"Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Мемлекеттiк әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қор) қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн мынадай нормалар мен лимиттер бекiтілсiн:
Қор резервiнiң ең төменгi мөлшерi;
Қор шотындағы инвестицияланбайтын ақшаның ай сайынғы қалдығының ең төменгi мөлшерi.
2. Қордың резервi Қор активтерiнің eceпті айдың бiрiншi күнiндегi Қор провизияларына қатынасы ретiнде айқындалады және Қор оны 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайын есептейдi. Бұл ретте Қор резервiнiң ең төменгi мөлшерi 1,1 коэффициенттен кем болмауы тиiс.
3. Қордың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнде ашылған банктiк шотындағы инвестицияланбайтын ақшаның ай сайынғы қалдығының айдың басындағы ең төменгі мөлшерi есептi айдың алдындағы айдағы Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер сомасының екi еселенген мөлшерiнен кем емес, бiрақ 100000000 (бip жүз миллион) теңгеден төмен болуы тиiс.
Көрсетілген сомаға eceпті айдың бiрiншi күнiне дейiнгi соңғы бес жұмыс күнi iшiнде Қордың шотына есептелген түсiмдер сомасы кiрмейдi.