Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы)
Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Yкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi