Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Республикалық бюджет комиссиясының:
1) Оңтүстік Қазақстан облысының Бiлiм департаментiне республикалық бюджеттен берілетін нысаналы инвестициялық трансферттер есебiнен iске асырылатын инвестициялық жоба бойынша "Темірәлi" жауапкершiлігі шектеулі серіктестігінің Шымкент филиалымен жасалған 2004 жылғы 23 сәуiрдегі N 6 шарт және 2004 жылғы 28 желтоқсандағы оған қосымша келісім бойынша аккредитив ашу туралы;
2) аккредитивтiң қолданылу мерзiмiн 2005 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы