Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 349-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 6-жолының 5-бағаны:
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Арнайы жабдықтарды сатып алу - 24 бiрлiк, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 1 бiрлiк, маршрутизатор - 13 бiрлiк, ноутбук - 2 бiрлiк";
6-бағандағы "қаңтар - наурыз" деген сөздер "жыл бойы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулыға 351-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 1-жолының 5-бағанындағы "үздiксiз қоректендiру көздерiмен және лазерлi принтерлi дербес компьютерлер - 304 бiрлiк" деген сөздер "үздiксiз қоректендiру көздерiмен дербес компьютерлер - 409 бiрлiк, лазерлiк принтерлер - 329 бiрлiк, түрлi-түстi лазерлiк принтер - 1 бiрлiк, абоненттiк пункттер - 23 бiрлiк, кондиционерлер - 24 бiрлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулыға 352-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 1-жолының 5-бағаны:
"түрлi-түстi принтер - 1 бiрлiк, сканер - 1 бiрлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
6-баған мынадай редакцияда жазылсын: "жыл бойы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі