Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1272 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 56 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының  Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1272  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Мыңбаев                     - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы           Премьер-Министрiнiң орынбасары -
                              Қазақстан Республикасының
                              Индустрия және сауда министрi

Әйтiмова                    - Қазақстан Республикасының
Бiрғаным Сарықызы             Бiлiм және ғылым министрi

Тасмағамбетов               - Алматы қаласының әкiмi;
Иманғали Нұрғалиұлы

      мына:

"Храпунов                   - Алматы қаласының әкiмi"
Виктор Вячеславович

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Храпунов                   - Шығыс Қазақстан облысының әкiмi"
Виктор Вячеславович

      көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Абайдiлдин Талғатбек Жәмшитұлы, Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы, Құлекеев Жақсыбек Әбдiрахметұлы.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады