Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1423 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Майкл Уилсон және Әрiптестер Лтд." компаниясы Қазақстан Республикасы мен "Шеврон Оверсиз Компани", "ШевронТексако Оверсиз Петролеум Инк.", "ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.", "ЛУКАРКО Би- Ви", "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы және "Теңiзшевройл" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасындағы Сату туралы келiсiмге және Қазақстан Республикасы мен "ШевронТексако Оверсиз Петролеум Инк." компаниясы арасындағы Төлем туралы келiсiмге қол қоюға байланысты мәселелер бойынша сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар заң қызметтерiн көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген компаниямен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қаражатының есебiнен 45000000 (қырық бес миллион) теңге сомасына заң қызметтерiн көрсетудi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімдi жұмсау қағидатының сақталуын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi В.С.Школьникке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады