"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттік мұқтаждар үшін меншіктенушіден мүлікті сатып алу және алу мақсатында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік шекара сызығының дәл бойында орналасқан жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
екі күн мерзімде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жоғарыда аталған қызметтерді он күн мерзімде көрсетуді көздейтін шарт жасасуды;
қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатының сақталуын, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 3, 4-тармақтарының орындалуын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік кәсірорнына жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу үшін 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 2312000 (екі миллион үш жүз он екі мың) теңге қаражат бөлінсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі