"Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына, 2004 жылғы 10 наурыздағы N 301 қаулысымен бекiтілген Нұртас Оңдасыновтың туғанына 100 жыл толуы мерейтойына дайындық және оны өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 4-тармағына сәйкес және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласының "Дарын" мектеп-интернатына қоғам қайраткерi Нұртас Оңдасыновтың есiмi берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі