Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккендерге Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) желісі бойынша ресми ізгілік көмек көрсету үшін 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 10000 (он мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты деректемелері Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми ұсынған шотқа аударуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы