Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 маусымдағы N 197е қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 418-қосымшада:
      2-тармақ ", "Сайлаушылардың тiзiмiн жасаудың, дауыс берудi өткiзудiң, дауыс беру қорытындыларын айқындаудың және сайлау нәтижелерiн анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер Министрiнiң 2004 жылғы 17 наурыздағы N 69-ө өкiмi" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      реттiк нөмiрi 5-жолдың 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарға бiр өлшемдi штрих-код енгiзу жөнiндегi қызметтердi сатып алу";
      көрсетiлген қаулыға 419-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      1-тармақта:
      "штрих-кодтар сканерi - 3400 бiрлiк" деген сөздер "штрих-кодтар сканерi - 3550 бiрлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "13600", "6800" деген сандар тиiсiнше "24111", "7100" деген сандармен ауыстырылсын;
      "ИҚ-портты дауыс беру жинағы терминалдарын жинаушы - 3400 бiрлiк" деген сөздер "ИҚ-портты дауыс беру жинағы терминалдарын жинаушы - 3550 бiрлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ЭЦҚ қалыптастыру жабдығы - 3621 бiрлiк" деген сөздерден кейiн ", штрих-кодтардың жылжымалы сканерi - 3550 бiрлiк, дауыстарды жинақтағышы бар дауыс беру пультi - 3550 бiрлiк, штрих-кодтарды тексеру құрылғысы - 3550 бiрлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      "3446", "3418", "3467" және "3400" деген сандар тиiсiнше "3596", "3568", "3630" және "3550" деген сандармен ауыстырылсын;
      "модем - 3400 бiрлiк" деген сөздерден кейiн ", концентратор -  16 бiрлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      "Real Applications Cluster лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 50 лицензия" деген сөздер "Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу Oracle 9i Database Enterprise - 50 лицензия, Oracle 9i Database Standart Edition - 65 лицензия, Oracle 9i Lite - 800 лицензия" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады