"Батыс" ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет кепілдік берген қарызды мерзімінен бұрын өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 1048 Қаулысы

      "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының  25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Банкрот деп танылған "Батыс" ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет кепілдік берген қарызды 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 011 "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 19 қарашадағы N 0000019 мемлекеттік кепілдігін орындау жолымен мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады