Анықтауды бастау және кейбiр кондитер бұйымдары түрлерiнiң импортына уақытша қорғау шараларын енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1448 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес және iшкi рынокта тең бәсекелестiк жағдайлар жасау, экономикалық ахуалды тұрақтандыру және отандық өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарларға қатысты анықтауды бастасын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi анықтау рәсiмi аяқталғанға дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлардың импортын лицензиялауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлардың импортына алты ай мерзiмге уақытша қорғау шаралары енгiзiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi тауарлардың импорты кезiнде кеден бажының қолданыстағы ставкасының үстiнен алынатын уақытша қорғау баждарын осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерде депозитке енгiзсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiн анықтаудың басталғандығы және Қазақстан Республикасының уақытша қорғау шараларын қолданатындығы туралы xaбардар етсін.

      6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

                                  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                      2004 жылғы 31 желтоқсандағы
                                             N 1448 қаулысына
                                                  қосымша

             Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн,
            оларға қатысты анықтау рәсiмi басталатын және
                  уақытша қорғау баждары енгiзiлетiн
                            тауарлардың тiзбесi

___________________________________________________________________
        Тауардың атауы        |   ЕурАзЭҚ   |   Уақытша қорғау
                              |   СЭҚ TH    |  бажының ставкасы
                              |   бойынша   | (кедендiк құнының 
                              |тауардың коды| %-мен не евро-мен)
___________________________________________________________________
Құрамында какао жоқ, қоспа      1704907100    21, бірақ 1 кг үшiн
салынған немесе салынбаған                    0,15 евро-дан кем емес
қайнатылған кәмпиттер
Тоффилер, карамельдер және      1704907500    42, бiрақ 1 кг үшiн
құрамында какао жоқ соған                     0,28 евро-дан кем емес
ұқсас тәттiлер
Құрамында алкоголь бар,             180690    32, бiрақ 1 кг үшiн
қоспа салынған немесе                         0,21 евро-дан кем емес
салынбаған шоколадты
кәмпиттер
___________________________________________________________________

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады