1. 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған 1996 жылғы 12 сәуiрдегі Преференциялардың жалпы жүйесi шеңберiнде тарифтiк преференциялар беру кезiнде дамушы елдер тауарларының шығу тегін айқындау ережесi туралы келiсiмде көзделген Преференциялардың жалпы жүйесi шеңберiнде тарифтiк преференциялар беру кезiнде дамушы елдер тауарларының шығу тегiн айқындау ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
1996 жылғы 12 сәуiрдегi Преференциялардың
жалпы жүйесi шеңберiнде тарифтiк преференциялар
беру кезінде дамушы елдер тауарларының шығу тегін
айқындау ережесi туралы келiсiмде көзделген
Преференциялардың жалпы жүйесi шеңберiнде тарифтiк
преференциялар беру кезiнде дамушы елдер тауарларының
шығу тегiн айқындау ережесiне өзгерістер мен
толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА
Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердiң Үкiметi
төмендегілер туралы келiстi:
1. Преференциялардың жалпы жүйелерiнiң шеңберiнде тарифтiк преференциялар берген кезде дамушы елдер тауарларының шығу тегiн айқындау ережесi туралы 1996 жылғы 12 сәуiрдегi Келiсiмде көзделген Преференцияларының жалпы жүйелерiнiң шеңберiнде тарифтiк преференциялар беру кезiнде дамушы елдер тауарларының шығу тегiн айқындау ережесiнiң 5-тармағында:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарифтiк преференциялар таратылатын дамушы елдегi тауарлардың шығу тегiнiң куәландыруда тауарды жылжытатын тұлға тауардың шығу тегi туралы Преференциялар жалпы жүйелерiнiң шеңберiнде қабылданған "А" нысаны бойынша тауардың шығу тегi туралы декларация-сертификаттарын ресiмдеуге қойылатын талаптарға сәйкес (қоса берiледi) толтырылатын "А" нысаны бойынша декларация-сертификат (бұдан әрi - сертификат) бередi".
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сертификатты басылған түрде орыс немесе ағылшын тiлiнде кеден органы бередi. Сертификат анықтамалық (тiркеу) нөмiрiн қолмен жазу түрiнде елеусiз түзетуге және нұсқамаларға жол берiледi. Оларды енгiзу тәртiбi "А" нысаны бойынша тауардың шығу тегi туралы декларация-сертификаттарын ресiмдеуге қойылатын талаптарда жазылған.".
2. Осы Хаттама қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және оған қол қойылған мемлекеттер осы Хаттаманың күшiне енуiне қажеттi мемлекеттiк мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы үшiншi хабарламаны депозитарийге сақтауға берген күннен бастап күшiне енедi.
2002 жылғы 7 қазанда Кишенев қаласында орыс тiлiндегi бiр түпнұсқада жасалды. Түпнұсқалық данасы оның куәландырылған көшiрмесiн осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке жiберетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Хатшылығында сақталады.
Әзірбайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшін
Белорусь Республикасының Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Грузия Үкiметi үшін Түркiменстан Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының Украина Үкiметi үшін
Үкiметi үшін
Преференциялардың жалпы
жүйелерiнiң шеңберiнде тарифтiк
преференциялар берген кезде дамушы
елдер тауарларының шығу тегiн
айқындау ережесi туралы 1996 жылғы
12 сәуiрдегi Келiсiмде көзделген
Преференциялардың жалпы
жүйелерiнiң шеңберiнде тарифтiк
преференциялар беру кезiнде
дамушы елдер тауарларының шығу
тегiн айқындау ережесiне өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы
хаттамаға қосымша
Тауардың шығу тегi туралы "A" нысаны бойынша
декларация-сертификаттарды ресiмдеуге қойылатын
талаптар
Жалпы ережелер
Тауардың шығу тегi туралы "А" нысаны бойынша декларация-сертификаттың бланкiсi (бұдан әрi - сертификат) типографикалық тәсiлмен қорғаныштық торы бар немесе қорғаныштық түстi алаңы бар қағазда дайындалады (ағылшын және орыс тілдерiндегi сертификаттың үлгiлерi қоса берiледi).
Сертификатты толтыру жөнiндегi ескертулер сертификат толтырылатын тiлде қандай болса, сондай-ақ қандай да бiр басқа тiлде бланкiнiң сыртқы жағына типографикалық тәсiлмен басылады не толық немесе жартылай болмауы да мүмкiн.
Сертификат компьютердiң баспа қондырғысының көмегiмен немесе басу машинасында толтырылуы тиiс (төменде көрсетiлген жекелеген түсiнiктемелердi қоспағанда).
Сертификатта қандайда бiр тазартулар мен ластанулардың болуына жол берiлмейдi.
Сертификатқа енгiзілетiн түзетулер қате деректердi сызу және қажеттi мәлiметтердi басу жолымен жүргiзiлуi мүмкiн. Әрбiр мұндай түзету сертификат беруге уәкiлеттi құзыреттi органның мөрiмен куәландырылады.
Бiр сертификатта бiрнеше тауар туралы мәлiметтер жазылуы мүмкiн.
Сертификатта мiндеттi түрде анықтамалық (тiркеу) нөмiрi қойылуы, сондай-ақ 1,5 (сертификатта бiрнеше тауар көрсетiлгенде), 7, 8, 9, 11, 12-бағандар толтырылуы тиiс.
5, 6, 7, 8, 9, 10-бағандардағы пайдаланылмаған орын оларға қандай да бiр қосымша мәлiметтер енгiзудi болдырмау мақсатында сызылуы тиiс.
Сертификаттың оң жақ жоғарғы бұрышында орналасқан баған
Сертификаттың анықтамалық (тiркеу) нөмiрi көрсетiледi. Сертификаттың анықтамалық (тiркеу) нөмiрiн қолмен жазуға болады. Сертификат берiлген елдiң атауы көрсетiледi.
1-баған
Тауардың экспортерi (жеткiзушi) болып табылатын тұлғаның (тауар сатушысының, оның iшiнде тауар өндiрушiнiң немесе өзге тұлғаның, егер оған тауарды жеткiзуге құқық берiлген болса) атауы мен мекен-жайы көрсетiледi.
2-баған
Тауарды алатын тұлғаның атауы мен мекен-жайы көрсетiледi. Сертификат беретiн сәтте тауарды нақты алушы айқындалмаған жағдайда бағанда "to оrdеr" ("пайдаланылуына қарай") немесе тауарды импорттайтын Преференциялардың жалпы жүйелерiнiң шеңберiнде тарифтiк преференциялар берген кезде дамушы елдер тауарларының шығу тегiн айқындау ережесi туралы 1996 жылғы 12 сәуiрдегi келiсiмге қатысушы мемлекеттiң сертификат толтырылатын тiлдегi атауы көрсетiледi.
Сонымен қатар тауарды нақты алушының атауы мен мекен-жайын "to оrdеr" ("пайдаланылуына қарай") деген жазудан немесе тауарды импорттайтын Преференциялардың жалпы жүйелерiнiң шеңберiнде тарифтiк преференциялар берген кезде дамушы елдер тауарларының шығу тегiн айқындау ережесi туралы 1996 жылғы 12 сәуiрдегi келiсiмге қатысушы мемлекеттiң сертификат толтырылатын тiлдегi атауынан кейiн толықтырып басуға жол берiледi.
3-баған
Тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау бағыты туралы мәлiметтер (қаншалықты белгiлi болса) көрсетiледi.
4-баған
Арнайы белгiлеулер үшiн пайдаланылады.
Бүлiнген не жоғалтқан сертификатты ауыстырып берген жағдайда оның телнұсқасының 4-бағанына тауарды шығарушы елдiң уәкiлеттi органы "duplicate" ("телнұсқа") деген белгi жасайды. Осы ретте сертификат телнұсқасының әрекет ету мерзiмi сертификаттың түпнұсқасын берген күннен бастап есептеледi.
Егер де сертификат тауарды жөнелткеннен кейiн берiлген болса, онда бағанда "issued retrospectively" ("кейiннен берiлдi") деген белгi жасалады.
Тауарды шығарушы елдiң уәкiлеттi органы қандай да бiр себептермен бұрын берiлген сертификаттың күшiн жойғанда жаңадан берiлген сертификаттың 4-бағанына күшi жойылған сертификаттың нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып "issued instead" ("ауыстырылып берiлдi") деген жазба енгiзiледi.
Бағанды толтырмауға болады.
5-баған
Бiр сертификатта бiрнеше тауарлар туралы мәлiметтер жазылған жағдайда әрбiр тауардың алдында оның сертификаттағы реттiк нөмiрi көрсетiледi.
Бағанды толтырмауға болады.
6-баған
Жүк орындары мен таңбалау саны туралы деректер көрсетiледi. Егер де сертификатта бiрнеше тауарлар туралы мәлiметтер көрсетiлетiн болса, онда деректер аралықтарсыз жазылады немесе бұл аралықтар сызылады.
"nо marks" ("таңбалаусыз") деп жазуға болады.
Бағанды толтырмауға болады.
7-баған
Тауардың коммерциялық атауы, оның моделi, маркасы, модификациясы, артикулы, тауарды кедендiк ресiмдеудiң мақсаты үшiн жазылғандармен дәлме дәл сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн басқа деректерi, сондай-ақ өлшеп орау, орамының түрi және тауар орнының саны көрсетiледi.
Егер тауарды сипаттауға бағандар жолында орын жетпесе сертификат берген құзыреттi ұлттық органның мөрiмен куәландырылуы тиiс (11-бағандағы бедер қосымша парақтағы мөрдiң бедерiмен сәйкес келуi тиiс), сертификаттың анықтамалық (тiркеу) нөмiрiн көрсете отырып, қосымша парақтар пайдалануға болады. Сертификаттың сыртқы бетiне тауар сипаттамасын толтыруға болмайды.
Осы бағанда келiсiм-шартқа ерекшелiкке сiлтеме болған жағдайда соңғы көшiрме сертификат берген ұлттық құзыреттi органның мөрiмен куәландырылуы тиiс.
Егер сертификатта бiрнеше тауарлар туралы мәлiметтер көрсетiлген болса, онда тауарлардың сипаттамасы олардың арасындағы арақашықтықсыз жүргiзiледi немесе бұл арақашықтықтар сызылады.
8-баған
Тауардың шығу тегiнiң критерийлерi көрсетiледi:
"Р" - тауар толығымен экспорт елiнде шығарылған.
"Y" (дайындаушы франко-зауыттың бағасының базасында айқындалатын экспортталатын тауардың құнындағы басқа елде шығарылған немесе тауарларды өндiруде пайдаланылған шығу тегi белгiсiз шикiзаттық материалдардың, жартылай фабрикаттардың немесе дайын бұйымдардың құнының пайыздық үлесiн көрсете отырып, мысалы, "Y15%") - тауар өңдеуге немесе қайта өңдеуге тартылған;
"Рк" - Преференциялардың жалпы жүйелерiнiң шеңберінде тарифтiк преференциялар берген кезде дамушы елдер тауарларының шығу тегiн айқындау ережесi туралы 1996 жылғы 12 сәуірдегi келiсiмге қатысушы мемлекеттiң тарифтiк преференциалдық режимi таратылатын елдердiң бiрiнде шығарылған және осындай басқа (бip немесе бiрнеше) елде өңдеуге немесе қайта өңдеуге тартылған.
Тауардың шығу тегiнiң критерийлерi сертификаттың 7-бағанында жазылған әрбiр тауар үшiн белгiленуi тиiс.
Егер сертификатта бiр бөлiгi Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлесiмдендiрiлген жүйесiнiң бiр төрт белгілік тауар позицияларына топтастырылатын әртүрлi тауарлар жазылатын болса, онда 8-бағанға осы төрт белгiлiк позициялардың барлық тауарлары үшiн шығу тегi критерийлерiн бiр әрiптiк белгiмен көрсетуге болады.
9-ба ған
Тауардың салмағы (брутто) немесе тауардың саны туралы өзге деректер көрсетiледi.
10-баған
Фактура-шоттың (инвойса) немесе проформа-шоттың нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Бағанда бiр жалпы фактура-шот (инвойс) немесе сертификатта жазылған барлық тауарлар үшiн проформа-шот және қажет болғанда кейбiр жекелеген атаулы тауарлар үшiн бiрнеше фактура-шоттар (инвойстар) немесе проформа-шоттар көрсетiлуi мүмкiн.
Егер сертификат берген сәтте фактура-шот немесе проформа-шот туралы сертификаттың 1-бағанында көрсетiлген деректер белгiсiз болса 10-бағанды толтырмауға болады.
11-баған
Бағанда сертификатты куәландыру күнi мен орны, тауарлардың шығу тегiн куәландыруға уәкiлеттi органның атауы мен мөрi туралы деректер, сондай-ақ сертификаттың дұрыстығын растауға уәкiлеттi көрсетiлген орган лауазымды тұлғасының қолы болады.
Мөр анық бедерден тұруы тиiс, бұл оның түпнұсқалығын растау қажеттiлiгi туғанда сәйкестендiруге мүмкiндiк бередi.
Қол қою сертификаттың дұрыстығын растайтын қосымша ақпарат ретiнде қаралады.
12-баған
Жоғарғы жолда тауарды шығарған елдiң атауы көрсетiледi.
Ортаңғы жолда тауарды тағайындаған елдiң атауы көрсетiледi.
Төменгi жолда сертификатты толтыру орны мен күнi көрсетiледi. Сертификатта келтiрiлген мәлiметтерге осы бағанда 1-бағанда көрсетiлген экспортердiң уәкiлеттi тұлғасы (жеткiзушiсi) қол қояды. Бағанда экспортер (жеткiзушi) мөрiнiң болуына жол берiледi, бiрақ ол мiндеттi талап емес.
____________________________________________________________________
1. Экспортер (экспортердiң атауы, | N
мекен-жайы, елi) | ПРЕФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ ЖҮЙЕСI
|
| ТАУАРДЫҢ ШЫҒУ ЕЛI ТУРАЛЫ
| СЕРТИФИКАТ
__________________________________ | (Декларация-сертификат)
2. Алушы (импортердiң атауы, | А нысаны
мекен-жайы, елi) | .................. берiлдi
| (eлгe)
|Сыртындағы түсiнiктеменi қараңыз
___________________________________|________________________________
3. Көлiк құралы және жүру бағыты | 4. Ресми белгілер үшiн
(қаншалықты белгілi) |
|
___________________________________|________________________________
5. N| 6. Мағына-| 7. Орамдардың | 8. Шығу |9. Брутто- |10. Шоттың
| лары және | нөмiрлерi мен |тегінiң |дағы салма-| нөмiрi
| орамдардың | түрлерi, |критерий-|ғы немесе | мен күнi
| саны | тауардың | лерi | тауардың |
| | сипаттамасы |(сыртын- | саны |
| | | дағы | туралы |
| | |түсiнiк- | басқа |
| | | теменi | деректер |
| | |қараңыз) | |
____|____________|_________________|_________|___________|__________
11. Куәлік | 12. Экспортердің декларациясы
Осы құжатпен өтініш берушінің | Төменде қол қойғандар жоғарыда
декларациясы нақтылыққа сәйкес |көрсетілген барлық мәліметтер
келетін куәландырылады |нақтылыққа сәйкес келетінін,
|барлық тауарлар
|................ жасалғанын
| (ел)
|
| және олар ...... экспортталатын
| (импортталатын ел)
|
..................... |......................
|
мөр орны, күні, қолы | мөр орны, күні, қолы
____________________________________________________________________