"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес және минералдық тыңайтқыштармен, тұқым дәрiлерiмен және гербицидтермен қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметінiң
2005 жылғы 28 қаңтардағы
N 72 қаулысымен
бекiтілген
Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының
өнiмдiлігі мен сапасын арттыруды қолдауға
арналған қаражатты төлеу ережесі
1. Осы Өндiрілетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмділiгi мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi - Ауылшарминi) көзделген қаражат есебiнен және шегiнде субсидиялау жолымен өндiрілетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмділiгi мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу тәртiбiн айқындайды.
2. Өндiрілетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмділiгi мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражат (бұдан әрi - субсидиялар) минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрілерiн және гербицидтердi сатушылардан отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілер (бұдан әрi - ауылшартауарөндiрушiлер) сатып алатын минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрілерiнiң және гербицидтердiң құнын iшiнара өтеуге арналған.
2. Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының
өнiмділігі мен сапасын арттыруды қолдауға
арналған қаражатты төлеу тәртiбi
3. Заңды тұлғалар минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрілерiн және гербицидтердi сатушылар болып табылады.
4. Минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрілерiн және гербицидтерді сатып алушылар тiзбесiн Ауылшарминiнің облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналық, қалалық) аумақтық басқармалары (бұдан әрi - Ауылшарминiнiң аумақтық басқармалары) бекiтетiн ауылшартауарөндiрушілер болып табылады.
5. Минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрілерін және гербицидтерді сатушыларды айқындауды Ауылшарминi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң
915-бабына
сәйкес тендерлiк негiзде жүзеге асырады. Сатушыларды айқындау жөнiндегi тендер өткен жоқ деп танылған жағдайда Ауылшармині сатушыларды тендерлiк рәсiмдердi қолданбай-ақ айқындай алады.
6. Ауылшарминi ауылшартауарөндiрушілер үшiн минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатушыларды айқындау кезiнде Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша Ауылшарминi ауылшартауарөндiрушiлермен жасасатын шарттар негiзiнде ауылшартауарөндiрушiлер атынан әрекет етедi.
7. Минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң түр-түрiн, көлемiн, сондай-ақ тендердiң талаптарын Ауылшарминi осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес жасалған шарттар негiзiнде тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде айқындайды.
8. Минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң сатып алынатын көлемi мен түр-түрiн Ауылшарминi жоспарланатын егiс алқабына енгiзудiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес және тиiсті жылға арналған республикалық бюджетте өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды қолдауға көзделген қаражат мөлшерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының облыстары (республикалық маңызы бар қалалар, астана, қалалар) бойынша бөледi.
9. Минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатушыларды айқындау қорытындылары бойынша Ауылшарминiнiң аумақтық басқармалары, сатушылар және ауылшартауарөндiрушiлер арасында минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi жеткiзудiң және мақсатты пайдаланудың белгiленген көлемi шегінде үш жақты шарттары жасалады, онда соның iшiнде, ауылшартауарөндiрушiлердiң оларды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге пайдалану талаптары айтылады.
10. Минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң көлемiн ауылшартауарөндiрушiлер арасында бөлудi Ауылшарминiнiң аумақтық басқармалары Ауылшарминi осы Ереженiң 8-тармағына сәйкес жеткiзген көлем мен түр-түрi шегінде жүргiзедi.
11. Минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатушылар көрсетiлген өнiмдi ауылшартауарөндiрушiлерге сатушыны айқындау процесiнде Ауылшарминi қабылдаған баға бойынша сатады. Бұл ретте ауылшартауарөндiрушiлер сатушыларға минералдық тыңайтқыштар, тұқым дәрiлерi және гербицидтер бағасының 60 пайызын төлейдi.
12. Ауылшартауарөндiрушiлер сатушыдан минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатып алудан бас тартқан жағдайда Ауылшарминінiң аумақтық басқармалары Ауылшарминiнiң аудандық аумақтық басқармалары ұсынған мәлiметтер негізiнде ауылшартауарөндiрушiлердiң бекiтiлген тiзбесiне тиiстi өзгерiстер енгізедi.
13. Ауылшартауарөндiрушiнiң минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi алуы фактiсi бойынша сатушылар, ауылшартауарөндiрушiлер және Ауылшарминiнiң аумақтық басқармалары арасында Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi жеткiзу туралы үш жақты актiге қол қойылады.
Тараптардың минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi жеткiзу және мақсатты пайдалану туралы үш жақты шарттарға, сондай-ақ минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi жеткiзу туралы үш жақты актiлерге қол қоюын Ауылшарминiнiң аумақтық басқармалары қамтамасыз етедi.
14. Субсидиялар осы Ереженiң 5-тармағына сәйкес айқындалған сатушыларға ауылшартауарөндiрушiлер іс жүзiнде сатып алған минералдық тыңайтқыштар, тұқым дәрiлерi және гербицидтер үшiн төленедi.
15. 1 тоннаға (килограмм, литр) бөлiнетiн субсидиялар мөлшерi ауылшартауарөндiрушiлер сатып алған минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң әр түрi бойынша есептеледi және оны Ауылшарминi минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрілерiнiң және гербицидтердiң 1 тоннасы (килограмм, литр) құнының 40 пайызы шегінде бекiтедi.
16. Субсидиялар алу үшiн минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтерді сатушылар ай сайын келесi айдың 15-күнiне, бiрақ тиiстi жылғы 10 қарашадан кешiктiрмей, Ауылшарминiнiң аумақтық басқармаларына мынадай құжаттарды:
Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрілерiнiң және гербицидтердің ауылшартауарөндiрушiлер iс жүзiнде алған көлемi жөнiндегi жиынтық актiнi тапсырады. Жиынтық акт осы Ереженiң 9 және 14-тармақтарында көрсетілген минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтерді жеткiзу және мақсатты пайдалану шартының және минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтерді жеткiзу туралы үш жақты акт негiзiнде жасалады;
минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi жеткізу туралы үш жақты актіні тапсырады.
17. Ауылшарминiнiң аумақтық басқармалары ұсынылған құжаттарды тексередi және заңнамада белгіленген тәртiппен күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бекiтiлген қаржыландыру жоспарларына сәйкес минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатушылардың шоттарына субсидияларды аударады.
18. Ай сайын 25-күнге қарай, бiрақ тиiстi жылғы 1 желтоқсаннан кешiктiрмей, Ауылшарминiнiң аумақтық басқармалары Ауылшарминiне өнiмдiлiктi арттыруды қолдауға субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостардың көшiрмелерiн, сондай-ақ бюджеттiк кiшi бағдарламаны iске асыру туралы есептi тапсырады.
19. Минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтерді қолданған күннен бастап бiр ай iшiнде, бiрақ тиiсті жылғы 1 желтоқсаннан кешiктiрмей, ауылшартауарөндiрушiлер Ауылшарминінің аумақтық басқармаларына Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi мақсатты пайдаланғаны туралы актiнi тапсырады.
20. Ауылшарминiнiң аумақтық басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына Ауылшарминi белгiленген тәртiппен бекiткен сатушыларға субсидиялар төлеуге арналған ведомость пен төлем шотын тапсырады.