"Қазақстан Республикасының Жер кодексiне толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қазандағы N 1073 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының  Жер кодексiне толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне
толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсiн:
      1)  14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) қоршаған ортаны қорғау, энергетика және минералдық ресурстар, су қорын пайдалану және қорғау, балық шаруашылығы басқармасы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше жағдайларды болдырмау және жою жөнiндегi және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын орталық уәкілетті органдардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленген Каспий теңiзi түбінің қазақстандық учаскесi шегінде келiсiм-шарттан тыс аумақта теңiз құрылыстары мен мұнай-газ құбыры өткiзгiштерiн салуға арналған рұқсаттар беру;";
      2)  33-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Уақытша өтеулi жердi пайдалану құқығын сатып алу:
      кепілге, сондай-ақ шаруашылық серiктестіктiң жарғылық капиталына салым ретiнде, акционерлік қоғамның акцияларына ақы төлеу немесе өндiрiстік кооперативке жарна ретiнде беру кезiнде;
      орман және су қоры, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер құрамындағы иелiктен шығарылатын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған жер учаскесiне талап етілмейдi.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген шектеулер жердi пайдаланушылардың орман және су қорлары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер құрамындағы иеліктен шығарылатын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған жер учаскесiне арналған жердi пайдалану құқығына қатысты жасалатын мәмілелерге, соның iшiнде кепiлге салуға қолданылмайды.";
      3)  50-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi "Жер учаскелерi" деген сөздердiң алдынан "Осы Кодекстің 48-бабының 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатуға ұсынылатын жер учаскелерiнiң тiзбесiне енгiзiлгендердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      4)  79-бапта:
      5-тармақта бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары алынып тасталсын;
      6-тармақ алынып тасталсын.
       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады