Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 1334 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi)  250-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндірістiк мұқтаждар үшiн әкелiнетін қосалқы бөлшектердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269  қаулысына мынадай өзгерiстер енгізілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсімен төленетін импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшін әкелінетін қосалқы бөлшектердің тiзбесiнде:
      реттік нөмірлері 1, 3, 10, 16, 17, 48, 87, 88, 103, 144, 150, 151, 152, 157, 165, 172-жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады