және өмiр деңгейiн жақсартуға үлес қосатынына келiсе отырып;
      төмендегілер туралы келiсті:

  1-бап
Айқындамалар

      Осы Келiсiмнiң мақсатында,
      1. "Инвестиция" терминi бiр Тараптың инвесторлары екiншi Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес кәсiпкерлiк мақсатта соңғысының аумағында салатын немесе салған активтерiнiң кез келген түрiн, сондай-ақ бұдан туындайтын құқықтарды бiлдiредi және атап айтқанда, бiрақ айрықша емес мыналарды:
      (а) жылжымалы және жылжымайтын мүлiк пен жал, ипотека, мүлiктi ұстап қалу құқығы мен салу сияқты қатысы бар мүлiктiк құқықтарды;
      (б) үлестер, акциялар, борыштық мiндеттемелер және компанияға қатысудың кез келген басқа да нысанын;
      (в) ақша талап етудi немеce экономикалық құндылығы бар келiсiм-шартқа сәйкес кез келген орындауды;
      (г) авторлық құқықтарды, сауда маркаларын, патенттердi, өнеркәсiптiк үлгiлер мен техникалық процестерді, нау-хауды, коммерциялық құпияларды, сауда атауларын және гуд-виллдердi қоса алғанда, зияткерлiк меншiк құқықтарын;
      (д) табиғи ресурстарды iздеуге, әзiрлеуге, алуға немесе пайдалануға арналған концессияларды қоса алғанда, заңға сәйкес немесе шартқа сай ұсынылатын iскер концессияларды қамтуы мүмкiн.
      Өз аумағына инвестицияларды қабылдайтын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес болған, салынған инвестициялар нысанындағы өзгерiс инвесторлардың мүдделерiн осыған байланысты алынатын олардың құқығына қатысты қорғау мақсатында осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдануға кедергi жасамайды.
      2. "Инвестор" терминi екiншi Тараптың аумағында инвестицияларды жүзеге асыратын кез келген жеке немесе заңды тұлғаны бiлдiредi.
      (а) Қазақстан Республикасына қатысты:
      "жеке тұлға" - Қазақстан Республикасының азаматы немесе оның аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыруға құқықты тұлға;
      "заңды тұлға" - заңды тұлға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған немесе тiркелген заңды тұлға болып табылмайтын ұйым.
      (б) Латвия Республикасына қатысты:
      "жеке тұлға" - азамат және Латвия Республикасының заңдары мен ережелерiне сәйкес және осы Келiсiмнiң "азамат емес" ұғымын айқындауға қатысты Хаттамасына сәйкес азамат емес;
      "заңды тұлға" - Латвия Республикасының заңдары мен ережелерiне сәйкес тiркелген немесе құрылған кәсiпорын (компания) немесе қоғамдық ұйым, қауымдастық, мекеме.
      3. "Кiрiс" терминi пайданы, пайыздарды, капиталдан түскен кiрiстердi, девидендтердi, роялтидi, лицензияланған сыйақылар мен басқа да төлемдердi қоса алғанда, инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесiнде алынған қаражатты бiлдiредi.
      4. "Аумақ" терминi Тарап мемлекетiнiң құрлық аумақты, iшкi және аумақтық сулар мен оның үстiндегi әуе кеңiстігін, сондай-ақ Тараптың мемлекетi мұндай облыстардың табиғи ресурстарын барлау және пайдалану мақсатында ұлттық заңнама мен халықаралық құқықтарға сәйкес егемендi құқықтар мен заңи құзыретiн жүзеге асыратын теңiз түбi мен жер қойнауын қоса алғанда, аумақтан тыс теңiздегi теңiз аймақтарын қамтитын аумағын бiлдiредi.

  2-бап
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау

      1. Әрбiр Тарап өзiнiң аумағында екiншi Тарап инвесторларды көтермелейдi әрi олардың инвестициялары үшін қолайлы жағдайлар жасайды және өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес мұндай инвестицияларға рұқсат бередi.
      2. Әрбiр Тарап өз аумағында екiншi Тарап инвесторларының инвестицияларына және инвестицияларынан түсетiн кiрiстерге әдiл және тең құқылы айналым, сондай-ақ толық және тұрақты қорғау мен қауiпсiздiктi ұсынады.
      3. Тараптардың ешбiреуi де өз аумағында екiншi Тарап инвесторларының инвестицияларын негiзсiз, кемсiтiлетiн немесе өз бетiнше шаралармен ұлғайтуды, басқаруды, сақтауды, пайдалануды, иеленудi және сатуды нашарлатпайды немесе басқа да билiктер жүргiзбейдi.

  3-бап
Құқықтық режим

      1. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың инвесторларына және олардың инвестициялары мен инвестицияларынан түсетiн кiрiстерiне ол ұлттық инвесторларға не үшiншi елдiң инвесторлары мен олардың инвестицияларына инвестицияларды ұлғайтуға, басқаруға, қолдауға, пайдалануға иелiк ету және сатуға немесе басқа да билiк жүргізуге қатысты ұсынған режимнен қолайлылығы кем емес режимдi ұсынады.
      2. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың инвесторларына және олардың инвестициялары мен инвестицияларынан түсетiн кiрiстерiне осы Келiсiмнiң 1-тармағында айтылғандардан неғұрлым қолайлы болып табылатын режимдi ұсынады.

  4-бап
Босату

      Осы Келiсiмнiң ережесi Тарапты екiншi Тараптың инвесторлары мен олардың инвестицияларына және инвестицияларынан түсетiн кiрiстерiне бар немесе келешектегi кез келген режимнiң пайдасын, преференцияны; немесе
      (а) еркiн сауда аймағындағы, кеден одағындағы, валюталық одақтағы, жалпы рыноктағы және кез келген Тараптың мемлекетi қатысушысы болып табылатын және мұндай одақтарға немесе осындай ұйымдарға алып келетiн кез келген халықаралық келiсiмдегі мүшелiктiң;
      (б) кез келген халықаралық келiсiмнiң немесе толықтай немесе басты түрде салық салуға қатысты Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасының нәтижесi болып табылатын артықшылықты ұсынуға мiндеттеу ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.

  5-бап
Экспроприация және өтемақы

      1. Кез келген Тарап екiншi Тарап инвесторының инвестицияларын тiкелей немесе жанама экспроприациялауға немесе ұлттандыруға немесе мына қабылданатындарды қоспағанда, кез келген мұндай шараларды (бұдан әрi экпроприация деп аталатын) қабылдауға тиiс емес:
      (а) қоғамдық мақсатта;
      (б) кемсiтпеушілiк тәсiлмен;
      (в) тиiстi заңды рәсiмге сәйкес; және
      (г) осы Баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес тез, барабар және тиiмдi өтемақы төлей отырып.
      2. Өтемақы:
      (а) кiдiрiссiз төленуi тиiс. Кiдiрiс болған жағдайда, бұл кідірiстің нәтижесi болып табылатын валюталық бағамға байланысты кез келген залалды қабылдаушы тарап мойнына алады;
      (б) тiкелей экспроприацияға дейiн экспроприацияланған инвестициялардың әдiл рыноктық құнымен теңесуi тиiс. Әдiл рыноктық құн экспроприация туралы бұрын көпшiлiкке белгілi болғаны салдарынан құнның қандай да бiр өзгерiсiн көрсетпеуi тиiс;
      (в) толықтай сатылатын және еркiн аударылатын болуы;
      (г) нақты төлем күнiне дейiн экспроприация күнiнен бастап төлем валютасы үшiн рыноктық негізде белгіленген коммерциялық ставка бойынша пайызды қамтуы тиiс.
      3. Екiншi Тараптың экспроприациясынан зардап шеккенi туралы мәлiмдеген кез келген Тараптың инвесторы осы Баптың ережелерiне сәйкес оның инвестицияларын бағалау мен өтемақы төлеудi қоса алғанда, соңғы Тараптың сот органы немесе басқа да құзыретті және тәуелсiз органы арқылы оның iсiн жедел қайта қарауына құқығы болуы тиiс.

  6-бап
Залалдарды өтеу

      1. Екiншi Тараптың аумағындағы соғыстың немесе басқа да қарулы қақтығыстың, ұлттық төтенше жағдайдың, төңкерiстiң, көтерiлiстiң, азаматтық тәртiпсiздiктердiң немесе кез келген басқа да осындай оқиғаның салдарынан аталған Тараптың аумағындағы оның инвестицияларына байланысты залал шеккен Тараптың инвесторына соңғы Тарап реституцияға, өтеуге, өтемақыға немесе кез келген басқа да реттеуге қатысты, инвестор үшiн неғұрлым қолайлы болып табылатын, ол өз инвесторларына немесе кез келген үшiншi мемлекеттiң инвесторына ұсынатыннан қолайлылығы кем емес режимдi ұсынуға тиiс.
      2. Тараптың кез келген инвесторы 1-тармақта айтылған мыналардың салдарынан болған кез келген жағдайлардағы шығындарды өтейдi:
      (а) екiншi Тараптың күштерiмен немесе билiгімен оның инвестицияларын немесе оның бөлiгiн тәркiлеуi;
      (б) қажеттілiгі талап етiлмеген жағдайда, екiншi Тараптың күштерi немесе билiгi инвестициялары немесе оның бөлiгі бұзылса кез келген жағдайда соңғы Тарап кез келген жағдайда тез, барабар және тиiмдi болатын реституция немесе өтемақы ұсынуы тиiс. Бұл ретте өтеу 5-баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.

  7-бап
Аударымдар

      1. Әрбiр Тарап өз мемлекетiнiң ұлттық заңдарына сәйкес екiншi тараптың инвесторларын өз аумағында және одан олардың инвестициялары мен инвестицияларға қатысты аударылатын төлемдер аударымын қамтамасыз етедi. Мұндай төлемдер жекелей алғанда мыналарды қамтиды, бiрақ айрықша емес:
      (а) салымды ұстау немесе ұлғайтуға арналған бастапқы капитал және қосымша сомалар;
      (б) кiрiстер;
      (в) инвестицияларды толық немесе бөлiгін сатудан немесе жоюдан түскен түсiм;
      (г) несие төлемiн қоса алғанда, келiсiм-шартқа сәйкес жүзеге асырылатын төлемдер;
      (д) осы Келiсiмнiң 5 және 6-баптарына сәйкес төленетiн өтемақы;
      (e) даудан туындайтын төлемдер;
      (ж) шет елдерде жалға алынған және инвестициялармен байланысты жұмыс iстейтiн персоналға жалақы және басқа да сыйақылар.
      2. Әрбiр Тарап осы Баптың 1-тармағында айтылған аударымды аумағында инвестиция жүзеге асырылған Тараптың аударым күнi қолданыстағы нарықтық валюталық бағаммен еркiн айырбасталатын валютамен жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
      3. Шетел валютасы үшiн айырбас рыногы жоқ болмаған кезде қолданылатын бағам валютаны Халықаралық Валюта Қорының "Арнайы Қарыз алу Құқығы" шартты ақша бiрлiгiне аудару үшiн ең соңғы валюта бағамы болуы тиiс.
      4. Кез келген Тарап әдiл, кемсiтушілiксiз және өз мемлекетiнiң мыналарға:
      (а) банкроттыққа, төлем қабiлетсiздігіне немесе кредит берушілердiң құқықтарын қорғауға;
      (б) бағалы қағаздарды шығаруға, сатуға немесе олармен жасалатын операцияларға фьючерстерге, опциондарға немесе туындыларға;
      (в) құқық бұзушылықтарға;
      (г) қаржылық есеп беруге және заңды жүзеге асыруға немесе қаржылық бақылау органдарына жәрдемдесу қажет аударымдар есебiн жүргiзуге;
      (д) сот немесе әкiмшiлiк процестерде бұйрықтарды немесе сот шешiмдерiн орындауды қамтамасыз етуге қатысты заңнамасын адал қолдану жолымен осы Баптың 1, 2 және 3-тармақтары үшiн залалсыз, аударымды шектей алады.

  8-бап
Суброгация

      1. Егер Тараптар немесе тағайындалған орган инвестицияларға қатысты ұсынылған кепiлдiктерге сәйкес екiншi Тараптың аумағында өз инвесторларына төлем жүргізсе, соңғы Тарап мыналарды:
      (а) бұл мемлекеттегi заңға немесе заңды мәмілеге сәйкес инвестордың алдыңғы Тарапқа немесе ол тағайындаған органға, сондай-ақ ол сияқты кез келген құқығына немесе талабына жол берудi;
      (б) алдыңғы Тарап немесе ол тағайындаған орган суброгация күшiмен мұндай инвестордың құқығын жүзеге асыруға және талаптарын мәлiмдеуге құқылы екенiн және инвестицияларға қатысты мiндеттемелердi қабылдауға тиiс екендігін мойындауы тиiс.
      2. Суброгация күшiне көшкен құқықтар немесе талаптар инвестордың бастапқы құқығынан немесе талабынан аспауы тиiс.

  9-бап
Инвестор мен Тарап арасындағы даулар

      1. Инвестор мен Тарап арасындағы осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты кез келген даулар дипломатиялық арналар арқылы мүмкiндiгiнше консультациялар жолымен шешiлуi тиiс.
      2. Егер дау жазбаша нысанда мәлiмденген күннен бастап үш (3) айдың iшiнде шешілмеген жағдайда, ол инвестордың таңдауы бойынша:
      (а) аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Тараптың құзырлы сотына;
      (б) дауласушы Тарап пен инвестор Тарабы бұл Конвенцияның тараптары болып табылуы шартымен, 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтон қаласында қол қою үшiн ашылған, мемлекеттер мен басқа мемлекеттердiң жеке немесе заңды тұлғаларының арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы Конвенцияға сәйкес құрылған Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегі Халықаралық Орталықтың (бұдан әрi - ИДРХО) жанындағы төрелiк сотқа; немесе
      (в) дауласушы Тарап немесе инвестор Тарабы бұл Конвенцияның тарабы болып табылуы шартымен, ИДРХО Қосымша органының төрелiк сотына; немесе
      (г) егер тараптармен өзгеше келiсiлмесе, БҰҰ-ның Халықаралық сауда құқығы жөнiндегi комиссиясының Арбитраждық регламентiне (ЮНСИТРАЛ) сәйкес құрылуы тиiс кез келген арнайы құрылған төрелiк сотқа ұсынылуы мүмкін.
      3. Даудың тарабы болып табылатын Тараптардың бiрде бipeуi төрелiк процестiң немесе төрелiк шешiмдi орындаудың кез келген кезеңiнде даудың тарабы болып табылатын инвестор сақтандыру негізiнде өз шығынының бөлiгiн немесе барлығын жабатын өтем алу фактiсiне байланысты төрелiк шешiмдi орындауға қарсылық бiлдiре алмайды.
      4. Осы Бапқа сәйкес құрылған төрелік сот даудың Тарабы болып табылатын Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасының, осы Келiсiм ережелерiнің, сондай-ақ қолданатын халықаралық құқық нормаларының негiзiнде шешiм қабылдауы тиiс.
      5. Төрелiк шешiм даудың екi тарабы үшiн түпкілікті және мiндеттi болуы тиiс. Екi Тарап шешiмдi мәжбүрлеп орындауды қамтамасыз етуi тиiс.

  10-бап
Тараптар арасындағы дауларды шешу

      1. Тараптар арасындағы осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдануға қатысты даулар мүмкiндiгiнше келiссөздер және консультациялар жолымен шешіледi.
      2. Егер дау бұлайша шешiлмесе Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша ол осы Баптың ережелерiне сәйкес үш (3) айдың шегiнде Төрелiк сотқа берiлетiн болады.
      3. Төрелiк сот әрбiр жекелеген iс бойынша мынадай үлгiде құрылуы тиiс. Төрелiк сот туралы өтiнiштi алғаннан кейiн екi (2) ай iшiнде әрбiр Тарап соттың бiр мүшесiн тағайындауы тиiс. Бұл екi мүше екi Тараптың мақұлдауы бойынша Соттың Төрағасы (бұдан әрi "Төраға" деп аталатын) болып тағайындалатын, үшiншi Мемлекеттiң азаматын сайлауы тиiс. Төраға басқа екi мүше тағайындалған күннен бастап екi (2) айдың iшiнде тағайындалуы тиiс.
      4. Егер осы Баптың 3-тармағында көрсетілген кезең iшiнде қажеттi тағайындаулар жасалмаса, тағайындау жүргізу туралы өтiнiш Халықаралық Соттың Президентiне жiберiлуi мүмкiн. Егер ол Тараптардың бiрiнiң азаматы болып шықса немесе егер көрсетiлген функцияны орындауға өзге де кедергiлер болса, тағайындау жүргiзу үшiн Вице-президент шақырылуы тиiс. Егер Вице-президент те Тараптардың бiрiнiң азаматы болып шықса немесе егер көрсетiлген функцияны орындауға өзге де кедергілер болса, онда Халықаралық Соттың Тараптардың бiрiнiң азаматы болып табылмайтын келесi аға мүшесi тағайындау жүргiзу үшiн шақыратын болады.
      5. Төрелiк сот шешiмдi басым дауыспен қабылдауы тиiс. Мұндай шешiм мiндеттi болып табылады. Әрбiр Тарап төрелiк тыңдауларда өз төрешiсiнiң және оның өкiлдiгiнiң қызметтерiне ақы төлеу жөнiндегі шығыстарды мойнына алуы тиiс. Төрағаның қызметiне ақы төлеу мен басқа да шығыстарды екi Тарап тең бөлiкте көтеруi тиiс. Төрелiк Сот шығындардың ауқымды бөлігін екi Тараптың бiрi өтейдi деп шеше алады және бұл шешiм екi Тарап үшiн мiндеттi болып табылады. Төрелiк сот өз рәсiмiн айқындауы тиiс.

  11-бап
Басқа да ережелер мен арнайы мiндеттемелердi қолдану

      1. Мәселе осы Келiсiммен және Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық келiсiммен бiр мезгiлде реттелген кезде кез келген Тарапқа немесе екiншi Тараптың аумағында инвестицияларға иелiк ететiн инвесторлардың кез келгенiне осы Келiсiмде оның жағдайында барынша қолайлы болып табылатын ережелер басымдығын пайдалануға ештеңе кедергi келтiрмеуi тиiс.
      2. Егер бiр Тараптың екiншi Тарап инвесторларының инвестицияларына оның мемлекетінiң ұлттық заңнамасына немесе басқа да Шарттарда айқындалған шарттарға сәйкес ұсынған режимi осы Келiсiмге сәйкес ұсынылған режимнен гөрi қолайлы болып табылса, онда неғұрлым қолайлы режим ұсынылатын болады.

  12-бап
Осы келiсiмнiң қолданушылығы

      Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң аумағында оның мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес екiншi Тараптың инвесторлары жүзеге асырған инвестицияларға, сондай-ақ осы Келiсiм күшiне енгенге дейiн, сондай-ақ кейiн қолданылуы тиiс, бiрақ осы Келiсiм күшiне енгенге дейiн реттелген инвестицияларға немесе кез келген талапқа қатысты туындаған кез келген дауға қолданылмауы тиiс.

  13-бап
Жалпы ерекшелiктер

      1. Осы келiсiмде ештеңе Тараптың соғыс немесе қарулы қақтығыс уақытында оның мемлекетiнiң қауiпсiздiгi мүдделерiн қорғауға қажеттi кез келген шараларды қабылдауға шектеу ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.
      2. Мұндай шаралар өз бетiнше немесе заңсыз тәсiлдермен қолданылмайтын немесе халықаралық сауда немесе инвестицияларды жасырын шектеудi құрамайтын жағдайда осы Келiсiмде ештеңе Тарапты қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мына шараларды қамтитын шараларды қабылдауға немесе қолдауға шектеу ретiнде түсiндiрілмеуi тиiс:
      (а) қоғамдық тәртiптi ұстауға қажеттi;
      (б) адамдардың, жануарлар мен өсiмдiктердiң өмiрi немесе денсаулығына қажетті.
      3. Осы Келiсiмнiң ережелерi оның 5-бабына, 6-бабына немесе 7-бабының 1-тармағына (д) қолдануы тиiс емес.

  14-бап
Ашықтық

      1. Әрбiр Тарап өзiнiң заңдарын, ережелерiн, iс жүргiзу нормалары мен әкімшілiк шешiмдерiн, жалпы қолданыстағы сот шешiмдерiн, сондай-ақ екiншi Тарап инвесторларының алдыңғы Тарап аумағындағы инвестицияларына әсер етуi мүмкiн халықаралық келiсiмдердi кiдiрiссiз басады немесе өзге де тәсiлмен көпшiлiкке қол жетiмдi етедi.
      2. Осы Келiсiмде ештеңе де Тараптан ашылуы заңдардың сақталуына кедергi жасайтын немесе құпиялықты қорғайтын оның заңдарына қайшы келетiн немесе жекелеген инвесторлардың заңды коммерциялық мүдделерге залал келтiретiн жекелеген инвесторларға немесе инвестицияларға қатысты ақпаратты қоса алғанда, кез келген құпия немесе меншiктiлiктi құрайтын ақпаратты ұсынуды немесе қол жетiмдiлiкке рұқсатты талап етпеуi тиiс.

  15-бап
Консультациялар

      Тараптар кез келген Тараптың талабы бойынша осы Келiсiмнiң орындалуын қарау бойынша консультациялар және осы Келiсiмнен туындауы мүмкiн кез келген мәселенi зерделеу жүргізуi тиiс. Мұндай консультациялар Тараптардың құзыретті органдарының арасында тиiсті арналар арқылы келiсiлген орында және уақытта жүргізiлуi тиiс.

  16-бап
Күшiне енуi және қолданылуының тоқтатылуы

      1. Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын жеке хаттамалармен рәсiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.
      2. Осы Келiсiм, сондай-ақ осы Баптың 1-тармағына сәйкес енгізiлген өзгерiстер мен толықтырулар Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламасы күнiнен бастап күшiне енедi.
      3. Осы Келiсiм он жыл мерзiмге жасалады және бұдан кейiн оның қолдануы Тараптардың бiрi екiншi Тараптан оның Келiсiмнiң қолданылуын 12 айдан соң тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама алғанға дейiн осындай мерзiмге ұзартылады.
      4. Осы Келiсiмнiң 1-15-баптарының ережелерi Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылғанға дейiн жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылған күннен кейiн он жыл бойы қолданылатын болады.
 

        2004 жылғы "__" ______ ________ қаласында екi данада, әрқайсысы қазақ, латыш және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерi әртүрлi түсiнiлген жағдайда орыс тiлiндегі мәтiн негiзге алынады.

       Қазақстан Республикасының        Латвия Республикасының
      Үкiметi үшiн                     Үкiметi үшiн

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Латвия
Республикасының Yкiметi арасындағы Инвестицияларды
көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiмге
Хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiм жасасу кезiнде Тараптардың төменде қол қойған өкiлдерi Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайтын мына ережелер туралы келiстi:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi 1-баптың 2-тармағы (а) тармақшасына қатысты "азамат емес" ұғымы "КCPO-ның бұрынғы азаматтары туралы" Латвия Республикасының заңына сәйкес Латвияның немесе кез келген басқа мемлекеттiң азаматтығы жоқ және азаматтығы жоқ адамдар (апатрид) болып табылмайтын, бiрақ Латвия Республикасы беретiн азамат емес паспортына құқығы бар адамдарды бiлдiретiнi туралы Латвия Республикасы Үкiметiнiң мәлiмдемесiн назарға алады.

       Қазақстан Республикасының        Латвия Республикасының
      Үкiметi үшiн                     Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады