Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне аккредитив ашу және оның қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1408 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Республикалық бюджет комиссиясының Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетiне 006 "Әуе көлiгі инфрақұрылымын дамыту" бюджеттiк бағдарламасы, 016 "Жобаны республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру есебiнен iске асыру" кiшi бағдарламасы бойынша 2004 жылғы 23 тамыздағы қаржыландыруға арналған шарт және 2004 жылғы 27 желтоқсандағы оған қосымша Келiсiм бойынша Siemens-Marubeni-Laing-Alarko Консорциумына салықтарды және кеден баждарын өтеуге аккредитив ашу және оның қолданылу мерзiмiн 2005 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысымен келiсілсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi белгiленген тәртiппен аккредитив ашсын және оның қолданылу мерзiмiн ұзартсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады