Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 197ч қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізілсін:
      1) көрсетiлген қаулыға  220-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында реттiк нөмiрi 6-жолда:
      "техникасын" деген сөзден кейiн "және жиһаздар" деген сөздермен толықтырылсын;
      ", жиһаз - 1 жинақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) көрсетілген қаулыға 230-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағанында "14" деген сандар "213" деген сандармен ауыстырылсын;
      3) көрсетiлген қаулыға 249-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағанында "31" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана қаласы - маммограф - 1," деген сөздерден кейiн "Ересектерге арналған өкпенi жасанды желдеткiш аппараты - 2, дефибриллятор - 1, электрокардиограф - 1, бронхоскоп - 1, электрлi жылытқышы бар матрацтар - 2, үздiксiз плазмоферезге арналған аппарат - 1, плазмоцитоферезге арналған аппарат - 1, УДС аппараты - 1, лапороскопиялық жедел араласуларға арналған бейнеэндоскопиялық кешен - 1, электромеханикалық морцелатор - 1, ультрадыбыстық диссектор - 1, операциялық үстелдер - 2, операциялық электрокоагулятор - 1, дәрілiк заттарға арналған дозаторлар - 4, қан реинфузиясына арналған аппарат - 1, хирургиялық вакуум сорғыштары - 3, оптикалық талшықты ларингоскоптар - 2, жатыр манипуляторы - 1, қанның электролиттерiн жедел айқындауға арналған аппарат - 1, қанның газдарын жедел айқындауға арналған аппарат - 1;" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады