Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 маусымдағы N 197и қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 72-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      реттiк нөмiрi 2-жолдың 5-бағанында:
      1-тармақтың бесiншi абзацы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Сырдария өзенiнiң гидрологиялық режимiнiң нашарлауын және антропогендiк жүктеменiң өсуiн ескере отырып, Шардара су торабынан төмен Кiшi Аралға дейiнгi арнасының су өткiзу қабiлетiн ұлғайту жөнiнде шұғыл және перспективалы iс-шаралар кешенiн әзiрлеу:
      iрi су тораптары аралығындағы осал учаскелердегi өзен арнасының өткiзу (суды, мұзды және қайырды) қабiлетiне баға беру;
      жаз және қыс кезеңдерiндегi арналық процестердiң бағытын анықтау осал учаскелердi және олардың пайда болуының (гидрологиялық, антропогендiк) себептерiн анықтау;
      су тораптарын (Әйтек, Ақлақ және басқалары) қайта жаңғыртудан және қысқы энергетикалық су жiберулердiң ұлғаюынан кейiнгi ықтимал арналық процестердi болжау;
      су тораптарын (Әйтек, Ақлақ және басқалары) қайта жаңғыртудан және қысқы энергетикалық су жiберудің ұлғаюынан кейiнгi ықтимал арналық процестердi бағалау және болжау жөніндегі ақпараттық пакетiн дайындау.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады