Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргізу кезiндегi мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл жасау ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1195 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.12. N 799 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.12.  N 799  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күшi бар Жарлығының  3-1-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу кезiндегi мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл жасау ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 15 қарашадағы 
N 1195 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды)
кезең-кезеңмен тiркеудi жүргізу кезiндегi мемлекеттік
органдардың өзара iс-қимыл жасау ережесi

      1. Осы Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу кезiндегi мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл жасау ережесi (бұдан әрi - Ереже) тiркеушi органдардың жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу кезiндегi мемлекеттiк органдар арасындағы өзара iс-қимыл жасау тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Ереже қолданылатын мемлекеттiк органдарға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары, жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары, республикалық мемлекеттiк меншiктi иеленуге Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк орган мен оның аумақтық органдары, салық органдары, тiркеушi орган (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) жатады.
      3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу кезiндегі мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылы құқықтық кадастрды жылжымайтын мүлiкке құқықтары (құқықтық ауыртпалықтары), соның iшiнде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу жүйесi енгізiлгенге дейiн туындаған құқықтары (құқықтық ауыртпалықтары) мемлекеттiк тiркеуден өтпеген жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң құқық иеленушiлерi туралы деректермен толықтыру мақсатында жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк органдардың жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргізу кезiндегi негiзгi мiндетi тiркеушi органды жылжымайтын мүлiк объектiлерi, олардың құқық иеленушiлерi, жылжымайтын мүлiкке құқықтардың түрi мен туындау негiздемелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
      5. Мемлекеттік органдар тiркеушi органдар белгілеген мерзiмде мына ақпараттарды электронды түрде және қағаз жеткiзгiштерде ұсынады:
      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi атқарушы органдары - жылжымайтын мүлiктiң жекешелендiрiлген тұрғын үй объектiлерi туралы, коммуналдық меншiкте тұрған жылжымайтын мүлiк объектiлерi туралы, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктiң орналасқан жерi, жылжымайтын мүлiкке құқықтарының түрi мен туындау негiздемесi көрсетiлген құқық иеленушiлерi туралы;
      2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары - жер учаскелерiне ұсынылған, берiлген, ауысқан құқықтар туралы, жер учаскесiнiң орналасқан жерi, оны пайдалану мақсаты, алаңы, құқықтың түрi мен туындау негіздемесi көрсетiлген олардың құқық иеленушiлерi туралы;
      3) республикалық мемлекеттiк меншiктi иеленуге Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар мен оның аумақтық органдары - республикалық меншiкте тұрған, олардың орналасқан жерi көрсетiлген жылжымайтын мүлiктiң жекешелендiрiлген объектiлерi туралы, сондай-ақ көрсетiлген объектілердiң сатып алушылары мен олардың құқықтарының туындау негiздемелерi туралы мәлiметтердi ұсынуы тиiс.
      6. Осы Ереженiң 5-тармағында санамаланған мемлекеттiк органдар ақпаратты тiркеушi органға жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеу шеңберiнде, өтеусiз негiзде ұсынады.
      7. Тiркеушi орган алынған ақпаратты Құқықтық кадастрдың деректерiмен салыстырады, содан соң Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы заңнамада белгiленген тәртiппен оларды тiркеу үшiн жылжымайтын мүлiкке өздерiнiң құқықтарын (құқықтық ауыртпалықтарын) тiркемеген құқық иелерiне хабарлама жiбередi.
      Хабарлама нысаны мен оны жiберудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi бекiтедi.
      8. Жылжымайтын мүлiкке өздерiнiң құқықтарын (құқықтық ауыртпалықтарын) тiркемеген құқық иелерi туралы ақпаратты тіркеушi орган Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген шараларды қолдану үшiн салық органдарына жiбередi.
      9. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргізудiң аумағы мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады