Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы Қазақстан Республикасының жеке секторындағы Азия Даму Банкiнiң операциялары жөнiндегi растау хатқа қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1128 Қаулысы

      Жеке меншiк секторды дамытуда Қазақстан Республикасының Азия Даму Банкiмен ынтымақтастығын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы Қазақстан Республикасының жеке секторындағы Азия Даму Банкiнiң операциялары жөнiндегi растау хаттың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Қайрат Нематұлы Келiмбетовке оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы Қазақстан Республикасының жеке секторындағы Азия Даму Банкiнiң операциялары жөнiндегi растау хатқа қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  АЗИЯ ДАМУ БАНКІ

2004 жылғы 9 қаңтар  

Қазақстан Республикасының Үкiметiне            

       АДБ-нiң жеке сектордағы операцияларына қатысты:

      1. 1983 жылғы 18 наурызда Азия Даму Банкiнiң (АДБ) Басқарушы Директорлар Кеңесi АДБ-нiң капиталға инвестициялау жөніндегі операцияларды бастауға дайын екендiгiн айқындады. 1985 жылғы 7 қарашада АДБ Директорлар Кеңесi АДБ-нiң жеке секторға коммерциялық шарттармен үкіметтік кепiлдiктерсiз заем беру арқылы өз көмегiн неғұрлым әртараптандыру мүмкiндiгi туралы шешiм шығарды. Осы шешiмдерге сәйкес АДБ үкімет кепiлдiктерінсiз жеке меншiк кәсiпорындардың капиталына инвестициялар жөнiндегi ұсыныстарды және заем бөлудi қарайды. 2000 жылдың iшiнде Директорлар Кеңесi АДБ қатысатын даму жобаларына қатысушы коммерциялық кредиторлар ұшырайтын белгілi бiр тәуекелдердi азайтуға мүмкiндiк беретін АДБ кепiлдiктеріне қатысты бiрқатар жетілдiрулердi бекiтті. (Осы хатта қолданылатын терминдер мынадай мағынаны бередi: "заем" жеке секторға заемдарды бiлдiредi және оның iшiнде, АДБ кепілдiктерi бойынша АДБ төлеген кез келген төлем нәтижесi ретінде, кредитор құқықтарының АДБ пайдасына суброгация жүргiзілген кез келген заемдарды білдiредi; "АДБ кепілдігі" кредиттің бiр бөлiгiне немесе барлық сомасына, коммерциялық кредиторға немесе кредит беретін тарапқа кредиттік немесе басқа да қаржылық келiсiмдер бойынша төленуге мiндетті сыйақыларды немесе сомаларды қоса алғанда, пайыздарға немесе басқа сыйлықақыларға төлемiн кепiлдi беру үшiн, АДБ беретiн кредиттік немесе саяси тәуекелге ішiнара кепiлдiк берудi білдiредi).

      2. Капиталға инвестициялар бойынша операцияларға келетiн болсақ, олар АДБ таңдауы бойынша (i) нақты жобалар үшін орта және iрi кәсіпорындардың капиталына инвестицияларды; (іі) қаржылық даму институттары мен осындай мекемелердiң капиталына инвестицияларды; (ііі) қаржы делдалдары арқылы iске асырылатын шағын кәсіпорындардың капиталына инвестицияларды қамтуы мүмкiн. АДБ заемдары АДБ инвестицияларының қорғалуы үшін тиiсті деңгейде қамтамасыз етілуi тиiс. АДБ кепiлдiктерi оның тиiстi кепiлдiк келiсiмдерiнде көрсетiлген қатерлердi жабуы мүмкiн.

      3. Инвестициялау, АДБ-нiң заемдары мен кепiлдiктерiн беру үшiн лайықты кәсіпорындар жеке секторда болуға тиiсті, алайда аралас меншiк нысанындағы кәсiпорындар ерекше жағдайларда қаралуы мүмкiн. Өз мүддесiн қорғау талап етілетін жағдайларды қоспағанда, АДБ кәсiпорынды басқаруға қатысуға немесе бақылау пакетін иеленуге ұмтылмайды. Екiншi жағынан, егер Үкiмет тарапынан қандай да бiр қарсылық бiлдiрiлген жағдайда, АДБ меншiктi капиталға инвестицияламайды немесе заемдар бермейтiн болады және кепiлгер болмайды.

      4. АДБ Қазақстан Республикасына капитал немесе заем түрiнде инвестициялау бойынша немесе кепiлдiктер беру бойынша кез келген ұсыныстарды қарау алдында артықшылықтарға, иммунитетке және салықтардан босатуға қатысты, АДБ Жарғысының ережелерiне сәйкес (51, 53 және 56-баптар) операцияларға қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметінің белгілi бiр куәландыруын алғысы келген болар едi. Бұл сендiрулер мыналардан тұрады:
      (а) АДБ және оның инвестициялары (капитал немесе заем түрiнде) кез келген шектеулерден, реттеуден, бақылаудан немесе мораторийден қорғалуға тиiсті, атап айтқанда:
      (i) АДБ өзiнiң кез келген инвестицияларындағы өз үлесiн
          жергiлiктi сатып алушыларға да, шетелдiк сатып алушыларға
          да еркiн сата алады; және
     (іі) АДБ немесе оның агенттер (i) айырбас бағамы сәтiндегi
          өтiмдi бағамен меншiктi капиталға инвестицияларға
          жататын акцияларды сатудағы кез келген өсiмдi, пайданы
          немесе табысты (соның iшiнде капитал өсiмiн және акциялар
          алудағы құқығын); және (іі) өзiнiң заемдары бойынша
          негізгi соманы және сыйақыны, сондай-ақ басқа
          есептеулердi (болған сыйлықтарды қоса алғанда) еркiн
          әкелуi мүмкiн;
      (b) АДБ (i) меншiктi капиталға инвестицияларға жататын акцияларды сатудан түскен кез келген өсiмге, пайдаға немесе табысқа (соның iшiнде капитал өсiмiне және акциялар алудағы құқығына) салық салудан, немесе кез келген салық ұстаудан немесе алудан; және (іі) өзінің заемдары бойынша негiзгi сомаға және сыйақыға, сондай-ақ басқа есептеулерге (болған сыйлықтарды қоса алғанда) салық салудан, салық ұстаудан немесе жинаудан босатылуға тиiс;
      (с) АДБ Қазақстан Республикасында шығарылған бағалы қағаздарды орналастыруда андеррайтер бола алады немесе орналастыруға қатыса алады;
      (d) Талап етілген кезде, АДБ тарапынан мұндай өтiнiш жасалған жағдайда Үкiмет Қазақстан Республикасындағы АДБ-нiң инвестицияларына байланысты шығарылған акциялар сертификаттарының және кез келген басқа құжаттардың депозитарийi ретiнде АДБ-не қолайлы агенттікті айқындайды;
      (e) АДБ-нің: (i) жергiлікті заңнамаға сәйкес кредиторларға берілетін құқық қолданудың стандарттық рәсiмдерi аяқталғаннан кейiн кепiлдiкке, ипотекаға берiлген немесе АДБ заемдары бойынша қандай да бiр сипатта қамтамасыз ететін кез келген жылжымайтын немесе жылжымалы мүлiкті меншiгiне сатып алуға; (іі) кез келген мұндай мүлiктi сатуға немесе оған басқаша түрде иелiк етуге; (ііі) жоғарыдағы (а) (іі) параграфқа сәйкес табыстарын әкетуге құқығы болады;
      (f) АДБ кепiлдiктерi кез келген шектеулерден, реттеуден, бақылаудан немесе мораторийден қорғалуға тиiс. Атап айтқанда, АДБ (i) өзiнiң қатысуындағы кепілдiктерiн еркiн қайта сақтандыруы немесе сатуы және (іі) айырбас бағамы сәтіндегі басым бағам бойынша, кез келген салықтан немесе осындай алудан босатылған, кепiлдi кредиторлардан, АДБ кепілдiктерiнің бенефициарларынан немесе заем алушылардан, АДБ кепiлдiктерi бойынша алынған сыйақыларды және алымдарды еркiн әкетуi мүмкiн;
      (g) Төлем жасау немесе АДБ-нiң кепiлдiктерi жөнiндегi кез келген келiсiм бойынша кепiлдендiрiлген кредиторларға төлемдер бойынша міндеттемелер қабылдау жоғарыда көрсетілген (а), (b) (іі) және (e) тармақтарындағы мақсаттар үшін тиiсті заем алушыға осы төлем сомасына АДБ өз есеп-шотынан тiкелей заем беру ретінде қаралуға тиiс. АДБ Жарғысында белгiленгендей және жоғарыда көрсетілген тармақтарда мейлiнше дәл баяндалғандай, кез келген мұндай төлемдердiң сондай артықшылықтары, иммунитеттерi болады және салық салудан босатылады. Өзiнiң әрбiр кепiлдiгінде АДБ кепiлдiктерi бойынша тиiсті келiсуiне сәйкес қандай құқықтар мен талаптар көзделсе, АДБ сондай құқықтар мен талаптардың суброгациясын көздейтiн болады.
      (h) АДБ-нің Қазақстан Республикасының құқықтарды қайта табыстау нәтижесiнде АДБ сатып алған валютасындағы операцияларына (өтiмділiгін пайдалану және әкету бөлiгiнде) Қазақстан Қазақстан Республикасының жеке кәсiпорнына өзінің тiкелей заемдарының бiрiн ұсыну нәтижесінде мұндай сомаларды алу операциялары жағдайындағы сияқты қолайлы жағдай жасайтын болады.
      Жоғарыда аталған сендiрулер көрсетілген барлық факторлар өзгермеген жағдайда, АДБ ұсынатын заемдарға қатысты шығарылатын кез келген вексельдерге де қолданылатын болады.

      5. Бұл ретте, осындай сендiрулер болған жағдайда, АДБ әрбiр өзiнiң заемы немесе капиталға инвестициясы үшін немесе кепiлдiктерi үшін Қазақстан Республикасында қолданылатын ережелер мен рәсiмдерге сәйкес әрекет етедi.

      6. Егер Үкiмет төменде уәкiлетті өкiлдiң қол қоюы жолымен АДБ-не Қазақстан Республикасында заемдарды, капиталға немесе кепілдiктерге инвестицияларды беру жөнiндегi ұсыныстарды қарауға мүмкiндiк беретiн, 4-параграфта көрсетiлген сендiрулер бойынша өз келiсiмiн растайтын болса, бiз алғысымызды бiлдiретін боламыз.

      Құрметпен,

      Мұхаммад E. Тусним

      Бас директор
      Шығыс және Орта Азия департаментi

      РАСТАЛДЫ:
      ______________
      Уәкiлетті өкiл

      Аты-жөнi:
      Лауазымы:

      Күні:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады