Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1368 Қаулысы

      Қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасы периметрiнiң бойындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң қарамағына берiлген аумағынан Қазақстан Республикасы азаматтарының көшiрiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 273382963 теңге сомасында қаражат бөлiнсiн.

      2. Көрсетiлген қаражат мыналарға бөлiнедi деп белгiленсiн:
      267339159 теңге - жылжымайтын мүлiкке өтемақыға;
      3767900 теңге - 50 еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiнен әрбiр отбасының көлiктiк шығыстарын өтеуге;
      1750695 теңге - 5 еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiнен отбасының әрбiр мүшесiне бiр жолғы жәрдемақы төлеуге:
      525209 теңге - қолданыстағы заңнамада белгіленген мөлшерде 3 тәулiкке арналған есеппен отбасының әрбiр мүшесiне тәулiктiк шығыстарды төлеуге;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi тағайындалған сәтiне есептеледi.

      3. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне бөлiнетiн қаражатты тиiмдi игеру мақсатында кейiннен аккредитивтi 2005 жылы ұзарта отырып, ағымдағы қаржы жылында аккредитив ашуға рұқсат етiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады