Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджет комиссиясының:
1) "GMI Desing" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасасқан 2004 жылғы 8 қарашадағы N 304 және 305 шарттар мен Mabco Constructions s.a. жасасқан 2004 жылғы 19 қарашадағы N 313 шарт бойынша 016 "2004 жылға арналған денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта құру" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне аккредитивтерді (бұдан әрі - аккредитивтер) ашу туралы;
2) аккредитивтерді қолдану мерзімін 2005 жылғы 15 наурызға дейін ұзарту туралы ұсынысымен келісілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі