Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Казаэронавигация" әуе жүрісін басқару және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудiң жер үстiндегi құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану жөнiндегi шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 қазандағы N 1071 Қаулысы

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң "Казаэронавигация" әуе жүрiсiн басқару және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудiң жер үстiндегi құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану жөнiндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнына қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат берiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 18 қазандағы 
N 1071 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi "Казаэронавигация" әуе жүрiсiн басқару
және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудiң жер
үстiндегі құралдары мен электр байланысын техникалық
пайдалану жөнiндегi шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының еншiлес
мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесi

      1. "Азаматтық авиация медициналық орталығы" еншiлес мемлекеттік кәсiпорны.
      2. "Аэронавигациялық оқу орталығы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады