Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердi Мемлекеттiк тiзiлiмге тiркеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1346 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 125 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.10 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердi Мемлекеттiк тiзiлiмге тiркеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1346 қаулысымен   
бекiтiлген     

Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен
байланысты объектiлердi Мемлекеттiк тiзiлiмге
тiркеу ережесi

l. Жалпы ережелер

      Осы Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердi Мемлекеттiк тiзiлiмге тiркеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Pecпубликасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңының (бұдан әрi - Заң) 5-бабы негiзiнде әзiрлендi және қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектілердi Мемлекеттiк тiзiлiмге (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) тiркеу шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.
      1. Мемлекеттiк тiзiлiм:
      Қазақстан Республикасының қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлерiнiң бiрыңғай тiзбесiн жасау;
      қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттi орындауын және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
      2. Мемлекеттiк тiзiлiм кәсiпорындардың және (немесе) олардың цехтарының, учаскелерiнiң, алаңдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты өзге де объектілерiнiң бiрыңғай, мерзiмдi анықталып отыратын және олар туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы барлық қажеттi мәлiметтердi құрайтын тiзбесiн бiлдiредi.
      3. Мемлекеттiк тiзілiмге тiркеудi табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) оның аумақтық органдарының ұсынылған ақпаратына сай жүзеге асырады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

2. Мемлекеттiк тiзiлiмдi жүргiзу

      4. Мемлекеттiк тiзiлiм жүргiзудi Қазақстан Республикасының қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлерi туралы мәлiметтердi орталықтандырылған жинау жүктелетiн уәкілетті орган жүзеге асырады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
      5. Мемлекеттiк тiзiлiм осы Ережеге 1-қосымшаға сай Қазақстан Республикасының қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлерiнiң тiзiлiм-журналын бiлдiредi.

3. Мемлекеттiк тiзiлiмге тiркеу шарттары

      6. Мемлекеттiк тiзiлiмге тiркелуге Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес:
      1) оларда мынадай қауiптi заттар (ең жоғары бiржолғы мөлшерде):
      тұтанғыш заттар - қалыпты атмосфералық қысымда және ауамен қосылғанда тұтанатын, қалыпты қысымда қайнау температурасы 20 о C немесе одан төмен, мөлшерi 200 тоннаға тең немесе одан асатын газдар;
      тотықтандырғыш заттар - жануды қалыпты күйде ұстайтын, тұтануды туғызатын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтiргiш экзотермиялық реакциялардың нәтижесiнде басқа заттардың жануына ықпал ететiн мөлшерi 200 тоннаға тең немесе одан асатын заттар;
      жанғыш заттар - технологиялық процесте пайдаланылатын немесе магистральдық құбырмен тасымалданатын мөлшерi 200 тоннаға тең немесе одан асатын сұйықтар, өзiнен-өзi тұтанып жануға, сондай-ақ тұтану көзiнен от алуға және ол көздi жойғаннан кейiн де жаңа беруге бейiм газдар, тозаң;
      жұмсалатын, тауар-шикiзат қоймалары мен мұнай өнiмдерi базаларындағы мөлшерi 3500 тоннаға тең немесе одан асатын жанғыш сұйықтар;
      жарылғыш заттар - сыртқы әсердiң белгiлi бiр түрлерiнен жылу бөле және газ түзе отырып, өзiнен-өзi өте тез таралатын химиялық өзгерiске бейiм мөлшерi 25 тоннаға тең немесе одан асатын заттар;
      уытты және жоғары уытты заттар - тiрi организмдерге әсер ету кезiнде олардың өлiмiне әкеп соқтыруға бейiм және мынадай сипаттамасы бар заттар:
      асқазанға енгiзiлген кезде бiр килограмм салмаққа, қоса алғанда, 200 миллиграмнан аз келетiн өлтiретiн орташа доза;
      терiге енгiзген кезде бiр килограмм салмаққа, қоса алғанда,400 миллиграмнан аз келетiн өлтiретiн орташа доза;
      ауадағы өлтiретiн орташа шоғырлануы бiр литрге, қоса алғанда, 2 миллиграмнан аз келетiн, 1 тоннадан астам хлорға баламалы мөлшердегi;
      биологиялық қауiптi заттар алынатын, өндiрiлетiн, пайдаланылатын, өңделетiн, пайда болатын, сақталатын, тасымалданатын (оның iшiнде магистральдық немесе технологиялық құбырлармен), қоймаға салынатын, түсiрiлетiн (тиелетiн), сатылатын, бейтараптандырылатын немесе жойылатын;
      2) энергетикалық жабдықтар мен электр және жылу станцияларының электр қондырғыларын пайдаланатын;
      3) газ толтырушы станциялар мен сұйытылған газ пункттерi өндiрiстiк аймағының негізгі ғимараттары (үй-жайлары) және құрылыстары пайдаланылатын;
      4) қара немесе түстi металдардың балқытпасы және осы балқытпа негiзiнде қорытпалар өндiрiлетiн;
      5) тұрақты, жылжымалы, қалқымалы бұрғылау қондырғылары және ұңғымаларды жер астында жөндеуге арналған көтергiш агрегаттар пайдаланылатын;
      6) көмiрсутегi кен орындарын игеру: мұнайдың, газдың және мұнай өнiмдерiнiң ұңғымаларын бұрғылау, оларды өндiру, жинау, дайындау, сақтау, өңдеу, тасымалдау жүргiзiлетiн;
      7) пайдалы қазбаларды өндiру мен байыту бойынша кен жұмыстары (кең таралған пайдалы қазбаларды өндiруден басқа), сондай-ақ жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргiзілетiн;
      8) гидротехникалық құрылыстар, қалдықтар қоймалары, І, II және ІІІ сыныпты күл төгу орындары мен шлам жинау орындары пайдаланылатын;
      9) атом энергиясы пайдаланылатын кәсiпорындар және (немесе) олардың цехтары, учаскелерi, алаңдары, сондай-ақ өзге де объектiлер жатады.
      7. Аумақтық органдардың Мемлекеттiк тiзiлiмге тiркеудiң қажеттiлiгi туралы ақпаратын бiрiншi басшы не оның мiндетiн атқарушы тұлға бекiтедi және мыналарды құрауы тиiс:
      қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты кәсiпорындардың және (немесе) олардың цехтарының, учаскелерiнiң, алаңдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң (облыстың, Астана, Алматы қалаларының) өзге де объектiлерiнiң толық тiзбесi. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердiң тiзбесi осы Ережеге 2-қосымшаға сай Заңның 5-бабының талаптарына толық сәйкестiкпен қалыптастырылады;
      көрсетiлген кәсiпорындардың және (немесе) олардың цехтарының, учаскелерiнiң, алаңдарының, сондай-ақ өзге де объектiлердiң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердiң санатына жататынын, сондай-ақ оларды Мемлекеттiк тiзiлiмге тiркеу қажеттiлiгiн растайтын негiздемелiк анықтама.
      8. Мемлекеттiк тiзiлiмге тiркеу аумақтық органдардың Мемлекеттiк тiзiлiмге тiркеу қажеттiлiгi туралы ақпаратты ұсынған сәттен бастап 30 күн iшiнде жүргізiледi.
      Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес келмейтiн объектiлер Мемлекеттiк тiзiлiмге тiркелуге жатпайды.

4. Мемлекеттiк тiзiлiмге тiркеу тәртiбi

      9. Мемлекеттiк тiзiлiмге тiркеу өзiне:
      1) Осы Ереженiң 7-бабына сәйкес Мемлекеттiк тiзiлiмге тiркеу қажеттiлiгi туралы аумақтық органдардың ақпаратын уәкілетті органға ұсынуын;
      2) уәкілетті органның оның аумақтық органдарының ұсынылған ақпаратына сай Мемлекеттiк тiзiлiмге тiркеу туралы шешiмдi қарауын және қабылдауын;
      3) объектiге тиiстi тiркеу нөмiрiн бере отырып, оны Мемлекеттiк тiзiлiмге енгізудi қамтиды.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
      10. Мемлекеттiк тiзiлiм уәкілетті органның бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiледi, қажеттiлiгiне қарай жаңартылып отырады және қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндетті орындауын және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру үшiн оның аумақтық органдарына жеткiзiледi.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

5. Қорытынды ережелер

      11. Мемлекеттiк тiзiлiмге өзгерiстер мен толықтыруларды оның аумақтық органдарының ақпаратына сай уәкілетті орган енгiзедi.
      Аумақтық органдардың Мемлекеттiк тiзiлiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ақпараты қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердiң бұрын тапсырылған тiзбелерiне өзгерiстер мен толықтырулар түрiнде ресiмделедi.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

                            Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру
                               қаупiмен байланысты объектілердi
                            Мемлекеттік тізілімге тiркеу ережесiне
                                           1-қосымша

               Қазақстан Республикасының қызметi үшiншi
           тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты
               объектiлерi тiзiлiм-журналының нысаны

___________________________________________________________________
P/c|Объектiнiң|Объектiнiң|Объектiнiң|Объектілердi|Объектiнi|Мемле-
N |  тіркелу |  атауы   |орналасқан|  қызметі   |Мемлекет-|кеттік
   |  нөмiрi  |          |  жерi    |үшiншi тұл- |тiк тiзі-|тiзілiм-
   |          |          |          |ғаларға зиян|лiмге ен-|ге өзге-
   |          |          |          |  келтiруi  |гiзу үшiн|рiстер
   |          |          |          |мүмкiн объ- |негiзде- |мен то-
   |          |          |          |ектілер са- |мелер    |лықыты-
   |          |          |          |натына жат- |         |рулар
   |          |          |          |қызудың өл- |         |
   |          |          |          |  шемдерi   |         |
___________________________________________________________________
1      2          3          4          5            6        7
___________________________________________________________________

                            Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру
                               қаупiмен байланысты объектілердi
                            Мемлекеттік тізілімге тiркеу ережесiне
                                           2-қосымша

               Қызметi үшінші тұлғаларға зиян келтiру
              қаупiмен байланысты кәсiпорындар және
                (немесе) олардың цехтары, учаскелерi,
               алаңдары, сондай-ақ өзге де объектілер
                         тiзбесiнiң нысаны

___________________________________________________________________
P/c | Ұйымның |Объектінің |  Объектілерді  | Объектiнi  | 
  N  | атауы   |  атауы    | қызметі үшiншi |Мемлекеттiк | Ескерту
     | (орна-  |(орналасқан|тұлғаларға зиян | тiзілiмге  |
     | ласқан  |   жерi)   |келтiруi мүмкiн |енгiзу үшiн |
     | жерi)   |           |объектілер сана-|негiздемелік|
     |         |           |тына жатқызудың |  анықтама  |
     |         |           |   өлшемдерi    |            |
___________________________________________________________________
  1       2         3              4              5          6
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады