Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне аккредитивтердi ашу және олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 1332 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Республикалық бюджет комиссиясының 002 "Республикалық деңгейдегi автомобиль жолдарын дамыту" бағдарламасының 005 "Iшкі көздер есебiнен жобаны iске асыру" бюджеттiк кiшi бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң:
      Ақмола облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасына "Ақмола жолдары" ААҚ-пен жасасқан 2004 жылғы 16 ақпандағы N 2 мен N 3 және Алматы қаласының "Қазжолжоба" ААҚ-пен жасасқан 2004 жылғы 12 сәуiрдегi N 12 және Астана қаласының "Қазжолжоба" ААҚ-пен жасасқан 2004 жылғы 3 тамыздағы N 17 шарттарға сәйкес;
      Ақтөбе облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасына "Прогресс" корпорациясы" қауымдастығымен жасасқан 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 6 шартқа сәйкес;
      Алматы облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасына "Жол Консалтинг" ЖШС-мен жасасқан 2004 жылғы 4 наурыздағы N 7 шартқа сәйкес;
      Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасына "Consult LTD" ЖШС-мен жасасқан 2004 жылғы 3 наурыздағы N 13 шартқа сәйкес;
      Жамбыл облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасына Алматы қаласының "Қазжолжоба" ААҚ-пен жасасқан 2004 жылғы 14 сәуiрдегi N 24 шартқа сәйкес;
      Қостанай облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасына "Қостанай жолдары" AAҚ-пен жасасқан 2004 жылғы 5 сәуiрдегi N 11 шартқа сәйкес;
      Қызылорда облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасына "Consult LTD" ЖШС-мен жасасқан 2004 жылғы 4 наурыздағы N 2 және N 3 шарттарға сәйкес;
      Маңғыстау облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасына "Қазақавтожол" РМК-мен жасасқан 2004 жылғы 19 мамырдағы N 16 шартқа сәйкес;
      Оңтүстiк Қазақстан облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасына "Шымкент Қазжолжоба" ЖШС-мен жасасқан 2004 жылғы 8 сәуiрдегi N 5 шартқа сәйкес аккредитивтердi ашу және олардың қолданылу мерзiмiн 2005 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады