Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне аккредитивтер ашу және олардың қолданылу мерзiмдерiн ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1373 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Республикалық бюджет комиссиясының:
      1) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне: 005 "Мемлекеттiк дерекқор құру", 007 "Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiн құру", 008 "Мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру", 011 "Мемлекеттiк қаржының бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiн құру" бюджеттік бағдарламалар бойынша "Прайя" жауапкершiлiгі шектеулi серіктестігімен жасасқан 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 108 және 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 106, "СофтИнженер" жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiгiмен жасасқан 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 104 және 2004 жылғы 31 тамыздағы N 70, "IТ Research Center" жауапкершiлігі шектеулi серiктестiгiмен жасасқан 2004 жылғы 16 қарашадағы N 93 және 2004 жылғы 1 қарашадағы N 87, "Naytov Inc" жабық акционерлiк қоғамымен жасасқан 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 110 және 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 105, "New Age Technologies" жабық акционерлiк қоғамымен жасасқан 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 96, "Глотур" акционерлiк қоғамымен жасасқан 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 114, "VAN Company" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгімен жасасқан 2004 жылғы 3 тамыздағы N 64, "Алси" жауапкершiлiгі шектеулi серіктестігімен жасасқан 2004 жылғы 8 қарашадағы N 92, "Логиком" акционерлiк қоғамымен жасасқан 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 107, "Тенгиз Копир Ақмола" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiмен жасасқан 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 111, "Бұлақ-GROUP" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiмен жасасқан 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 113, "Сименс" акционерлiк қоғамымен жасасқан 2004 жылғы 2 қарашадағы N СОМ-FN4-BA12-KAZ-NII/88-1 шарттарға сәйкес аккредитивтердi ашу туралы;
      2) аккредитивтердiң қолданылу мерзiмдерiн осы қаулының 1) тармақшасында көрсетілген шарттар бойынша, оның iшiнде:
      N 64, 70, 87, 93, 96, 104, 108, 110, 111 шарттар бойынша 2005 жылғы 1 наурызға дейін;
      N 92, 105, 106, 107, 113, 114, N СОМ-FN4-BA12-KAZ-NII/88-1 шарттар бойынша 2005 жылғы 15 наурызға дейін ұзарту туралы ұсынысымен келісілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады